Ranking.kz сараптамалық қызметі қызығушылық тудыратын ақпарат жариялады, 2015 жыл қазақстандық 35 банктің 33 үшін кірісті болыпты — олар 27,5 млрд теңгеден артық табыс тапқан, ендеше, мұндай жағдайда Ұлттық банк неге 2016 жылы азаматтардың бір триллион зейнетақы салымын ұлттық экономикаға, ішінара — банктерді несиелеуге жұмсамақ.
Сарапшылар 2015 жылғы қаңтардан тамызға дейінгі мерзімдегі банктер кірісі өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, әлбетте, оның 35 пайызға немесе 70,1 млрд теңгеге төмендегенін атап өтуде. Десек те, кіріс бар. «Қазкоммерцбанк» пен «ВТБ Қазақстан» кірістілік статистикасынан шығып қалған, атап айтарлығы, «Қазком» — «БТА Банкті» сатып алғаннан кейінгі шығыннан кейін.
2015 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 5 үздік банктің кірістілік деңгейі өте қызық жағдайды көрсетеді: «Ситибанк» өз кірісін екі еседен артық өсіруге қол жеткізген, ал «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» — 1,5 жарым есе арттырған.
«Атап айтарлығы, актив көлемі бойынша тамыздың соңына қарай «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»11-ші, ал «Ситибанк» — 12-орынға жайғасқан. Яғни, бұл банктердің қарызды активке қайтару деңгейі жоғары», — дейді сарапшылар.
Жақында хабарланғандай, Ұлттық банк коммерциялық банктерге 2 триллион теңге берген, оның ішінде, бір триллионға жуығы — зейнетақылық ақша.
Келесі жылы мемлекет БЗЖҚ-дан тағы бір триллион алуды жоспарлап отыр, оның 400 млрд теңгесі Қаржы министрлігіне жіберіледі, ал қалғанын Ұлттық банк банктерге несиелеуге беруге дайын.
Осы жерде орынды сұрақтар туындайды: банктерге бұл ақша қажет пе? Олар қатардағы еңбекшілер қорланымы есебінен кімді несиелендірмек? Неліктен мемлекет өз азаматтарының әмиянынан мәжбүрлеп алынған орасан қаржыдан құтылуға тырысуда?
Біздің осы сұрақтарымызға саясаткер, экономист Петр Своик жауап берді.
— Алдымен банктерге бұл жаңа триллион теңгенің не үшін қажет екенін қарастырайық…
— Банктер осы триллионды өздері сұрап отыр ма әлде бұл мемлекеттің оларға жасаған жомарттығы ма?
— Осы мәселені үш жақтан — банктер тарапынан, үкімет және салымшылардың өздерінің тарапына қарап көрейік.
Банктердің миллиардтармен есептелген кірісі үлкен болды, бірақ егер осы кірісті — ал ол, шамамен, жарты триллион теңге — банк бизнесінің көлемін яғни, берілген несие көлемімен ара қатынасын белгілесек — 11 триллион теңгеден астам — онда кіріс 5 пайыздан аз болады. Бұл соншалықты көп емес.
Теорияда банк бизнесі өндірістік қызметтің басқа түрінен өзгеше екі ерекшелікке ие. Біріншіден, егер басқа өндірушілер өз өнімімен бір нәрсе жасаса (шикізаттан дайын өнім жасау немесе басқа біреудің өнімін өз қаптамасына ораса да), банк өз өнімімен ештеңе жасамайды — ол сол баяғы ақшаны сатып алады және сатады. Сондықтан банк шығындары тек өзінің асырауымен байланысты, нәтижесінде, олардың шығыс пен табыс арасындағы айырмашылығы өндірушілердікінен әруақытта артық болады. Екіншіден, банктің ерекшелігі, ол кез келген басқа өндірушіге қарағанда, қоймадан ондағы бардан артық сата алады. Міне, банк бизнесі дегеніміз осы: ол несие мультипликаторы деп аталады. Банк несиені депозиттік негізде береді, бірақ әдетте, оның несиесі депозитке қарағанда, артық болады. Міне, кіріс көзі осында.
Бұдан шығатын қорытынды — кез келген басқа өндірушіде кірістің болуы оның жағдайы жақсы екенін білдіреді. Ал банк үшін ол оның тек қазіргі сәтте жағдайы қалыпты екенін білдіреді.
— Бұл 2015 жылғы тамыз девальвациясынан кейін бақылап отырған таза қазақы шындық, шын мәнінде, ол 2014 жылғы ақпан девальвациясынан кейін қалыптасқан, — дейді сарапшы. — Дәл сол кезде «күтпеген» девальвациядан қорқыққан банк салымшылары, банктер өздерінің қорланымдары мен активтерін валютаға ауыстыра бастаған. 2015 жылғы тамыз девальвациясы жағдайды одан ары ушықтырып жіберді — теңге бизнесі жағдайында банктер валютаға толып кеткен.
Міне, осындай мәліметтерді біз, мысалы, 2015 жылғы тамыздағы жағдай бойынша Ұлттық банктің сайтынан көреміз: барлық депозиттік негіз — 13 трлн 205 млрд теңге, олардың теңгедегі нақты көлемі — тек 5 трлн 390 млрд, яғни, жартысынан да аз. Ал несиелер 11 трлн 378 млрд теңге, олардың ұлттық валютадағы көлемі — 8 трлн 325 млрд теңге, яғни, жартысынан едәуір көп.
Бұл банктер жұмысында елеулі қиындық — валюта және валюталық мідеттемелердің артықшылығы пайда болды деген сөз, олар тек теңгелік нарық есебінен жабылуы мүмкін, ал бұл жерде олар төлемпаздықтың өткір тапшылығын сезінуде.
Сондықтан жаңа қаржы, ол триллион теңге болсын немесе одан аз болсын, қазір банктерге өте қажет.
Әрине, банктерге өздерінің доллардағы активтерін теңгеге ауыстыруға болушы еді, бірақ, біріншіден, олар өткен девальвациядан қорқып қалса, қазіргісі мүлдем есеңгіретіп тастады. Олар қаншалықты кірісті болса да мұндай операциялармен алыпсатарлық жасауға қорқады.
Бұл жерде банктерге конвертациямен ойнауға кедергі келтіретін тағы бір маңызды фактор бар. «Нұрлы жол» бағдарламасы басталған 2014 жылғы қарашадан бастап, Қазақстан экономикасына Ұлттық қордың қаржысы тартылуда. Ай сайын миллиардтық сомалар кетіп жатыр. Бұл ақшалар долларлық «аспаптардан» теңгеге конвертациялануда. Яғни, Қазақстанның қаржы нарығында тарихта алғаш рет жаңа ойыншы пайда болды — Қаржы министрлігі, ол валютаны теңгеге алмастыруда. Тиісінше, бұл банктерге осымен айналысуға кедергі келтіреді.
— Егер банк несиелік үдерісті тек депозиттік негізде жүргізетін болса, ол толықтырушы су көзінен айырылған көл сияқты батпаққа айнала бастайды. Әдетте, банктер мұндай жаңа несиелік қорландыруды шетелде жүзеге асыратын. Ал 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін, БТА және тағы бірнеше басқа банктер дефолттық жағдайға тап болғанда, оларды дефолттан тек қайта құрылымдау жолымен құтқару мүмкін болды — оны Ұлттық банктегілер керемет мақтан тұтады. Қайта құрылымдау дегеніміз қарапайым сөзбен айқанда — сыртқы несиегерлердің қолын бұрау үдерісі. Оларға келесі нұсқа ұсынылуы мүмкін: не олар салынған ақшаның 15 пайызын алады немесе түк алмайды, өйткені дефолт жарияланады. Сондықтан банктер өздерінің сыртқы қарыздарын өте «сәтті» қайта құрылымдап алды, ол туралы Ұлттық банк 2015 жылғы шілдеде хабарлады, бірақ осыдан кейін еуропалық несиегерлер қазақстандық банк жүйесіне жаңа ақша несиелеуге оңайлықпен келіспейді — олар өте сенімсіз қарыз алушылар.
Қазір банктерге қарапайым төлемпаздық қана керек емес. Оларға арзан және ұзақ төлемпаздық қажет. Осы орайда, зейнеткерлік ақша таптырмайтын құтқарушы болып отыр.
— Үкімет не үшін азаматтардың зейнеткерлік қорланымдары туралы қамқорлықтан құтылуға тырысуда?
— Жинақтаушы зейнетақы жүйесі пайда бола бастағанда, оны ойлап тақан Дәулет Хамитұлы Сембаев жәнепен Наталья Артемовна Коржова емес, оның бас идеологы Григорий Александрович Марченко болған жоқ. Оны ойлап тапқан Дүниежүзілік банкі. Ал біздікілер тек оны жүзеге асыруға кірісті. Атап айтарлығы, зейнеткерлік жинақтау идеясы келесіге негізделді, нақты тұтыну саласындағы ресми жұмыс істеушілердің еңбекақысынан ай сайын 10 пайыздан алынып, ол ақша өзі құйылған саланы дамытуға және инвестициялардың сәтті сақталып, көбейіп отыруы үшін ұзақ мерзімдік инвестиция ретінде құйылды.
Алғашында Дүниежүзілік банкі бұл ақша халықаралық қор биржасына жіберіліп, сол жерде көбейеді деп тұспалданған болатын. Яғни, инвестицияларды ең басынан өндірістік емес, портфельдік – «бағалы қағаздық» ретінде пайдалану жоспарлаған болатын.
Біздікілер не істеді, орындауға кіріскен, бірақ барлығын жартылай істеген — жұмыс істейтін азаматтардан ақша алу жүйесін құрған, бірақ инвестициялық жүйені құрмаған.
Олар ақшаны халықаралық қор биржасына бермеген және оларды шетелдік бағалы қағаздарға инвестициялауға шектеулі рұқсат берген. Жалпы, бұл жақсы болды, өйткені соңғы оқиғаларды есепке алсақ, қазір бір пәлеге тап болушы едік. Бірақ біз дәл осылай осы ақшаны инвестиция ретінде құятын өзіміздің қор биржасын қалыптастыра алмадық. Нәтижесінде, жинақтау жүйесі дүниеге келеген сәттен бастап, Қаржы министрлігі оны өз асырауына алды: барлық жинақтаушы ақшаның жартысы Қаржы министрлігінің өз несиелік қарыз қағаздарында сақталды, яғни бюджеттің болашақ зейнеткерлер алдындағы қарызы ретінде сақталды. Тиісінше, «инвест табыстың» инвестицияларға еш қатысы болған жоқ және ол салық төлеушілер есебінен артып отырды, өйткені Қаржы министрлігінің өзі ешнәрсе өндірмейді, ол тек салықтарды жинайды. Көп жылдар бойы осылай болды, егер БЗЖҚ-ның есебін көсеңіз, қазір де солай.
Осыдан қиындықтар туындайды: Қаржы министрлігі қандай да бір «инвестициялық» табыс төлеуге мәжбүр, әйтпесе, жинақтау жүйесі күйреуге ұшырап, арты үлкен жанжалға айналады. Бірақ Қаржы министрлігі инвест табысты инфляциялық құнсызданудың деңгейіне жеткізе алмайды, өйткені зейнеткерлік қорланымдардың жасанды табыстылығын қолдауға бюджеттің өте көп ақшасы кетіп қалады. Сондықтан Қаржы министрлігі үнемдей отырып, табыс пайызын төлеуге мәжбүр.
Сондықтан біз БЖЗҚ-ның есептерінде жинақталған инфляция деңгейі табыстылық деңгейінен әрқашан, шамамен екі есе артық екенін жүрміз.
Қаржы министрлігі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жалғыз «инвесторы» болып келеді, бірақ «жуан жылдарда» бюджет табысты болғандықтан біраз машақат тудырғанмен басты ауыртпайтын, ал қазір, соңғы екі жылда бюджет тапшылығы анық сезіле бастағанда бұл зейнетақы қорланымы министрліктің басындағы өзін құрдымға кетіретін шешілмес қиындыққа айналды. Сондықтан ол зейнеткерлік ақшадан тезірек құтылуға тырысып бағуда.
Тағы бір маңызды мәселе, банктер зейнеткерлік ақшаны қандай шартпен пайдаланбақшы, олар жариялы болып, БЖЗҚ салымшыларына белгілі бола ма? Банктер — қайырымгерлер емес, олар қаржы алыпсатарлары. Өмір сүру үшін оларға кез келген ақшадан өз айырмасын алу, одан кейін бұл ақшаны кіріспен қайтару керек.
— Аздап болса да бір нәрсе көріп қалар. Банктер өздеріне және сол салымшы Ивановқа кірісті қайдан табады?
Шамамен 11,4 трлн тенге несиелік портфельдің 6 триллионы — жартысынан көбі — саудаға және басқа түрлі тұтынуға берілген несиелер. Яғни, банктер өздерінің негізгі бизнесін ипотекалық несиелер, автомобильді және тұрмыстық техниканы несиеге сатып алушылар және оқуға немесе даңғаза той жасауға несие алушылар есебінен жасайды.
Иә-иә, мен қателескен жоқпын, сауда және тұтыну несиелері банк портфелінің 60 пайызға жуығын алып отыр, бүкіл өндіріске 13 пайыздан аз келсе, құрылысқа 8 пайыздан, ал құрылысқа 5 пайыздан аз келеді.
Міне, енді біз нағыз қиындықтарға ұрынамыз: елімізде тұтыну қысқаруда. Қазір тек экспорт құлдыраған жоқ, сондай-ақ импорт та төмендеуде, тамыздағы девальвация бүл үдеріске қарқын берді, сондықтан тұтыну белсенділігі қарқынды қысқаруда, банк бизнесінің келешегі соншалықты жақсы емес. Банктер экономиканың қысқаруы жағдайында жұмыс істеуге икемсіз. Сондықтан осындай экономикалық жағдайда зейнетақы ақшасын алған банк жүйесі оны еселеп қайтарады деп үміт артудың еш қисыны жоқ.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков