Howmuch.net порталы бір қызық кесте шығарды: онда әлем елдерінің ЖІӨ түрлі кеңістікте беріліпті. Нәтижесінде, барлық елдердің әлемдік экономикадағы үлестік салмағы көрсетілген. Ал өздеріңіз білетіндей, экономика — саясаттың негізі…
Howmuch.net порталы мұндай жобаны алғаш рет жасап отырған жоқ, аталмыш сайт бұрыннан өмірдің әр саласы бойынша ақпараттық кесте жасаумен айналысып келеді. Енді, міне, олар әлемдік экономикаға да жетіпті.
«Кеңістік» өлшемдері әлем елдері ЖІӨ-нің әлемдік ЖІӨ-дегі үлесіне байланысты.
Әр кеңістік 3-ке бөлінген — қызмет көрсету саласы қою бояумен көрсетілген, ашық түстісі — өнеркәсіп, ал ең ашық боюмен белгіленгені — ауыл шаруашылығы.
АҚШ — ең қуатты ел, олардың ЖІӨ әлемдікінің төрттен бір бөлігін құрайды.
Америка қызмет көрсетуге бағдарланған, ал Штаттардағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мардымсыз дамыған (бірақ алып ЖІӨ арқасында әлемде тиісінше, екінші және үшінші орындарды иелененді).
Екінші орынға ҚХР жайғасқан. Аспанасты елінің қызмет көрсету саласы мен өнеркәсібі бір деңгейде деуге болады? Бірақ соңғы жылдарда қызмет көрсету саласының өсу қарқыны ұлғая түсуде.
Ресей Федерациясының ЖІӨ әлемдікінің 2,49% пайызын құрайды. Ал Қазақстанға келетін болсақ, ол басқа жүздеген мемлекеттермен бірге үлес алмағы 8,80 пайызды құрайтын «басқа әлем» деген «құрметті» секторға кірген.
Егер Global Finance нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай елдердің картасына көз тастайтын болсақ, кішкене бөлек нәрсені көреміз. Қызыл түспен орташа табыс жан басына шаққанда $30 000 асатын елдер белгіленген.
Қазақстан «Әлемнің ең бай елдері» рейтингінде 184 мемлекеттер (мәліметтер соңғы төрт жыл динамикасында берілген) арасында 67-орынды иеленіп отыр. Атап айтарлығы, ЖІӨ-сі үлкен болса да, әр азаматқа шаққандағы табыс жылына $10 000 құрайтын Қытай 90-орынды қанағат тұтуда.
«Ең бай елдердің ондығы» төмендегідей орналасқан. Ең бай адамдар Катарда тұрады — ондағы жан басына шаққандағы табыс жылына $105,091 құрайды.
Рейтингтің соңында Африка құрлығының ең кедей елдері орналасқан. Мәселен, Конго елінің әр тұрғынына жылына $394,25 келеді.
Қазақстан табысты елдерден елеулі кейін тұрса да, Азиялық даму банкі (АДБ) елдің экономикасы тұрақты даму үстінде деп бағалауда. АДБ үстіміздегі жылы Қазақстан ЖІӨ өсуі 1,9 пайыз деңгейінде болады деген болжамды ұстанып отыр.
«Қазақстан үшін 2015 жылы өсу болжамы 1,9 пайыз деңгейінде қалады, ал 2016 жылы 3,8 пайыздан 3,2 пайызға дейін төмендеуі мүмкін»,- делінген АДБ-ның баяндамасында.
Жалпы Азияны алатын болсақ, АДБ аймақтың дамушы елдерінің өсу болжамын 2015 жылға 6,3 пайыздан 6,1 пайызға дейін төмендетті, бұл Америка құрама штаттары мн Қытай Халық Республикасындағы экономикалық белсенділіктің болжанған деңгейден төмен болуы салдарынан орын палды.
Наурызда жарияланған 2015 жылғы Азия дамуы болжамына қосымша АДБ сондай-ақ жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 6,2 пайыз деңгейінде дамуын болжап отыр, ол оның алдындағы 6,3 пайыздан төмен.
Мұның сыртында, ірі индустриалды экономикалардағы (АҚШ, Жапония, ЕО) «ағымдағы сылбырлық» жалпы Шығыс Азиядағы баяулауға әсер етеді, оның даму болжамы 2015 жылы 6,5 пайыздан 6,2 пайызға төмендеді.
Сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі өсім шикізат тауарлары әлемдік бағасының төмендеуі мен Ресей Федерациясындағы рецессия салдарынан төмендеді. 2015 жылғы болжам бұрынғы деңгейде (3,5 пайыз деңгейінде) қалды, бірақ 2016 жылғы болжам 4,5 пайыздан 4,2 пайызға дейін төмендетілді.
Мақаланы қазақшаға аударған Қайрат Матреков