Қазақстан өзінің инвестициялық тартымдылығымен және шетелдерден тартылған салымдардың орасан зор көлемін мақтан тұтқанымен, Дүниежүзілік банктің сарапшылары біздің еліміздегі ахуалдың соншалықты жақсы және жайма шуақ емес екенін ескертеді.
Осы тақырыптағы кезекті жартыжылдық баяндамадағы «Қазақстан: Мұнайдың төмен бағасына бейімделу; қиын кезеңдер алда тұр» деп аталған және біздің елімізге бағышталған арнайы бөлімі арналған. Онда осы жүз жылдықтың басынан бері Қазақстанға құйылған шетелдік тікелей инвестициялар (ШТИ) «тұрақты өсімнің жоғарылау тенденциясына» ие екені атап көрсетілген, дегенмен 2007-2008 жылдардағы қаржы дағдарысынан кейін қысқа мерзімдік күрт тербелістер орын алған. Соған қарамастан, ШТИ-дің Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) деңгейіне қарағанда, баяндамада көрсетілгендей, – екіншісіне, яғни ЖІӨ-ге қарағанда – Еуропа мен Орталық Азиядағы орташа нәтижеден оқ озық тұр. Артта, осы өңірдегі ШТИ-дің ең үлкен алушысы, Ресей қалған. Рас, біздің алдымызды Монғолия, Қырғызстан және Түркіменстан орып кеткен. Абсолюттік шамада 2012 жылдың соңында Қазақстанға жалпы сомасы $120 млрд.ШТИ келіп түскен – бұл, шамамен, еліміздің әр тұрғынына $6,8 мыңнан келеді деген сөз.
1-Кесте. 2000-2013 жылдарда Қазақстанға құйылған ШТИ-дің таза ағылып келуі
Дереккөзі: Дүниежүзілік банктің тобы
Алайда бұл цифрлармен масаттануға болмайды, өйткені
2013 жылдары ағылып келген ШТИ-дің үштен бір бөлігі экономиканың бастапқы секторы – мұнай, тау-кен өндіру және ауылшаруашылығы салаларына жұмсалды
Тағы бір үштен бір бөлігі сол өндіруші өндірісте іске қосылған кәсіби және техникалық қызмет көрсетуге инвестицияланған. Ал өндірістік сектор барлық ШТИ-дің оннан бір бөлігін ғана алған, атап айтарлығы, осы мардымсыз қаржының негізгі бөлігі металлургия мен металл бұйымдарын жасау саласының еншісіне келіпті. Қалған ұсақ-түйек инвестициялар азық-түлік өнімдерін, сусындар, темекі бұйымдарын өндіруге, құрылысқа, ақпараттық және коммуникациялар технологиялары мен қаржы қызметтеріне жұмсалыпты.
Дүниежүзілік банк баяндамасының авторлары көрсеткен тағы бір мәселе, — ШТИ-дің жалпы ағымындағы инвестициялық табыстардың қайта құйылған үлесінің өте аз мөлшері. 2005-2014 жылдарды ол орташа есеппен тек 10 пайызды құраған, рас, өткен жылы ол 22 пайызға дейін көтерілген. Осы орайда, дамып келе жатқан елдерде тартылған ШТИ-дің 25-30 пайызы қайта құйылған инвестициялар табысының үлесіне келеді. Осы мәселе бойынша, баяндамада келесі жәйттер атап көрсетілген, біріншіден,
инвесторлардың Қазақстанда алған кірісі инвестицияны қайта құю және өндірісті кеңейту үшін сақталмай, алынып отырады,
ал екіншіден, еліміздегі бар шетелдік инвесторларды сақтауда қиындықтар бар немесе олар елімізде қалып, өздерінің бизнесін кеңейту үшін қабылдаушы ел дұрыс ынталандырмайды.
2-Кесте. Қазақстандағы ШТИ-дің жалпы ағылуының құрамы
Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкі
ШТИ-дің Қазақстанда жұмыс орындарын құрудағы рөлі де көңілді айтарлықтай көншітпейді. Баяндамадағы мәліметтер бойынша, Қазақстанда тіркелген шетелдік компаниялардың үлесіне барлық жұмыс істеушілердің тек 7 пайызы келеді, ал абсолюттік шамада бұл, шамамен, 238 мың жұмыс орнына тең. Жұмыс істеушілердің ең көп үлесі – 27 пайыз — тау-кен өндірісіндегі шетелдік фирмалардың үлесінде, өндірістегі бұл көрсеткіш орташа есеппен – 17, кәсіби қызметте – 17, қаржылық қызметте – 13%, іскерлік қызметте 16 пайызды құрайды.
1-Таблица. Жұмыс орындарының саны: шетелдік жеке меншік және мемлекеттік кәсіпорында
Ескерту: Мемлекеттік басқару және қорғаныс кіргізілмеген, өйткені олар толығымен мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдігінде.
Дереккөзі: Статистика жөніндегі комитет жариялаған мәліметтерге негізделген Дүниежүзілік банкі қызметкерлерінің есептеулері.
Қорыта келе баяндама авторлары ШТИ-дің кірістің өз еліне қайтарылу есебінен төлем тепе-теңдігінің бұзылуы, жергілікті бизнеспен және ішкі еңбек нарығы арасында жағымды байланыстың болмауы, қоршаған ортаға нашар әсер етуі, әлеуметтік күйзелістер және шетелдік компаниялардың ішкі саяси үрдістерге әсер етуі салдарынан инвестиция құйылған елдің ахуалына кері әсер етуі мүмкіндігін еске салады.
Айтпақшы, Дүниежүзілік банк сарапшыларының мәліметтері бойынша, әдетте, Қазақстан негізінен ресурстарға бағдарланған ШТИ-ді тартады, ал нарыққа негізделгені мардымсыз болса, тиімділікке бағдарланған ШТИ жоқтың қасы. 2005-2014 жылдарда тартылған ШТИ-дің жалпы көлеміндегі бұлардың соңғысының үлесі 11 пайызға бағаланады.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков