Теңгенің құнсыздануы жалғасуда. Доллардың биржалық бағамы 332 теңгеге дейін өсті. Экономистерді теңге бағамының орын алып отырған бей-берекетсіздігі алаңдатып отыр.
Саудалардың көлемі мен сипатынан Ұлттық банктің «қолы» айқын көрінеді, алайда әзірше мұндай «реттеудің» мақсаты түсініксіз – теңге американдық долларға қатысты рекордтық деңгейге дейін төмендеді, бірқатар экономистер теңгенің ары қарай құлдырауын болжап отыр.
– Мәселе қандай негізгі іргетастық себептердің мұндай құлдырауды ақтап отырғандығында, – дейді Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры Жәнібек Айғазин. – Мұндай факторлар небәрі екеу: әлемдік нарықтағы мұнай бағасы жеті жыл бұрынғы деңгейге дейін құлдырады. Мұнай ғана емес, барлық табиғи ресурстардың бағасы құлдырауы салдарынан елге келетін валюта түсімі де төмендеді, тиісінше, теңге бағамы құлдырауда.
Екіншісі – Ұлтттық банктің саясаты. Бір жыл ішінде Ұлттық банк теңге бағамын қолдауға 10 млрд жұмсаған. Бүгінгі күні еліміздің бас банкінің саясаты түсініксіз. Міне, осы екі фактор теңге бағамының бүгінгі күнгідей деңгейге дейін құлдырауына әкеліп соқты.
– Қазір ФРЖ мәжілісінің қарсаңында доллар өсу үстінде, бұл кездейсоқтық па?
– Егер Федрезерв (АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі, — ескерт.) мөлшерлемені көтерсе, бізді мықты доллар дәуірі күтіп тұр. Бұл – қазір бірінен кейін бірі девальвацияны басынан кешіріп жатқан шикізат есебінен күн көріп отырған елдердің барлығына қиын болады деген сөз. Доллардың күшеюі мұнай бағасының одан ары құлдырауына әкеп соғуда.
– Жақында бағам бір долларға 400 теңге болады деп жазуда.
– Мен ондай дәл болжам бере алмаушы едім. Бүгін экономикадағы барлық процестер ретсіз, қандай да бір фактордың әсерін тікелей бағалау мүмкін емес. Қазір экономистердің көпшілігі қарапайым көріпкелдікпен айналысуда. Десек те… қазір адамдарға теңгенің долларға шаққандағы бағамы бәрібір сыңайлы. Нарыққа қараңызшы – қазір бәрі жиған-тергенін жай жұмсап жатыр.Теңгеге мүлдем сенім жоқ.
– Басқа жағынан, үкімет үнемі долларсыздандыру, ұлттық валютаға сенім туралы айтуда, бірақ қазіргі жағдайда олардың ешқайсысы мүмкін емес сияқты. Бірқатар экономистер Ұлттық банктің қазіргі саясатын құнсыздануға одан ары ашылған «даңғыл жол» ретінде бағалап отыр. Бұл пікір қазір одан ары нығая түсуде. Қалай ойлайсыз, осындай бағамда ұлттық валютаға сенім туралы әңгіме қозғауға бола ма?
– Мәселе бағамда емес, тұрақтылықта. Бағам 2-3 теңгенің ар жақ бер жағындағы бір орынға тұрақтаса, сенімнің оралуы мүмкін. Жақында «Даму» қоры төрайымының сұқбатын көрдім, ол нарықта ұзын теңгенің жоқ екендігі туралы айтты. Осы орайда, мені бір сұрақ толғандырады: доллар бағамы төңірегіндегі осы дүрбелең теңгеге деген сұранымнан асып түсе ме екен… Әзірге, нарықтағы теңге тапшылығы жағдайында нарықтағы оған деген сұраныс…
Орысшадан аударған Қайрат Матреков