Тәжікстан түрік тіліндегі атауларды жаппай парсыландырып жатыр. Аталған елде бұған дейін орыс және араб тіліндегі жер су аттарын ауыстырған болатын. Сондай-ақ Украина да болшевиктік атауларынан бас тартып, ұлттық құндылықтарына мән беруде.
Кеңестік-империялық мұрадан карылу үшін Қазақстанға да осы жолды таңдау керек пе? Айдос Сарымның пікірі бойынша, бұл оңай шаруа емес, дегенмен бұл мәселені шешудің өзіндік амалдары бар екен.
– Кезінде Израильде «Бұл жерде арабтардың жер-су аттары сақталып қалған. Бұл мәселені қалай шешеміз?» деген пікір талас болған. Сонда ел басшылары «Біз арабтардың бірде бір атауын қалдыра алмаймыз. Өйткені бір атаудың өзі арабтардың рухани үстемдігін паш етеді» деген екен. Сондықтан да бізге де большевиктік бағытта қойылған атаулардан жаппай бас тарту керек. Солтүстікті айтпағанда, Оңтүстік өңірдегі Алматыдан бүкіл КСРО-ның картасын көресің. Өкінішке қарай, біз ономастикаға қатысты мортарийді дұрыс пайдалана алмадық, – дейді саясаттанушы.
Айдос Сарым ел үкіметі ономастика мәселесінде болшевиктерден үлгі алуы керек деп есептейді. Мәселен, КСРО кезінде кез келген қалада Ленин, Маркс, Энгелс атындағы және Коммунист көшелері болатын-ды.
– Ономастика комиссиясы қазаққа еңбегі сіңген 400-500 азаматтың тізімін жасауы керек. Аталған тізімге Атилладан бастап, осы кезеңге дейінгі тұлғалардың есімі кіруі тиіс. Міне сол тізім бойынша бірінші санаттағы азаматтардың есімі қалалардың ең басты көшелеріне берілуі керек. Өйткені кейбір аймақтарда жершілдік пен рушылдыққа салынып кетіп жатанымыз жасырын емес… Ал
елге еңбегі нағыз сіңген азаматтардың есімі адам баруға ұялатын көшелерге берілген
– дейді Айдос Сарым.