Жүргізушілерді жүндей түтіп жатыр. Ережелер одан сайын күшейгелі тұр. Келесі аптада — 9-желтоқсанда ҚР парламентінің мәжілісінде «Жол қозғалысы туралы» Заң талқыға түседі.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 46-бабына мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды масаң күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айыруға мүмкіндік беретін өзгертулер енгізу жоспарлануда. Қолданыстағы нормалар бойынша, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға айыппұл салуға болады, бірақ жүргізуші куәлігінен айыру жоқ, — деп хабарлады kolesa.kz сайтына мәжілістің жұмыс тобының жетекшісі, депутат Галина Баймаханова.
Әкімшілік кодекстің 598-бабына да өзгерістер енгізілмек. Жүргізуші жарық және дыбыс белгісі қосылған жедел және арнайы қызметтердің машинасына жол бермеген жағдайда 7 емес, 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салуды жоспарлап отыр. Осындай тәртіп бұзушылық кузовында арнайы белгілері бар автомашиналарға қатысты жасалса, 30 АЕК (қазір – 10) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Атап айтарлығы, егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұлды 15 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін көтеру ұсынылып отыр.
Сондай-ақ, кодекстің 613-бабындағы жазалау да күшейеді деседі.
Алкогольге немесе есірткіге медициналық куәләндіруден өтуден бас тартқаны үшін депутаттар жүргізуші куәлігінен 3 жылға айыруды ұсынып отыр.
Қазір мұндай бас тарту үшін куәліктен 2 жылға айырады.
75 бап та өзгеріске ұшырайды, дәлірек айтқанда, оның 1 бөлімінің 5-тармақшасы — «Көлік құралын жүргізу құқығын тоқтату». Түзету жобасында келесі оқылым ұсынылып отыр: «құқық әрекеті айыппұлды өндіру бойынша атқару құжаттары орындалмаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін» және бұл жөніндегі ұсынымды сот орындаушылар шығарады деп болжаланып отыр. Басқаша айтқанда,
айыппұл қасақана төленбеген жағдайда, сот орындаушылары соттан сіздің жүргізуші куәлігіңізді біржолата алуды сұрауы мүмкін
— өйткені «тоқтату» деген заңды түсінік куәліктен біржолата айырылу дегенді білдіреді. Бұдан кейін құқық бұзушы жүргізуші куәлігін алу үшін
қайтадан емтихан тапсыратын болады.
Мәжілісмендер алкогольге немесе есірткіге медициналық куәләндіруден өтуден бас тартқаны үшін жүргізуші куәлігінен 3 жылға айыруды ұсынып отыр.
Жаңа түзетулерге сәйкес, арнайы рұқсат берілмеген жерге тоқтауға тыйым салу нормасының күші жойылады, яғни, кез келген жерде. Ал көліктің шамын міндетті түрде жағып жүру туралы норманың күшін жою жөніндегі түзету өтпей қалды. Сондай-ақ балалардың автоорындықтары туралы норма да өз күшінде қалатын болды. Сонымен қатар, жолаушыларға полицейлерден рұқсат алмай автомобильден шығуға тыйым салатын түсініксіз пункті алып тастау ұсынылып отыр.
Осы орайда, жақында Бас прокуратураның өкілі Әсет Чиндалиев жол қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдардың сомасын азайтуды ұсынғанын атап өткен жөн, алайда айыппұлдардың көлемін көбейту жол үстіндегі құқық бұзушылықты азайтқан жоқ. Статистика мәліметтеріне сәйкес,
халықтың табысы азайған, ал кейбір айыппұлдардың сомасы 2001 жылдан бері 25 есе өскен
Ендеше, азаматтар айыппұлдарды дер кезінде төлей алмайды.
Жалпы, Бас прокуратураның пікірімен келіскен депутаттар тиісті есептеулер жүргізді: Қазақстандағы орташа еңбекақы 100 000 теңгеге тең, ал орташа айыппұлдың сомасы – 20 000 теңгеге жуық (10 АЕК). Сондықтан еңбекақы мен айыппұлдың қатынасы (1:5) өте қатал деп танылып, жазалаудың кейбір нормаларын қайта қарау туралы шешім қабылданды. Рас, күрделі экономикалық ахуал тұсында айыппұлдар сомасын қысқарту туралы ұсыныс бюджеттік комиссия тарапынан қолдау таппауы мүмкін деген қауіп те жоқ емес.
Соған қарамастан, мәжілісмендер екі айыппұлдың сомасын төмендетуді белгілеп отыр: Әкімшілік кодексінің 597-бабы бойынша – тоқтау және тұрақ ережелерін бұзғаны үшін. Бұл үшін айыппұл мөлшерін 10 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылса, мүгедектерге арналған тұрақтарға көлікті қойғаны үшін 50 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін азайтуды көздеп отыр.
Мүгедектерге арналған орынға көлікті қоғаны үшін айыппұл 50 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін төмендетілдеі
Түзетулерді дайындаушылар жоғары бағамен сатылатын «әдемі» мемлекеттік нөмірлер тізімін кеңейту («Жол қозғалдысы туралы» Заңның 66-бабы) туралы шешім қабылдапты. Енді ООО немесе ZZZ тұрпатындағы әріптері әдемі тіркескен, сондай-ақ цифрлары шағылысатын 717 немесе 838 тұрпатындағы нөмірлерді ресми түрде сату ұсынылуда. Цифрлары шағылысатын нөмірлер шамамен 150 мың теңге тұруы мүмкін болса, ал егер ол «әдемі» әріптермен қосарланатын болса, онда олар 300 мың теңгедей болуы мүмкін.
Фото- және бейне жазба камераларының көмегімен рәсімделген жарлықтарды заңдастыру туралы шешім қабылданды. Енді Әкімшілік Кодекске келесі норма енгізілмекші, оған сәйкес
камералар көрсеткіштері бойынша айыппұлдар құқық бұзушылық тіркелгеннен және меншік иесі анықталғаннан кейінгі үш күн ішінде рәсімделеді,
бұл жөнінде автокөлік иесіне хабарланатын болады.
«Жол қозғалысы туралы» заңды да өзгерістер күтіп тұр. Мәселен, ІшкіІсминнің қызметкеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін қаматамасыз ету аясында әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша орындалмаған қаулысы бар тұлғаға автомобильді тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мүмкіндік беретін 23-бабы «немесе жарлық» сөздерімен толығады. Ал 67 бап айыппұл туралы орындалмаған қаулы немесе жарлық болған жағдайда автокөлікті есепке қоюды немесе есептен шығаруға тыйым салады, ал қазір камерлардың көрсеткіштері мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себебі бола алмайды.
Цифрлары шағылысатын нөмірлер шамамен 150 мың теңге тұратын болса, «әдемі» әріптермен қосарланғандары 300 мың теңгедей болуы мүмкін
Руслан Лазута
Осы орайда, атап айтар жәйт, бірқатар қоғамдық ұйымдар жаңа түзетулерден тек тағы бір «қыспаққа алуды» ғана көріп отыр. Мәселен, «ОСА» қоғамдық бірлестігінің директоры Руслан Лазута барлық түзетулер асығыс қабылдануда және олар автомобилистердің мүдделеріне жауап бермейді деп есептейді.
— Біз ең басында айыппұлдарды қатайту жақсылыққа апармайтыны туралы мәлімдегенбіз. Халықта мұндай үлкен айыппұл төлейтін ақша жоқ! Әрине, жазаны күшейте салу – ең оңай жол. Ал жолдағы апатты төмендету үшін қандай шаралар қолдану қажет екенін ойластыру — күрделі дүние. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің автомобильдік сауаттылығын көтеру, жүргізуші куәлігін беру жұмысын ұйымдастыруды жақсарту туралы ешкім сөз қозғағысы келмейді.
Автомектептердегі сыбайлас жемқорлықпен күресіп, жүргізуші куәлігін сатып алуды тоқтатқан жөн
Ал бұл — ІшкіІсминнің тікелей міндеті. Бұдан тыс, заңдарға түзетулер енгізу ісіне қоғамдық ұйымдардың қатыспауы біздің ашу-ызамызды тудыруда. Түрлі жұмыс топтарында біздің мәселелерімізден тым алшақ, тіпті, ешқашан көлік жүргізбеген адамдар отырыстарға қатысып, өздеріне беймәлім, түсініксіз мәселелерді талқылап жатады. Міне, біздің кемшілігіміз осы, солның салдарынан осындай шикі заңдар қабылданып жатады.
Жаңа жыл қарсаңында Ресейде РФ Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне түзетулердің дәстүрлі топтамасы қабылданады. 2016 жылы ресейлік автомобилистерді Жол қозғалыс ережелерін бұзудың бірқатар түрлері бойынша жазаны қатайту күтіп тұр.
Тонировка. Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Лысаков терезелері қараңғыланған автомобильдердің жүргізушілері үшін айыппұлды қазіргі 500 рубльден 1500 рубльге дейін көтеруді ұсынды. Осы құқық бұзушылықты қайта жасағандар 5000 рубль төлейтін болады. Бұған балама ретінде «қараңғы» автомобилистерді жүргізуші куәлігінен айыру ұсынылған болатын, бірақ мұндай қатал шара билік тарапынан қолдау тапапады.
Куәліксіз жүргізушілер. Бүгінгі таңда көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз жүргізгендер 5 000-нан 15 000 рубльге дейін айыппұл төлеумен жазаланады. Егер түзетулер қабылданса, осы құқық тәртібін бұзған азаматтар төрт жыл мерзіміне дейінгі түзету жұмыстарына жегіледі.
Көлікпен теміржолдағы жабық өткелден өту. Қазір бұл құқық бұзушылық үшін 1000 рубль сомасында айыппұл төлейді (немесе үш айдан алты айға дейін жүргізуші куәлігінен айырады). Ақшалай санкцияны 5000 рубльге дейін көтеру (жүргізуші куәлігін төрт айдан алты айға дейін айыру) ұсынылып отыр.
Тағы бір түзету автомобилистердің масаң күйін куәләндіруді тікелей тоқтатқан жерінде жүзеге асыруға қатысты. Қысқаша айтсақ – ГИБДД инспекторларына хаттамалар толтырмай, куәгерлер тартпай және бейне жазба жүргізбей, алкотестерді пайдалану құқығын беру ұсынылуда. Сондай-ақ полиция қызметкері медицина мекемесіне басқа себептер болмаса да жүргізушіні «күмәнді мінезі» үшін куәландыруға жібере алады. Атап айтарлығы, ол мұны «үрлеуді» жасатпай-ақ істей алады. Бұл түзету авторларының пікірі бойынша, маскүнемдер мен нашақорларды тезірек анықтауға, ал одан көлік құралын жүргізуден аластатуға мүмкіндік береді.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков