Қазақстанға Ресеймен ортақ валютаға көшетін кез келді, ол рубль болуы мүмкін — мұндай пікірді өткен аптада Тәуелсіз Кәсіпкерлер Ассоциациясының (ТКА) президенті Талғат Ақуов айтты.
„Время„ газетіне берген сұқбатында Талғат Ақуов Қазақстан екі валютаның — доллар мен еуроның — ашық айналымына тыйым салу керек, ал содан кейін ЕАЭО-ға қатысушы елдермен бірге ортақ валютаға көшу қажет, ол ресейлік рубль болуы мүмкін деп мәлімдепті.
Шынымен, еуразиялық ортақ валюта құру мәселесі бірнеше жылдан бері ЕАЭО-ның барлық елдерінде қызу пікірталастар тудырып келеді. Кейбір сарапшылар мұндай қадам болашаққа бет алған көшті кері тартып, КСРО дәуіріне оралуды білдіреді десе, басқалары керісінше, ортақ валютаға көшуді бізді барлық дағдарыстардан құтқаратын дауа санайды. Ал үшінші топтағы сарапшылар ортақ валюта түбі болады, бірақ ол… бүгін не ертең пайда болмайды деп санайды. Белгілі қазақстандық экономист Петр Своик осындай көқарасты ұстанып отыр.
— Егер біз алдымен Кеден одағын, ал одан кейін Еуразиялық экономикалық одақты құрсақ, болашақтка ортақ валютаның да пайда болатыны күмән тудырмайтын дүние — деп топшылайды Петр Своик. — Өйткені кедендік шекаралар алып тасталған, тауарлардың кедергісіз қозғалысына жағдай жасалған, бірақ сонымен қатар бір бірінен қағазының түсімен ғана емес, сонымен қатар долларға шаққандағы ауытқулармен ерекшеленетін бірнеше валюта жүйесі бар кеңістіктің қажеті шамалы.
Дұрысы, бірыңғай экономикалық кеңістікті жариялауды және кедендік шекараларды алып тастауды ортақ валютаны не болмаса, кем дегенде, ортақ валюталық саясатты енгізу арқылы жүзеге асыруға болады.
Мейлі, ақша бөлек болсын, бірақ олар долларға қатысты біркелкі ұстанымда болу керек
Негізі, түбі осылай болары анық. Бірақ ортақ валютаны енгізудің жақын арада болмайтынын түсінген жөн. Өйткені Кедендік одақ та, ЕАЭО да — шындап келгенде, экономикалық емес, саяси жоба. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ Сирияны бомбылау және Украинадағы жағдай арқылы қалыптасуда. Сондықтан бұл жерде экономикалық мәселелерді реттеу саяси үдерістерді реттеуден кейін тұр. Сөздің шынына келсек, ЕАЭО толық екіұштылық күйде, экономикалық тұрғыдан келер болсақ, қазір ол келісілмеген және шешілмеген мәселелер жиынтығынан тұрады. Бұл саяси және идеологиялық белгісіздіктің салдарынан орын алып отыр. ЕАЭО тек қатысушы елдердің экономикалық ахуалын жақсарту үшін құрылды деу аңғалдық болады. Мұндай жаһандық бірлестіктер неғұрлым маңызды мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылады.
Валюта тақырыбына орала отырып айтарым, жаңа ақша бірлігінің қалай аталатыны — алтын, рубль немесе басқаша аталатыны соншалықты маңызды емес. Оны көре жатырмыз. Алдымен бірыңғай қаржы саясатын реттеп алу керек. Өйткені
шындап келсек, қазір теңге де, рубль де бір-ақ қызмет атқарып отыр — ол айырбас құралы. Олар «доллардың көлеңкесі»
Міне, осы көлеңкелерде инвестициялық және несиелік қызметтер пайда болғанда, барлығын біріктеретін ортақ валюта туралы әңгіме қозғауға болады.
Беларусь те еуразиялық ортақ валютаның енгізілуіне 8лкаен қауіппен қарауда. Мәселен, белорус экономисі, «Валютное регулирование и ВЭД» журналының бас редакторы Владимир Артюгин
РФ КО мен ЕАЭО шеңберіндегі интеграция үрдісін қолынан келгенше жеделдетуге асықса, қалған қатысушылар – созуға тырысуда
— Владимир Путин осымен екі рет интеграцияның екінші кезеңінің мақсаты – валюта одағы екенін жария етті, — дейді Владимир Артюгин. — Бірақ ол Қазақстан мен Берарусьтің қазіргі ұлттық элиталарының мүдделеріне сәйкес емес, өйткені олардың маневр жасау кеңістігін тарылтады. Десек те, олар Ресейдің мұндай ұсынысынан ашық бас тарта алмайды. РФ Беларусь пен Қазақстан үшін негізгі сауда серіктесі, ал көптеген белорустық салалар үшін ресейлік нарық жалғыз нарық болып табылады.
ЕАЭО-дан шығу мүмкіндігі жабылғанына қарамастан, сарапшы интеграция – «бір бағытқа алынған билет» деп есептейді, өйткені одан «шығу билетін» алуды қатысушылардың қалтасы көтермейді.
— Сондықтан Беларусь пен Қазақстан түрлі себептермен бұл үдерісті соза түседі, ал шегінер жер қалмаған кезде неғұрлым молырақ өтемақы алуға тырысатын болады Ал РФ қысым көрсетуді жалғастырып, серіктестерін валюта одағына көндіру үшін оңтайлы сәтті күтетін болады, — деп қорытындылайды белорустық сарапшы.
ЕАЭО-ның «алтын» деп аталатын ортақ валютасын енгізу туралы әңгіме көптен бері қозғалып келеді. «Алғашында Мәскеу ортақ валюта ретінде ресейлік рубльді пайдалануға көндірмек болды, — деп жазады белорустық bdg.by журналы. — Бұл қисынды көрінеді
Қазақстан мен Беларусьтің бірлескен Жалпы ішкі өнімі ресейдікінің 14 пайызын құрайды, сондықтан рубль «жергілікті доллар» рөлін атқаруға тиіс
Алайда Минскі мен Астана рубльді пайдалануға келіспеді. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев ортақ валютаның жұмыс атауы ретінде «алтын» деген атауды ұсынды. Сонымен қатар, ол „еуроның аналогы ретінде „евраз„ деген атауды атады.
Ал қазақстандық Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Григорий Марченко жаңа валютаны тіпті «нанорубль» деп атауды ұсынған болатын: «Мәселен, нанорубль деп атауға болады. Айтпақшы, нан қазақша ас атасының атауы. Сонда сізге де, бізге де ортақ атау болады. Сондай-ақ ё-рубль деуге болады – қазір бұл танымал атау. Деск те, бұл атауды бұрынғы КСРО адамдарынан басқа ешкім айта алмайды».
«Алтын» деген атауды «Альпари» сараптау департаментінің директоры Александр Разуваев та қолдаған еді. Ол осы болжамалы валютаның экономикалық қамтамасыз етілуін негіздеген болатын:
— Егер ортақ валюта пайда болса, ол шикізат экспортымен және Ресейдің халықаралық резервімен (бұл дегеніңіз $500 млрд) қамтамасыз етіледі, – деген пікір айтқан еді «Альпаридің» сарапшысы. –
Кейбіреулер еуразиялық валютаның болашағы жоқ, Кеден одағының экономикасы — АҚШ-тың экономикасы емес, деген пікірде.
Бұл жеткілікті мөлшердегі даулы мәселе. Ресей мен Қазақстан, одақтың ядросы ретінде жеткілікті мөлшердегі қуатты экономикаға ие. Сондықтан жаңа валюта оп-оңай аймақтың резервтік валютасына айналуы ықтимал.
21-желтоқсанда рубль мен теңгенің үздіксіз құлдырауы жалғаса түсті. Дүйсенбіде рубльдің долларға шаққандағы бағамы 1:71 боды.
Ал Қазақстан валютасы құлдыраудың жаңа антирекордын орнатып,1 доллар 350 теңге деңгейге дейін құлады.
21-желтоқсанда Brent мұнай қоспасы баррелінің құны 36,17 долларды құрады. Сөйтіп, 3653nfo-ның сарапшылары доллар 360 теңге болады деп болжаған жорамал орындалды деуге толық негіз бар.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков