Футболшылардың Бүкіләлемдік кәсіподағының Орталық Азиядағы өкілі Әйгерім Сабырәлиева Айсұлтан Назарбаевтың Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) жолдаған атышулы хаты туралы пікірін білдірді.
— Әйгерім, сіз саналы ғұмырын футболға арнаған және ҚФФ жұмысы туралы қажетті ақпаратты жақсы білетін адам ретінде Айсұлтан Рахатұлының Федерацияға жолдаған хаты нені білдіретіні туралы айта аласыз ба? Футбол сайттарының бірінде бұл ақпаратты «Ерланның ақыры» деп бағалап отыр, мақаланы солай атапты…
— Әңгімемізді ҚФФ президенті Қожағапанов мырзаны құрамына «Астана» брендімен бокс, хоккей, баскетбол, футбол бойынша түрлі клубтар кіретін «Астана» президенттік кәсіби спорт клубына (ПКСК) бас директор етіп тағайындаған кезден бастайық. Егер басқа футбол клубтары тұрғысынан алсақ, бірінші кезекте мүдделер қайшылығы орын алды. Яғни, мұндай жағдайда «Астанадан» басқа Қазақстанның барлық футбол клубтарына бірігу керек болатын, өйткені бұл олардың бәсекелестігіне бйланысты болатын. Яғни, бір клубтың артықшылықтары көбейе түсті, онда Федерацияның мүддесі тұр.
Мен клубтармен ауыша келіссөздер жүргіздім, бірақ мүдделер қайшылығы бар екені туралы ашық үндеу жариялаған «Қайрат» футбол клубынан басқа ешкім орын алған жәйт туралы жұмған аузын ашпады.
Яғни, «Астанаға» қарсы ойнайтын премьер-лигадағы 11 клубтың біреуі ғана бұлай болғаны дұрыс емес деген пікірін білдірді. Мен осы жағдай бойынша бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарына түсініктеме бердім, біз ПКСК-ның жарғысына, ҚФФ-ның жарғысына ФФК-ның сайлау регламентіне, сондай-ақ тағы бір аса маңызды құжат — Қазақстан чемпионатына қатысатын клубтарды лицензиялау регламентіне сараптама жасадық. Міне, сол құжатта
кез-келген клубта турнирді өткізуге тікелей қатысы бар адамдар және олардың туысқандары жұмыс істемеуі керек. ҚФФК-ның ел чемпионатын өткізуге қалай болса да қатысы бар, ал осы жазда «Астана» ПКСК-ның директоры лауазымына тағайындалған Қожағапанов 2014 жылғы желтоқсаннан федерацияға жетекшілік етеді
деп ашықтан ашық жазылған.
Орын алған жағдай басқа клубтардың құқықтары мен мүдделерін шектесе де, өкінішке қарай, бұл құжатты ешкім пайдаланбады.
— Басқа клубтар неге үнсіз қалды?
— Міне, мен де ойлап отырмын, неге? ҚФФ президентінің ықпал етуінен қорқа ма? Міне, осы сұрақ қазіргі жағдайдың лакмус қағазы болды. Бұл бізде клубтардың тәуелсіздігі жоқ деген сөз.
Екеуара әңгімелерде мүдделер қайшылығын жою үшін «Астана» футбол клубын ПКСК-ның құрамынан шығарады деген әңгіме болды, бірақ ол заң жүзінде орын алмады
Сондықтан Айсұлтан Рахатұлы мен оны танымасам да өз хатымен былай деді: жетеді, жігіттер, сендер мұнда жұмыс істесеңдер де, мұнда не болып жатқанынан бейхабарсыздар. Сөйтіп,
сыншы сырт көз футболға реформа қажет екенін тағы да көрсетіп отыр.
— Біз ҚФФ бірнеше мүшелерімен – Қожағапановтың өзімен, сондай-ақ Олжас Абраев пен және Арманжан Байтасовпен хабарласуға тырысқан едік, бірақ телефондардың барлығы өшірілген, сауалнамаларымызға жауап болмады. Ондағылар үрейге ұшыраған ба? Олар неліктен орын алған жағдайға түсініктеме бермейді?
— Олар менің өзімді өзім жарнамалағанды қалайтын болар (күледі). Мен білмеймін. Біз бұған бәрібір келуші едік. ФИФА мен УЕФА өкілдері орын алған жағдайды біледі, бірақ қандай да бір ресми құжат сұраған болатын. Ал оны кім дайындайды? Қарапайым футболшы ма әлде мен бе? Клубтардың өкілдері бірігіп, сондай хат дайындау керек болатын. Иә, кешегі кештен бәрі есеңгіреп қалғандай, бомба жарылды ғой.
— Яғни, футболдың төмендегілері — атқару комитетінің мүшелері емес, футболшылардың өздері Айсұлтан Назарбаевтың хатына қуанып қалды ма?
— Қуанған-қуанбағанын білмеймін, бірақ қазір барлығы есеңгіреп қалғандай кімнің кіммен бірге болатынын, ары қарай не болатынын анықтауда.
— Егер Айсұлтанды сайлау орын алса ше… Жалпы, ол қалай болады?
— Федерация — футбол ұйымдарының бірлестігі, олардың саны жүзден асады. Олар футбол клубтары, мектептері, футболдың дамуына жауапты басқа кеңселер. Тәртіп бойынша кезектен тыс конференция өткізілуге тиіс, кезектісі жақында (желтоқсанда) өткізілген. Айсұлтан Рахатұлы ашық үндеу жазды — оны қабылдай ма немесе жоқ па, оны көпшілік қалай қабылдайды?
Егер фамилия мен мәртебені есепке алмасақ, жағдай төмендегідей: Қазақстанның парасатты азаматы футболдағы келеңсіздіктер туралы хат жазып, президент лауазымына сайлануға ниет білдірді
Атқару комитеті не болмаса, атқару комитетінің бюросы шақырылуға тиіс, сол отырыста кезектен тыс конференция шақыру туралы шешім қабылдануға тиіс. Егер шақырылатын болса, конференцияның күн тәртібін анықтайды. Мұндай жағдайда Қожағапанов өз еркімен қызметтен кетеді немесе конференцияда оған қызметтен кету жөнінде ұсыныс дасайды, өйткені тәртіп бұзушылықтың орын алғаны рас. Ал Қожағапанов қандай қадамға барады? Оны айта алмаймын. Одан кейін президент сайлауы жарияланады, ниет білдірушілер 30 күн ішінде осы лауазымға өз кандидатураларын ұсынады.
ҚФФ барлығын дұрыс ұйымдастыруы керек, үміткерлер заңды болып, барлық талаптарға сәйкес болуы тиіс, одан кейін дауыс беру жүргізіледі
— Біздің регламент бойынша көшедегі кез келген адам ҚФФ-ның президенті бола ала ма?
— Сотттылығы жоқ, жасы 70-тен аспаған, УЕФА мен ФИФА тарапынан футбол қызметімен айналысуға тыйым салынбаған кез келген адам. Тағы бір талап, үміткер федерацияда контрактпен немесе футбол клубында екі жыл жұмыс істеуі керек. Соңғы тармаққа ешқандай түсініктеме берілмеген, қай футбол клубында, қай елде? Бірақ үміткер, әрине, Қазақстан азаматы болу керек. Сондықтан кешеден бері әлеуметтік желілерде Айсұлтан Рахатұлының қай жерде жұмыс істегені талқылануда. БАҚ-тан оның «Астана» және «Сұңқар» футбол клубтарында ойнағаны белгілі, бірақ бұл тәжірибе регламент талаптарын сақтауға жеткілікті ме, оны ҚФФ шешеді. Мен оны білмеймін, жалпы, Айсұлтан Назарбаев туралы мен көп нәрседен бейхабармын. Қазір көпшілік ол туралы ақпаратты интернеттен іздейді, мен де солардың қатарына қосыламын.
— Ал ҚФФ қанша уақытта Айсұлтан Назарбаевтың хаты бойынша шешім қабылдауға тиіс?
— Алдымен атқару комитеті отырысын өткізу туралы шешімнің шығуын күту керек. Ол Қожағапановтың құзырындағы дүние. Яғни, бұл шешімнің қабылдану жылдамдығы ҚФФ президентіне байланысты.
— Ол ҚФФ президенті лауазымын бағалай ма әлде ол қызметпен „оп-оңай„ қош айтыса ма?
— Футболдың бүгінгі имиджімен, оның кез келген мемлекет өміріндегі әлеуметтік маңыздылығымен федерация президентінің лауазымы — маңызды әрі қызық қызмет. ҚФФ президентінің өзінің лауазымынан қандай көңіл-күймен кететіні, ең алдымен, атышулы хат иесі талаптарының негізділігіне байланысты.
— Президент отбасы өкілінің еліміздегі ең басты бұқаралық спорт федерациясы басшысы лауазымына өзін өзі ұсынуы дұрыс деп ойлайсыз ба?
— Егер ол ҚФФ президенті болып сайланса, бұл әлемдік футболдағы шектен шықан дүние болмайды. Мәселен, Латын Америкасы елдерінде елдің бірінші басшысы отбасы мүшелерінің футбол ассоциацияларына жетекшілік етуі қалыпты жағдай, Қырғызстанда бұл қызметті президенттің күйеубаласы атқарып отыр, атап айтарлығы, ол жемісті еңбек етуде. Тәжікстанда ТФФ-сын ел президентінің ұлы басқарады. Басқа елдердегі мен бақылаған тәжірибе футболға тек жағымды дүние әкелген. Мұндай адамдар өзінің жеке кеудемсоқтығын қанағаттандыру үшін келмейді, олардың мойнында отбасы беделі үшін жауапкершілік бар — Айсұлтан Рахатұлы да өз туыстарын жерге қаратпау үшін жанын салады деген сеімдемін.
Орыс тілінен аударған Қайрат Матреков