Банктер қолма-қол теңге үшін жарысқа түсті – бүгіннен бастап Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры салымдар бойынша сыйақыны өзгертті, бұдан былай ұлттық валютадағы депозиттердің табыстылығы артып, валютамен салынғандардікі төмендеді. Алайда сарапшылар қаржы реттеушісінің мұндай қадамының соңы күтпеген тосын сыйларға ұласуы мүмкін, деп ескертуде.
Қаржы мекемелері ұлттық валютадағы өтімділік тапшылығына ұрынды, ақша тапшылығын халық та өткір сезіне бастады. Доллардың өрлеуі мен теңгенің құнсыздануынан кейін кейбір банктер күрделі жағдайға тап болды. Қаржы мекемелері сыртқы қарыздарды төлеуге мүмкіндіктері болмағандықтан дефолт жарияламау үшін (2008 жылы болғандай, — ескерту),
Қазақстанның Ұлттық банкі қазіргі таңда қосымша капиталдандыруға зәру болып отырған банктерге теңге өтімділігін беру бойынша келіссөздер жүргізуде
Бұл турасында Давостағы экономикалық форум барысында баспасөзге сұқбат берген ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді. Атап айтарлығы, премьер банктер өтімділікті жергілікті валютамен сұрап отыр, қазір Ұлттық банк оларды берудің жолдарын қарастыруда.
Сонымен, Ұлттық банктің көптен күтілген қадамы жасалды – 1-ақпаннан бастап жеке тұлғалардың жаңадан ашылған теңге депозиттері бойынша сыйақысы 10-нан 14 пайызға дейін артты. Сөйтіп, реттеуші азаматтардың ақша жинаудың теңгелік банк депозиттері сияқты түріне деген қызығушылығын арттыруды көздеп отыр. Егер халық және компаниялар ақшаны ұқсатудың банкке салу жолын қайтадан қарастыра бастайтын болса, онда бұл ұлттық валютаны нығайтуға септігін тигізуші еді. Әзірше, шетел валютасымен салынған депозиттердің үлес салмағы басым болып тұр. Ол аз болса, Ranking.kz сараптама қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы салмдардың бөлшек нарығындағы долларландыру деңгейінің артуы жалғаса түсуде. Егер бір жыл бұрын халық депозиттерінің құрылымындағы ұлттық валютамен ашылған салынымдар үлесі 39 пайызды құраса, 2015 жылғы желтоқсанның басында мұндай салынымдардың үлесі 17 пайызға азайып, 22 пайыға төмендеді.
Халықтың ақшасын банктерге апаруға ниет білдірмеуі еліміздің бас банкін теңге салымдарының табыстылығын арттыруға мәжбүрлеуде. Шын мәнінде, бұл шара қандай нәтиже беруі мүмкін?
– Пайыздық қойылымдардың артуы банк салымшыларына қалай әсер етуі мүмкін? Банктерге теңгелей қаржы ағылады деп күтудің қажеті жоқ, – дейді экономист, мәжілістің экс-депутаты Валентин Макалкин. – Дегенмен, несиелер бойынша мөлшерлеменің 4 пайызға артуын күтуге болады. Өйткені кез-келген әрекеттің артықшылықтары мен кемшіліктері болуы мүмкін ғой. Ал бұл жерде кемшіліктер көптеу болып тұр. Өйткені бұл тетік халықты несиелеуге әсер етеді: егер банктер қаржыны қарызға жоғары пайызбен алатын болса, ендеше, оны одан да жоғары пайызбен беретін болады, демек, компаниялар несиелерді аз алып, экономика аз өсетін болады.
Жалпы, экономистер қазіргі теңге динамикасы азаматтардың біздің банк және қаржы жүйелеріне ортақ сенімсіздік білдіруіне байланысты деп есептейді.
– Салымшылардың көңіл-күйінде ешқандай төңкеріс болмайды. Долларға ауысқандар енді кері қайтпайды, тіпті доллар депозиттері бойынша табыстылық мүлдем болмаса да, – дейді экономист Петр Своик. –
Адамдарды қазір депозиттер бойынша пайыз емес, теңгенің тағдыры толғандырып отыр. Алайда әзірше лауазымды тұлғалардың ешқайсысы теңге тағдыры жөнінде көңіл көтеретін еш нәрсе айтып отырған жоқ. Керісінше, одан арғы ауытқулар туралы әңгіме қозғауда
Сарапшының айтуынша, теңге бағамын тиянақтау қажет, сонда ол тұрақты әрі болжамалы болады.
– Егер теңге бағамы тиянақталса, адамдардың – алдымен идеологиялық, ал артынан экономикалық өте елеулі қайта бағдарлануы орын алушы еді.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков