Бүгінде сарапшы-экономистердің көпшілігі ел экономикасының шатқаяқтап тұрғаны туралы айтады: дағдарыс, мұнайдың төмен бағасы, экспорт көлемінің төмендеуі… Шындық осындай. Қазір ұлттық валютаның болашағы туралы түрлі әңгімелер айтылуда.
Бұл жөнінде екі қарама-қайшы пікір бар. Үкімет пен Ұлттық банктегілер ресейлік рубльге қатысты «бес те бір» паритетіне кері қайту болмайды және тиісінше, доллар бағамы 400 теңгеге дейін қымбаттамайды дейді.
Сарапшылардың көпшілігі мұнымен келіседі. Қазір теңге бағамы көп ретте экономикалық емес, әлеуметтік факторлармен анықталуда, өйткені девальвация халықтың нақты табысын жалмап жатыр, сондықтан оның қандай қадамға баратынын болжау мүмкін емес. Теңге бұдан да төмен – бір долллар 400 теңге тұратын деңгейге дейін құлдырауы мүмкін, өйткені теңге мен рубльдің шынайы қатынасы қазіргідей 1-ге 3,6 емес, осыдан бірнеше ай бұрын болғандай 1-ге 5 болу керек. Бірақ мұнымен сарапшылардың барлығы бірдей келіспейді:
– 1-ге 5 қатынасы үнемі болу керек деп ойламаймын, – деп есептейді Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры Жәнібек Айғазин. – Төлем тепе-теңдігін саралау қажет, соның нәтижесін ескере отырып, негізгі салалардың өндірісімен үйлесімдігін жүзеге асыру қажет. Бұл соншалықты оңай емес. Әрине, өндірістегілердің жағдайы жаман деуге болмайды. Экспорттаушылар баға төмен болғандықтан сататын өнімнің көлемін арттырады. Ал ішкі өндірушілер бағаны құбылтады, импорт қымбаттағандықтан олар да бағаны көтереді. Біз, тұтынушылар, осы ақшаны төлеуге дайынбыз ба? Экономикадағы еңбекақы қаншалықты тез өсіп жатыр?
Қаржы нарығының кәсібилері былай дейді: бір долларға 400 теңге бағамы халық наразылығын тудыруы мүмкін, ал бұл қазақстандықтар бүгінгі күнмен салыстырғанда екі есеге дейін кедейлене түседі деген сөз.
– Ұлттық банк теңге пайдасындағы интервенциядан бас тартып, оны «еркін жүзуге» жібергенде, еліміздің валюта нарығында кез келген жағдайдың орын алуы мүмкін еді, – дейді әңгімені жалғастырған Альпаридің аға қаржы сарапшысы Анна Бодрова.
– Теория бойынша,
егер билік мұнай бағасының күрт құлдырауын болжаса, доллар бағамын 400 теңгеге дейін жеткізу өзекті болушы еді. Әзірге ондай нышан жоқ.
— Егер жасанды босаңсыту меңзелсе, бұл Ұлттық банк нарықтан кеткен жоқ деген сөз. Компаниялар мен банктерді доллардан бас тартуға мәжбүрлеу дұрыс болмаушы еді, өйткені Қазақстан экономикасы экспортқа бағдарланған, ал доллар әлемдік резервтік валюта болған және бола береді.
Қарама қарсы көзқарас қазіргі еркін бағамның бір рубльге 5 теңге тарихи паритетін қалпына келтіруді талап етуді жалғастырып отырған отандық экспорттаушы бизнесмендерге көмектесе алмайтындығына негізделген.
– Теңге бойынша бағамның құбылмалылығы әлі көпке дейін орын алады. Тіпті, еркін бағам құруға көшуге қарамастан, девальвациялық күтілімдер бұрынғыдай орын алуда, айтарлығы олар негізсіз емес, – дейді «Асыл-Инвест» АҚ сараптау департаментінің директоры Айвар Байкенов.
– Жалпы, жаңа саясаттың бірінші кезекте ресейлік өндірушілермен бәселестіктің жоғалғанына және әлсіреген рубль бағамы есебінен оқшауланған нарықтағы үлестен айырылғанына сілтеме жасаған үкімет пен өндіріс орындары өкілдерінің қысымымен қабылдандғаны түсінікті.
240 немесе, тіпті, 250 теңге деңгейіндегі қазіргі бағам, өкінішке қарай, девальвацияның қажеттігіне және бір рубль 4,5-5 теңге болған тарихи паритетті қалпына келтіруге назаланған отандық бизнесмендердің көпшілігіне қатты көмектесе алмайды.
Ресейлік валюта әлі тұңғиыққа жеткен жоқ, сондықтан оның одан ары құлдырау (бір долларға 70-80 рубльге дейін) ықтималдығы, нығаю мүмкіндігінен жоғары. Жалпы, ресейлік билік ағымдағы жағдайда әлсіз рубльге қарсы емес. Мұнай бағасы да ұзақ уақыт тұңғиықта болады, егер қандай да бір ілгерілеушілік болса да, ол барреліне 60-65 доллардан артық көтерілмейді. Мұндай жағдайда еркін бағам құруға қарамастан
үкімет пен өндіріс саласы қайтадан теңгенің долларға шаққандағы бағамын 280-300 теңге деңгейіне дейін көтеру бойынша талпыныс жасайтыны түсінікті.
Дегенмен бұл деңгейдің барлығы қажетті бәсекелестікті қалпына келтіру үшін мардымсыз көрінеді.
Орыс тілінен аударған Қайрат Матреков