Қазақстанның ұялы байланыс нарығының алпауыт ойыншылары бизнес кірістілігінің төмендеуіне шағымдануда. Ал 1-қаңтардан кейін оларды тағы бір елеулі сынақ күтіп тұр: ол кезде «ұялы құлдық» дәуірі аяқталып, клиент үшін тартыстың жаңа кезеңі басталмақ.
Егер қатардағы қазақстандықтар нөмірін сақтап, ұялы операторды ауыстыруға мүмкіндік беретін MNP (нөмірді сақтап қалу) тәртібінің енгізілуіне тек қуанса, операторлар үшін ол елеулі шығындар әкеліп, үлкен қиындықтар тудырмақ…
Қазір телекомуникациялар индустриясы орасан өзгерістерді басынан өткеруде. Нарықтың қарқынды өсуі артта қалды, дауыс трафигі сұраныстан қалуда, сондықтан ұялы байланыс компаниялары клиенттерді тартудың және оларды ақшаны неғұрлым көбірек жұмсауға мәжбүрлеудің жаңа жолдарын қарастыруда.
– Табыс тұрғысынан, нарық 2012 жылға дейін белсенді түрде өсіп отырды, бірақ өсу қарқыны түбінде міндетті түрде төмендейді, – деді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов Инвестициалық клубтың «Телекоммуникация нарығына инвестициялар құю және оның дамуының ерекшеліктері» мәжілісінде. – Әлбетте, фундаментальдық тұрғыдан бұл бизнес мәңгі болмаса да ол өте ұзақ мерзімдік кәсіп. Кезінде ол өте табысты болып, үлкен кірістер әкелді, қазір бәсеке күшейіп келеді, ал кіріс жағы төмендеп барады. Атап айтарлығы, үнемі қаржы құйып отыруға тура келуде. Рентабельділік, шамамен, 40 пайызды құрайды, олардың 18 пайызы инвестиция түрінде кері қайтырылуда.
Инвестордың айтуынша, желінің жаппай сұранысын қамтамасыз ету үшін, нарықты дамытуға қомақты күрделі инвестициялар қажет. Қазақстанда әлі ұялы байланыс жетпеген, тұрғындар аз тұратын аймақтар бар. Ол жаққа қомақты қаржы құю қажет, бірақ одан ешқандай пайда болмайды. Соған қарамастан, операторлар шалғайдағы адамдар аз мекендейтін әр аймаққа базалық станциялар орнатуға міндетті.
– Кейде аз ғана тұрғынға қызмет көрсету үшін компаниялар миллиардтар жұмсайды, – дейді Beeline Қазақстанның атқарушы бас директоры Тарас Пархоменко. – Бірақ олар тек 2G және 3G жүйелеріне арналған, ал 4G немесе 5G пайда болу үшін қайтадан қаржы құю қажет. Оған тағы миллиардтар кетеді…
Бұл тығырықтан шығудың жалғыз жолы – әрқайсысы жеке мұнара көтергенше, барлық операторларға бірігіп, ұялы байланыстың бір мұнарасын қойып, оны бірлесіп пайдаланған жөн. Оның үстіне, девальвация онсыз да халықтың сатып алу қабілетін елеулі төмендетіп жіберді.
Қазақстанда желігі қосылулар өсуінің кезеңі 2009 жылы аяқталды, ал 2010 жылы нарыққа еуропалық оператор-дискаунтшы Tele2 келді. Сол кезден бастап бәсекелестен клиенттік базаның бір бөлігін «тартып алу» үшін операторлар бағаны белсенді түрде төмендете бастады. Нәтижесінде 2014 жылдың соңына қарай нарықтың бөлінуі төмендегі сипатқа ие болды:
MNP енгізілгеннен кейін клиентерді ұстап қалуға түрлі бонустық бағдарламалар әсер ете алмайды деп есептейді нарық сарапшылары. Ұялы операторлар кезекті қиындыққа тап болғанын түсінді: байланыстың біркелкі төмен бағалары, көп қызмет түрлерінің тең қолжетімділігі және қамтудың ортақ аумағы.
– Қазір көрсетілетін қызмет сапасымен табысқа жетудің кезі келді, – дейді Ерлан Оспанов. – Ал бағалар соғысы біртіндеп келмеске кетеді.
Ұялы телеком нарығын зерттеулердің бірінде келесі дәйек келтірілген: адам орташа есеппен телефонды, шамамен, 6 сағат ұстайды, ал сөйлесуі бір жарым сағаттан аспайдыекен. Қалған уақытта абоненттер ұялы операторлардың дауыстық қызметтерін пайдаланады деп есептейді сарапшылар. Қазір нарық та осы бағытқа қарай жылжуды жоспарлап отыр.
– Мәліметтерде жіберуден ақшалай түсім өсетін болады, біз алдағы 3 жылда смартфондарды пайдалану 60 пайызға дейін өсуін күтіп отырмыз, – деген сенімде Тарас Пархоменко. – Әзірше, біздің клиенттеріміздің тек жартысы ұтқыр интернетті пайдаланады, қалғандары, сірә, Wi-Fi пайдаланатын сыңайлы.
– Бірақ барлығы жылдам өзгеріп жатыр. Ертең не болатынын болжау өте қиын, әсіресе, ұялы байланыс сияқты тез дамып келе жатқан нарықтың қандай жағдайға тап болатыны туралы сұраққа жауап алғымыз келгенде, – дейді сөзін жалғастырған Оспанов. – Телеком келешегі – негізгі өсім сандық технологияларға байланысты нәрселер есебінен болады деген сөз. Өсімнің бас драйвері — операторлар 2017 жылы енгізуді жоспарлап отырған Интернетке 4G технологиялары негізінде кіру, сондай-ақ келешекте мәліметтерді ұтқыр жолдау секторының қарқынды өсуі болмақ.
– Алдағы 30 жылда барлығы желіге қосылады, – дейді Ерлан Оспанов – Технолгиялар дамуының келесі кезеңі шынайы өмірді интернет мүмкіндіктерімен бірітіру болмақ. Біздің айналамыздағы барлық заттар желіге қосылатын болады – автомобильдер, үйлер мен өсімдіктер, ритейл, телемедицина және велнесс. Барлық жердегі интернет жер бетіндегі әр адамның өмірін өзгертеді. Әрине, технологиялардың дамуы ұйымдар арасындағы қызметтесудің бұрын-соңды болмаған деңгейін талап етеді, қазір біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз…