Сирия көмекке өте мұқтаж, сондықтан ол Шанхай ынтымақтастық ұйымынан қолдау іздеуде. Азамат соғысы бөлшектеп тастаған елді негізгі одақтастар — Ресей мен Қытай өз ұйымының қатарына қоса ма екен?
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Хатшылығы Сирияның өзіне бақылаушы-ел мәртебесін туралы тапсырысын қарай бастады, — деп хабарлайды РИА новости агенттігі.
«Біз шынымен Сирия араб республикасының бақылаушы-ел мәртебесін имеденуге берген тапсырысын құрметпен және қызығушылықпен қарастырып жатырмыз, бірақ бүгін ШЫҰ-да қалыптасқан тәжірибе ШЫҰ отбасына мүше болғысы келген мемлекеттің алдымен диалог бойынша серіктес мәртебесіне ие болуын қарастырады, біраз уақыт өтіп, өзара қызметтесудің белсенді деңгейі қалыптасқан белгілі бір кезеңде ол өзі қажет деп санаса, бақылаушы-ел мәртебесін алуға тапсырыс береді, ал қалғанын уақыт көрсетеді», — деп мәлімдеді ұйымның бас хатшысы Дмитрий Мезенцев.
«Сондықтан шынымен ондай тапсырыс бар, ол жұмысқа алынды, оның қарастыру кезеңдерінен өту барысы туралы сіздерді хабардар етіп отырамыз», — деді сөзін сабақтаған ол.
Болат Сұлтанов, Аймақтық және халықаралық қызметтесуді зерттеу институтының директоры:
— Қазір Сирия өзінің дамуындағы өте бір күрделі кезеңді басынан өткеріп отыр, үш мемлекетті — Ресей, Қытай және Иранды қоспағанда, оның ешқандай тіреуі жоқ. Сондықтан ол үкіметке қарсы шыққан күштерге тойтарыс беруде өзіне нақты қолдау көрсететін аймақтық ұйымға мүше болуға ниет танытып отыр. Халықаралық ұйымдар қабылдаған барлық қарарларда тек Ресей мен Қытай Сириядағы билеуші режимді қолдайтын ұстанымда болды. Сирияның ШЫҰ елдерінен басқа сенер ешкімі жоқ.
Алайда бізге Сириямен байланысуға мүлдем болмайды. Біріншіден, ШЫҰ-ны құрудың басты мақсаты — ҚХР шекарасындағы әскери қақтығыс деңгейін төмендету және барлық стратегиялық қаруды оның шекарасынан аластату. Басты мақсат — аймақтағы әскери қауіп деңгейін төмендету. Ал Сирия қазірдің өзінде азамат соғыс жағдайында, онда қандай қантөгіс болып жатқаны бізге беймәлім.
Асад өзінің алавит деп аталатын аз ғана жақтастарына арқа сүйеп отыр. Олар ел халқының 15 пайызын ғана құрайды, негізгі халық — сүннитер. Түріктер сүнниттерді қолдайды, олар Асадты тақтан тайдырмақшы, американдықтар ИГИЛ-ды қолдайды, француздар барлық оппозициялық күштерді қолдаған болатын. Енді ИГИЛ бақылаудан шықты, күрдтер біресе бақылаудан шығады, біресе шықпайды, түріктер ол жаққа қарай әскер жіберді. Ешкім ешнәрсені түсінбейді: кімнің, қайда және кімді өлтіріп жатқаны белгісіз. Мұндай жағдайды
Сирияны ШЫҰ-ға қабылдауға болмайды, тіпті, бақылаушы-ел ретінде де. Алдымен өз басындағы мәселелерін шешіп алсын.
Атап айтарлығы, Ресей ШЫҰ-ны кеңейтуді қызу қолдап отыр. Владимир Путин «ұйымды кеңейту оны нығайтады және халықаралық аренадағы мәртебесін көтереді», деп есептейді. Егер Уфада Үндістан мен Пәкістанды қосу туралы шешім қабылданса, онда ШЫҰ 2001 жылдан кейін алғаш рет кеңейеді және қатысушы-елдердегі халық саны әлемдегі халықтың 40 пайызын құрайтын ұйым болмақ.
— ШЫҰ-ны шексіз кеңейтуге болмайды. Үндістанды да, Пәкістанды да ШЫҰ-ға қабылдаудың қажеті жоқ деп есептеймін, өйткені олар біздің елдермен шекараласпайды. Дегенмен Қытайдың осы мемлекеттермен шекраласатынын және халықаралық ахуалды ескере отырып, қарама-қайшылықты әлемнен ынтымақтастығы мол дүниеге өту үшін оларды қабылдауға болады. Бірақ бұл ШЫҰ-ның тұжырымдамасынан және Шанхай рухы тұжырымдамасы рухынан ауытқу болады.
Мүшелігі ұйымға және оның мүшелеріне толыққанды пайда әкелетін бірден бір мемлекет — Иран, деп есептейді Болат Сұлтанов. Ислам республикасы 2005 жылдан бері бақылаушы мәртебесіне ие. Алайда ШЫҰ-ның жарғылық құжаттарына сәйкес, мұндай мәртебе халықаралық танымдағы санкциялар салынған елге берілмейтіндіктен, Иран мәртебесін көтеруге тек өзінің ядролық досьесін түпкілікті реттеген соң ғана талаптана алады. Бұл 30-маусымда аяқталатын «алтылық» пен Иран арасындағы келіссөздер шеңберінде орын алуы мүмкін.
— Менің ойымша, мұндағы мәселе келесіде: Ресей Батыспен арадағы байланысты ушықтырып, Иранның ядролық бағдарламасымен байланысқысы келмейді, — дейді сөзін ары қарай сабақтаған Болат Сұлтанов, — бірақ, мәселен, елші Санои (Иран ислам республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі доктор Мехди Санои — ред.) Иранның ШЫҰ-ға мүшелігін санкцияларды алумен байланыстыру — әділетті емес деп есептейді. Мен онымен толық келісемін.
ШЫҰ-ның кезекті саммиті 8-10-маусым аралығында Уфада өтеді. Бүгінгі таңда Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ұйымның мүшесі болып табылады. Бақылаушы мәртебесі Монғолияға, Үндістанға, Иранға, Пәкістанға және Ауғанстанға берілген. Бақылаушы мәртебесін алуға Сириядан басқа Шри-Ланка мен Армения тапсырыс берген. ШҰЫ-ның «диалог бойынша серіктесі» мәртебесіне Беларусь, Шри-Ланка және Түркия ие.