2013 жылы Астанада Қытай президенті Си Цзинпинь экономикалық қызметтесуді жақсарту үшін Орта Азия елдеріне алғаш рет Жаңа Жібек Жолын салуды ұсынғанда, сарапшылар бірауыздан: «Қытай өте батыл қадам жасап отыр», деп мәлімдеген болатын. «Бір белдеу, бір жол» деп аталған жоба елеулі ықпалға ие болды.
2015 жылғы қарашада Астана Клубының алғашқы кездесуі өтті — Ресейдің, Қытайдың, Қазақстанның, АҚШ-тың, Англияның, Түркияның сарапшылары, бизнесмендері және саяси көшбасшылары жабық есіктің ар жағында Қазақстанның болашақ дамуын талқылады. Оған қатысқадардың бірі Brookings университетінің (США) профессоры Кемаль Киришчи, сарапшылардың не талқылағаны туралы мақала жариялапты, төменде назарларыңызға соның аудармасын ұсынамыз:
«Қытай бастамасы күн тәртібінің шыңырауына шықты.
Біз қатысқан кездесу Орта Аияның үлкен саясатындағы жаңа жаңа динамиканы анықтады. Бір жағынан өзіне өзі сенімді және байсалды Қытай бой көтерсе, екінші жағында басқыншы, бірақ едәуір шаршаған Ресей тұр. Осы екі арада Қытай халықаралық тәртіпте жаңа рөл іздесе (және сол үшін елеулі қор жұмсап отырса), Ресей іссіз қалып отыр. Атап айтарлығы, бұл екі ел ортақ сұрақтарды талқылайтын Шанхай ынтымақтастық ұйымында серіктес болып табылады, сондай-ақ Ресей әлемдегі тәртіп қайта құру бойынша Батыспен текетіресте Қытайдың қолдауына ие болып отыр.
Соған қарамастан, халқы аз Орта Азия елдеріндегі қытайлық бастамалар Ресейдің алаңдаушылығын тудыруда, өйткені ол бұл аймақта болуға үйреніп қалған. Осы орайда, Қазақстанның неғұрлым бай ел ретінде қытайлық жобадан басқалардан ұтары көп. Сондай-ақ ел басшылығы жаңа үлкен ойынның нәтижелері соншалықты айқын емес және олардың геосаяси кеселдерге ұшыратуға мүмкін екендігін мойындап отыр.
Қытай «Бір белдеу, бір жол» жобасы Орта Азия елдерінің экономикалық дамуының және әл-ауқатын көтеру тетігін іске қосатын игі іс екеніне сендіріп, баурап алғандай. «Жаңа Жібек Жолы» елдерімен өзара келісім туралы бірталай меморандумдарға қол қойған Қытай Жібек Жолының $40 миллиардтық Қорын және $100 миллиардтық Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкін Қытай мен Еуропа арасында салынып жатқан инфрақұрылымды, ішінара болса да, қаржыландыруды қамтамасыз етуге пайдаланбақ. Сондай-ақ, Қытай Дүниежүзілік банкпен, Азиялық даму банкімен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен қызметтесу қосымша қаржыландыруды жұмылдыруға көмектеседі деген үміт артуда. Сөйтіп, Қытай кезекті рет халықаралық экономикалық жобаларды жүргізудегі шеберлігімен мақтана алады. Қазақстан үкіметінің осы бастаманың орталығы болу үшін жанын салып жатқанына таңданудың реті жоқ. Өйткені жекелеген тиімділіктерден бөлек
Қытайдан ивестициялар толқыны күтілуде, олар өте орынды болады – ел экономикасы мұнай бағасының құлдырауы және Ресейге қарсы салынған экономикалық санкциялардың жанама әсері салдарынан қатты жапа шекті
Астана Клубының қарашадағы кездесуінде премьер-министр Кәрім Мәсімов және қазақстандық тараптың басқа спикерлері де елдің орналасуы қытайлықтар жанталаса іздеп жатқан байланыстырушы буын болуға тамаша мүмкіндіктер беріп отырғанын атап өтті. Көзге бірден ұратын өзгешеліктерге қарамастан (жер өлшемін, теңізге шығу жолының жоқтығын, теңіз порты жоқтығын, экономика тұрғысынан алғанда нашар көршілерді қосқанда)
Қазақстан өзін ортаазиялық Сингапур ретінде көргісі келеді
яғни, ел басшылығы Еуропаға қытайлық тауарлады тасымалдаудың негізгі дәлізі болып қана қоймай, одан да жоғары мақсаттарға қол жеткізбек. Қазақстан басшылығы Астанада ағылшын құқығына негізделген аймақтық қаржы орталығын құруға ұмтылуда, сондай-ақ жаңа еркін сауда аймақтарын құруға ұмтылуда.
«Бір белдеу, бір жол» геосаясаты белгілі қиындықтар тудыруы мүмкін. Астана клубы мәжілісінде Қытай тарапы бастаманы барлығы үшін толық жеңіс ретінде бағалады және өз елін қатаң күшті пайдалануға ниеті жоқ «аңғал алып» ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, жобаның аймақтағы ықпал үшін күресте жекелеген саяси астарлары бар.
Ресейлік тарап жобаға қатысты өзінің қауіптерін жасыруға тырысқан жоқ, ол қазіргі транзиттік бағдарлар өзгерсе Ресейдің саяси және экономикалық мүдделеріне нұқсан келетінін толық мойындады.
Бұл қауіптер ресейлік және ортаазиялық джихадистерді және Таяу Шығыстағы басқа экстрмистерді қосқанда, аймақтық қауіпсіздік мәтінінде де білінуде. Атап айтарлығы, ресейлік тараптың ауанынан: «бұл біздің үйіміздің артқы іргесі, бізбен келіспей, ол жерде ешнәрсе істелмейді» деген ой айқын білініп тұрды.
Жоба қаншалықты жағымды қабылданғанмен, қазақстандық басшылық сақтық сақтап отыр. Бір жағынан Қазақстанның экономикасындағы және атап айтқанда, саясатындағы ресейлік қатысушылықтан құтылуға болады. Екінші жағынан, «Бір белдеу, бір жол» жобасы бір үлкен ағаны басқа үлкен аға алмастыратын айқын түсіну бар.
Аймақтың геосаясатындағы АҚШ пен ЕО мүдделілігінің және қатысуының нүктелері қайда? Джон Керридің жақындағы сапарына қарамастан (айтпақшы, АҚШ сыртқы істер министрінің соңғы бес жылдағы алғашқы сапары), Вашингтон Орта Азиядан жетерліктей алшақ жатыр. ЕО-ның басы басқа басымдықтарға қатып жатыр – босқындар дағдарысы мен терроризм. Дегенмен нақты сұрақ орын алып отыр: Еуропаны «Бір белдеу, бір жол» және осы жобаға байланысты Қытай мен Орта Азия арасындағы байланыстың арта түсуі толғандыра ма, жоқ па? Қазіргі таңда осы тақырып бойынша бірнеше ел ғана өз ұстанымдарын білдірген, олардың ішінде, Ұлыбритания, Венгрия және Польша бар. Еуроодақтың ортақ пікірі әлі күнге дейін жарияланған жоқ.
Тізгіндесіп жатқан Ресей мен Қытайдың арасында қалған Қазақстан жаңа халықаралық тәртіп үшін күрестің алғы шебінде тұрған жоқ.
Әзірге, түбінде Қазақстан мен оның көршілерінде қандай мөлшердегі саяси және экономикалық еркіндік болатыны түсініксіз
Сондай-ақ, бұл ойынға АҚШ пен ЕО-ның не қатысатыны, не қатыспайтыны да белгісіз. Сондықтан «Жаңа үлкен ойын», кем дегенде, 19 ғасырдағы болған осындай ерекше сипатта, яғни тек Қытай мен Ресей арасында ғана болуы мүмкін. Тек үлкен сұрақ тұр – бұл Батыс пен Қазақстанның өз мүдделері үшін қызмет ете ме екен?»
Дереккөзі: Brookings
Орысшадан адарған Қайрат Матреков