„Экономиканың жоғарғы мектебі„ Ұлттық зерттеу университеті жоғары лауазымды өкілінің Кедендік одаққа қатысты қатаң сыны мен Қазақстан мен Беларусьтің атына тауардың еркін айналымы жағдайында контрабанда арқылы Ресейді тонап жатыр-мыс деген айыптауы осы интеграциялық құрылымдағы серіктестерге жасалған соңғы „қытайлық„ ескерту іспетті болды.
Миллиардер Әлішер Ұсмановтың қарауындағы «Коммерсантъ» баспа үйінің құрылымына кіретін танымал «Огонек» журналына ЭЖМ ҰЗУ әлемдік экономика және әлемдік саясат факультеті деканының орынбасары Андрей Суздальцевтің әшкерелеуші мақаласы жарияланды. Оның түйіндемесінде ол белгілі саясаттанушы, ресейлік-беларусьтік қарыс-қатынастар маманы (1993-2006 жылдарда Белоруссияда тұрған), сондай-ақ РФ Федерация кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі Комитеті кеңесінің сарапшысы ретінде көрсетілген. Айтпақшы, аталмыш факультет деканы РФ СІМ Сыртқы саясат жөніндегі кеңесінің және РФ Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі Сергей Караганов. Яғни, бұл факультетте аса беделді мамандар еңбек етеді және жоғары халықаралық өлшемдер бойынша ЭЖМ ҰЗУ да зияткерлік орталық болып табылады.
Міне, сол
Суздальцев мырза «Огонектегі» өз мақаласында Қазақстан мен Беларусьті «Ресейдің есебінен күн көріп отыр» деп айыптаған
— мақаланың тақырыбы дәл осылай аталған. Сарапшы «жақын көршілермен арада кедендік шекараның жоқтығын Ресей 1995 жылы сезінгенін еске салады: ол кезде Лукашенко мен премьер Черномырдин телекамералар алдында көтеріңкі көңіл-күймен шекара бағандарын құлатқан еді, бірақ ресейлік кеденшілер көзден ғайып болысымен Ресейге бағытталған контрабанда еселеп өсе бастаған». Ал «нағыз сұмдық» Ресей Батыстың санкциясына жауап ретінде азық-түлік эмбаргосын енгізгеннен кейін басталды. Суздальцев мырза айтқандай, «Беларуссияда бірнеше күннің ішінде Лукашенконың сенімді өкілдері — беларус олигархтарына тиесілі 20 шақты фирмалар құрылған. Жүйе қарапайым: арнайы орталықтарға Еуропадан санкция салынған тауарлар тиелген жүк машиналары кіреді, мұнда олардың қаптамалары өзгертіліп, аталмыш тауар жаңа құжаттармен Ресейге қарай жол тартады». Осындай контрабандалық саланың табысы сарапшының айтуынша, «басқарушы элитаның қалтасын толтыруда».
Сарапшы Қазақстанды да оңдырған жоқ, Суздальцев мырза сендіріп отырған жәйттер бойынша, мұндағы ахуал бұдан да ауыр көрінеді. Ресей сарапшысы біздің бетімізге «мұндағы контрабанда дәстүр бойынша беларустардікінен неғұрлым ерте басталған, ол тек қырғыздарға (Қырғызстан Орталық Азия үшін контрабандалық хаб болып есептелінеді) жол береді» дегенді бетімізге басты. Суздальцев мырза
Қазақстанда қытайлық тауарларды қайта қапталады, сөйтіп, «made in China» аяқ киімі Ресейге қазақстандық құжаттармен және лейблдармен аттанады» алға тартады, ал жарты жыл бұрын мұндай жүк тиелген жүк машинасын кедендік ресімдеуден өткізу үшін $10 мың алынатын.
Оның сөзі бойынша, осымен бір мезетте Астана ресейлік тауарларды қазақстандық нарыққа жеткізуге деген кез келген талпынысты қынжыла қабылдайды.
Осындай көңілсіз пайымдаудың қорытынды түйіні де заңды. Ресей сарапшысы келесі қорытындыға келген, «Кедендік одақтың арқасында Ресей өзінің ішкі нарығын Беларуссия арқылы Еуропаның, ал Қазақстан арқылы Қытайдың игілігіне берген» және «бұл ресейлік бизнеске орасан залал келтіруде», сондай-ақ ауылшаруашылығына да. Осындай «көршілер Ресейді тонап жатқан» жағдайда не істеу керек екенін Суздальцев білмейді, бірақ
Ресейді құтқарудың келесі нұсқасын — ресейлік кеденшілерді Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларына орналастыруды қарастырып отыр.
Атап айтарлығы, ол Астана мен Минск бір мезетте «жемқорлық былығына батқан ресейлік кеденді көргісі келмейтіндіктерін» мәлімдеп, өз егемендіктерін бұзуға жол бермейтіндерін жақсы түсінеді. Мұндай бас тартудың себебін ресейлік сарапшы келесіден көреді: «егер осы республикалар элиталарының контрабандадан түсетін табысын есептесең, олардың қаншалықты табанды болатынын түсінуге болады», сөйтіп, өзінің мақаласын бізді сұлататын қорытындымен түйіндейді: «Әрине, Ресей есебінен күн көруге негізделген мұндай егемендік құқықығымен өмір сүруге болады».
Суздальцев мырза өз мақаласында ресми статистикаға ешқандай ресми сілтеме жасамаған, ендеше, шын мәнінде кім кімді «тонап жатыр» деген сұраққа жауап беру үшін тиісті мәліметтерге жүгінудің жөні бар.
Сөйтіп, қазақстандық статистиктердің мәліметтерін басшылыққа алсақ, ағымдағы жылғы 8 ай қорытындысы бойынша біздің еліміздің Ресеймен арадағы саудасы теріскейдегі көршіміздің пайдасына шешіліпті ол жаққа $3 млрд. 62,1 млн. отандық тауарлар экспортталса, ресейлік импорт $7 млрд. 14 млн құраған. Шығынымызды есептеу қиындық тудырмайды,
2015 жылғы Ресеймен сауда тепе-теңдігі Қазақстан үшін жағымсыз, еліміз $3 млрд. 951,9 млн минусқа кеткен.
Атап айтарлығы, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, Ресейге жолданатын экспорт көлемі 28,8 пайызға, ал Ресейден тасымалданатын тауар импорты 20,5 пайызға кеміген.
Дәл осындай жағдай Қазақстан мен Беларусь арасындағы саудада да қалыптасқан. Десек те, бұл елге біздің экспортымыз 18,8 пайызға артып, $53,8 млн. құраған, ал ол жақтан тасымалданатын импорт неғұрлым көп болса да, ол 28,9 пайзыға кеміп, $312,2 млн дейін азайған. Жалпы, еліміздің ЕАЭО-дағы серіктестерімен саудасында минус $3 млрд. 979,9 млн кері сальдо қалыптасқан. Атап айтарлығы, ЕАЭО-ны және Кедендік одақты құрған кездегі олармен арадағы сауда айналымында уәде етілген өсім артудың орнына төмендеп барады. Биыл қазақстандық тауарлады ЕАЭО елдеріне жеткізу көлемі 26,9 пайызға азайып, $3 млрд. 504,5 млн. дейін төмендеген, ал олардан жеткізілетін импорт 21,2 пайызға азайып, $7 млрд. 484,4 млн дейін кеміген.
Сондықтан Суздальцев мырзаға алысқа жетелейтін мәлімдемелер жасаудан бұрын цифрларды зерделеген жөн еді.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков