Ресей жақын арада Қазақстанмен әскери мақсаттағы қолда бар қаруды және оның пайдалануын бақылауға алу туралы келісімге отыруы мүмкін. Владимир Путин үкіметке тиісті өкім берді.
Бұл жерде әңгіме 2013 жылғы 24-қазандағы Ресей-Қазақстан әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы келісім шеңберінде жеткізілетін қару және техника жайында болып отыр.
Келісім детальдары әлі жарияланған жоқ, бірақ анығы: террористік актілер қауіпінің артуы билікті қаруға бақылауды күшейтуге мәжбүр етіп отыр, — деп хабарлайды rusplt.ru.
«ИГИЛ Орталық Азияға ұмтылуда және жақын уақытта сонда келеді,
— деді РП-ға қазақстандық саясаттанушы Эдуард Полетаев. — Әлбетте, бұл қауіптерді қоюлатуы мүмкін, бірақ бүгінгі орын алған ахуалда ол артық болмайды. Бұрынғы кеңес республикаларында ИГИЛ-дің шынымен өз мүдделері болуы мүмкін. Біріншіден, аймақ Сириядан соншалықты шалғай жатқан жоқ. Екіншіден, Ауғанстан да іргеде орналасқан. Аймақтағы бес елдің үшеуі (Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан) онымен тікелей шекараласып жатыр.
Қазір Ауғанстандағы жағдайдың шиеленіскені соншалықты, Германияның Кабулдағы елшілігі әлеуетті босқындар арасында кері үгіт-насихат жүргізе бастады.
«Сіздің Ауғанстаннан кеткіңіз келе ме? Сенімдісіз бе?» — деген мазмұндағы баннерлер Германияға барар жолдағы алда тұрған қиындықтар туралы әңгімелейді. Немістер ауғандықтарға түрлі сұмдықтар туралы айтуда: контрабандашылардың босқындарды қалай алдайтыны және бөтен елде орналасудың қияметтері туралы. Бірақ мұндай акциялардың табыстылығы күмән тудыруда. 16-қарашада Ауғанстанның сыртқы істер министрі Салахуддин Раббани айтқандай, биыл 146 мың ауғандық Еуропадан баспана таппақшы болған. Көші-қон ауқымы бойынша, қазір Ауғанстан Сириядан кейінгі екінші орында тұр.
Алайда Ауғанстан Орта Азияға тек ол жақын болғандықтан ғана назар аударып отырған жоқ. Аймақтағы ахуал қазір қалыпты, бірақ бұл жерде де өзінің ерекшеліктері мен қиындықтары бар.
Ресей қаруы «Өзбекстанның ислам қозғалысы» және басқалары сияқты ауған экстремистерін қызықтыруы мүмкін.
«ИГИЛ террористері негізінен Қытай қаруын сатып алады, — дейді жағдайды түсіндірген саяси кеңесші Анатолий Вассерман. — Әлбетте, оның сапасы әлдеқайда төмен, ол сенімсіз және қызмет мерзімі де қысқа. Бірақ ИГИЛ-ге сапалы және ұзақ қызмет ететін қарудың қажеті шамалы. Оларға қарудың неғұрлым арзан болғаны маңызды. Басты артықшылық осында. Біздің қару бір ғана жеткізушіге тәуелді болғысы келмейтін ауғандықтар мен Сауд Арабиясын қызықтыруы мүмкін».
Қару-жараққа қосымша бақылау орнату орнату жөніндегі келісім Еуразиялық экономикалық одақты бекіту жолындағы кезекті қадам болуы мүмкін. «Біріншіден,
Қазақстанға Ресеймен ынтымақтастықта болу тиімді, өйткені әскери техника ынтымақтастықтың серіктестік шарты шеңберінде жеңілдетілген бағамен жеткізіледі,
— дейді әңгімесін жалғастырған Эдуард Полетаев. — Оның үстіне, Қазақстан, мәселен, Малайзия төлейтін ақшаны жұмсамайды. Екіншіден, бұл қару-жарақты пайдаланатын адамдарды оқыту қажет, ал біздің адамдар негізінен ресейлік техникамен жұмыс істеуге үйретілген».
Сондай-ақ қаруды жеткізуге бірлескен бақылауды орнатқан тиімді. Эдуард Полетаевтың айтуынша, бұл ҰҚКҰ (Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы) елдерінің арасындағы мемлекеттік шекараларды бақылауды жеңілдетуші еді. Біздің аумағымыз үлкен. Әр шақырымға шекарашы қоймайсың ғой. Сондықтан қару-жарақты пайдалануға бақылау көп болған сайын, онымен қаруланған лаңкестердің ҰҚКҰ елдеріне тереңдеп енуінің мүмкіндігі азаяды.
Қазақстанның ҰҚКҰ-ға мүшелігі республикаға НАТО-мен әскери-техникалық ынымақтастықты (ӘТЫ) белсенді дамытуға кедергі келтірмейді.
Солтүстік атлантика альянсы елдерінің арасында АҚШ,Франция; Испания, және Түркия ӘТЫ бойынша Астананың жетекші серіктестері болып табылады, — жазады «Әскери-саяси шолушы». Польшамен және Италиямен де байланыс орнатылған.
Өзара әрекетттесу бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылуда: қару-жарақты сату, лицензиялық жинақтау, кадрларды дайындау.
Мәселен, 2013 жылғы қаңтарда испандық «Эрбас Милитари» Қазақстанға жанды күшті және жүктерді тасымалдауға, теңізде патрульдеу, барлау жүргізу және десант жеткізуге екі С-295 тактикалық әскери-көлік ұшағын жеткізді. «Отокар» түрік компаниясынаен брондалған машиналар сатып алынды.
Республиканың әскери-теңіз күштерінің (ӘТЫ) құрамына түріктің «Тюрк», Defender түрпатындағы үш американдық, 369 тұрпатындағы бір күзет катері кіреді.
2011 жылы Қазақстан Франциямен бірлесіп, көп мақсаттағы ЕС-145 еуропалық тікұшақтарын өндіру үшін қуаты жылына 10 тікұшақ жасайтын бірлескен кәсіпорын құрды.Республиканың Қорғаныс министрлігіне осындай 45 машина жеткізілу крек болатын.
Батыстың қару-жарақ жеткізушілерімен қатар, Қазақстан үшін әскери және техникалық персонал дайындалуда.
Көп жағдайда натолық үлгілер ресейлік техниканың тікелей бәсекелестері болып табылады.
Бұл оның дәстүрлі және заманауи техника түрлеріне де қатысты.
Мәселен, 2012 жылдың соңы мен 2013 жылдың басында болғандай: ол кезде Қазақстанда Ресей-Беларусьтің ұшқышсыз ұшу аппаратарының тестілік ұшуларымен қатар, Польша («Fly Eye») мен Израильдің («Skylark») аналогтары да сынақтан өтті.
Сонымен қатар,
Қазақстан Республикасының НАТО мемлекеттерімен әскери-техникалық кооперациясы, Ресеймен арадағы көпжылдық ынтымақтастықпен салыстырғанда, жүйелік сипатқа ие емес.
Орын алған бағалауларға қарағанда, 2004-2007 жылдар аралығында Қазақстанға 141 млн доллар (жалпы импорт көлемінің 63,7 пайызы) сомасындағы ресейлік әскери техника импортталған. Екінші орынға АҚШ жайғасқан – 46 млн доллар (20,8 пайыз).
Көшбасшылардың алғашқы үштігіне Беларусь те еніп отыр – 18 млн доллар (8,1 пайыз). 2008-2011 жылдарда қазақ нарығындағы үстемдік жағдайын Ресей де, Беларусь те сақтап қалды, Ресейдің үлесі 382 млн доллар (60,4 пайыз) болса, Белоруссияның үлесі – 58 млн доллар (9,2 пайыз).
2011 жылы Ресей Қазақстанға 12 дана БТР-82А, ТОС-1 «Буратино» от боратушының үш бірлігін және бүгінгі күні күні бірегей саналатын танктерді қолдайтын «Терминатор» әскери машиналарының (ТҚӘМ) үшеуін жеткізді.
Ал 2015 жылы ҚР ҚК ӘҚЖ әуе қорғанысы әскерлері Ресейден әкелінген бес зениттік-зымыран кешендерімен толықты, деп хабарлайды asker.kz.
Атап айтарлығы, Қазақстанға өтеусіз берілген С-300ПС зениттік-зымыран кешені төмен ұшатын шағын нысаналарды жоюға арналған.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков