Мемлекет басшысы нанға „ақылға қонымды„ баға белгілеуге шақырды. Президенттің Ақмола облысының диқаншыларымен сұқбаттасу барысында айтқан сөздері лезде басты жаңалыққа айналып, қазақстандықтарды әбігерге түсірді. Қазір халықты екі сұрақ мазалауда: ақылға қонымды баға қандай болмақ және баға көтерілу қашан орын алады?
Нан бағасын тұрақтандыру үшін жылына мемлекетік қазынадан 5,6 млрд теңге бөлінеді. Бұл ақшаға мемлекет астық сатып алады, соданкейін наубайханалармен және диірмендермен меморандумдарға қол қойып, әлеуметтік нан пісіру үшін дотациялық ұнды бөледі. Экономикалық тұрғыдан мұндай тетік тиімсіз, бірақ ол еліміздегі халықтың аз қамтамасыз етілген топтардың мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.
– Мемлекеттік дотацияны төлеудің әділ тәртібі — нақты көмекті, қазіргідей барлығына бірдей емес, кедейлерге ғана көрсету, – дейді Оңтүстік Қазақстан ұн тартушылар одағының президенті Мұқан Әбдиев. – Мемлекет өндірушілерді толғандыратын мәселелердің байыбына бармай, нанның бағасын реттейді. Бидай 45 теңге тұрса, бір бөлке нан қалай 60 теңге тұрмақ? Қымбат баға халықты нанды құрметтеуге үйретеді? Сонда ел нанды қоқысқа лақтырмайтын, оны ит-шошқаның жеміне айналдырмайды.
Айтпақшы, әлеуметтік нанмен бордақылайтын шошқа жөніндегі дәл осы дәйекті былтыр бір бөлке наның бағасын 300 теңге көлемінде белгілеу жөнінде ұсыныс білдірген депутат Айқын Қоңыров айтқан еді:
– Мал асыраумен айналысатын адамдар өздерінің қарауындағы шошқаны әлеуметтік нанмен бордақылайды. Мен мұны аймақтарды аралағанда өз көзіммен көрдім. Сөйтсек, нан жеген шошқа тез семіреді екен, – деді ашу қысқан депутат. – Сонда мал асырауға мемлекеттік субсидиясы бар көптеген адамдар мұндай нанды пайдаланады және таза пайдаға кенелетін болып отыр ғой. Қаладағы жадай да мәз емес. Кез келген қоқыс орнына барып көріңізші — нан, бауырсақ, кептірілген нан салынған үйіліп жатқан пакеттерді көресіз. Адамдар нанды бағаламайды, әншейін лақтырып тастайды.
Ол кезде депутатқа тек өздерінің атынан нанның бағасын бір деңгейде ұстап тұру, қазақстандықтарға керек емес қамқорлық деген пікір білдірген Бидай өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков те қолдау көрсеткен еді. Журналистерге депутаттың сөзіне түсініктеме берген министр былай деген еді:
– 300 теңге – бұл, әрине, көп. Алайда, Қоңыровтың сөзінің жаны бар, оны барлығына бірдей, яғни, халықтың дәулетті және кедей топтарына бірдей мемлекеттік бюджет есебінен арзандатқан дұрыс емес. Дұрысы – барлық шығындарды есепке ала отырып, нанға нарықтық баға белгілеу, ал халықтың мұқтаж топтарына ақшалай өтемақы төлеу.
Сол кезде Асылжан Мамытбеков қазақстандықтарды нанның қазіргі бағасы 2015 жылғы қыркүйекке дейін өспейді деп сендірген болатын.
Ағымдағы жылдың 4-қыркүйегінде «Азық-түлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы компанияның коммерциялық қорына сатып алынатын бидайдың тоннасына 42 мың теңге (Қосымша құн салығын қоса есептегенде) мөлшерінде белгіледі. Осы бағаға қарасақ, ұн тартушылар нан жай ғана қымбат емес, өте қымбат болатынын айтады. Алайда, атап айтарлығы, олар ақылға қонымды нарықтық бағаның қандай болу керектігін айтпайды. Нан – ең басты әлеуметтік өнім, сондықтан коммерциялық табыс үшін оның бағасын шарықтату мүмкін емес.
– 2007 жылы нан мен бензиннің бағасын нарық реттеген кезде, олар ешқандай экономикалық негіздемесіз, үнемі өсу үстінде болды, содан іске үкімет араласты, – дедйді аты-жөнін атамай түсінік беруге келіскен ұн тарту компанияларының бірінің директоры. – 2007жылғы қыркүйекте Қазақстан үкіметі барлық нан зауыттарының жұмысы мемлекет тарапынан реттеліп отырады деген шешім қабылданды. Сөйтіп, бір апта ішінде 60 теңге тұрған нан 39 теңгеге дейін құлдырады. Ал Алматы облысының Нан пісрушілер ассоциациясындағылар жиырмаға жуық нан пісірушілердің баға келісімі бойынша сотқа тартылғанын ұмытпаған болар – олар сапасы нашар дотациялық ұнға жақсы сорттағы ұн қосуға мәжбүр болғандықтан, нанның бағасын 10 теңгеге көтерген.
Қалай десек те, сын сағаты келді – қазір 2015 жылдың қыркүйегі, ендеше жуықта нанның бағасы өзгереді.
Нан пісірушілердің айтуынша, наның бағасын қымбаттату оларға сапалы шикізаттарды пайдалануға және тағам түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді, бірақ бұл жерде басқа мәселе туындайды — қымбат нан халықтың сұранысына ие бола ма?
– Егер дотациялық ұн болмаса, біз өндірісті жабуға мәжбүр боламыз, – дейді шымкенттік наубайхананың бас технологі. – Әдете, Шымкентт көптеген адамдар намен және шәймен күн көреді. Қазір „әлеуметтік нанның басты бәселкелесі өзбектердің таба наны, Шымкентте оларды кез келген жерде сатады – олар қымбатырақ, бірақ өте дәмді. Біздегі бөлке нан 35 теңге тұрса, таба нандарды 100 теңгеден сатады. Дотациялық ұн болмаса, бөлке нан пісірудің реті жоқ, ал наубайхананы қайта жабдықтауға қаржымыз жоқ.
– Алдымен қымбат нанды сатып алуға мүмкіндігі жоқ, табысы төмен адамдарға, зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға азық-түлік бойынша көмек көрсету жөніндегі бағдарламаны қолданысқа енгізу қажет, – дейді Мұқан Әбдиев, – тек содан кейін нанның бағасын көтеруге болады.
Үкіметтің атаулы көмекті қалай ұйымдастыратыны белгісіз. Мүмкін, азық-түлік талондарын енгізуді ұсынған депутат Қоңыровтың кеңесін құп көрер.
– Әлеуметтік нанның бағасын қалдырған жөн, – дейді Қоңыров. – Дүкенге бөлке нан алуға барған адамның қолында белгілі мөлшердегі ақша салынған мемлекеттік карточка болу керек.
Осыған ұқсас бағдарлама АҚШ-та бар – ол Food Stamps (азық-түлік талондары), деп аталады. Осы талондарға мұқтаж адамдар супермаркеттерден, азық-түлік дүкендерінен, кейбір мейрамханалардан тағам сатып алады, сондай-ақ халыққа арнайы көмек бағдарламасы бойынша азық-түлік алады.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков