Қазақстан Республикасы Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев: „Қазақстандағы әр жоғарғы оқу орнындағы журналистика факультеттерін жабу керек, әйтпесе, олар өте көп, — деген сенімде. Журналистика факультетерінің санын көбейте бергенше, студенттердің тәжірибе алып, болашақ мамандығына машықтануын дұрыс ұйымдастыру маңызды.
Қазақстандық журналистиканың мэтрі Сағымбай Қозыбаевтың барлық журналистика факультетерін жабу турасындағы мәлімдемесіне Сейітқазы Матаев төмендегідей түсінік берді:
— Мен оны қолдаймын. Бізде кез-келген облыс орталығында университет бар. Онда заң факультеті бар және олардың бәрі міндеті түрде журналистика факультетін ашуға тырысады. Мен базалық түрде ол Алматыда, Қарағандыда және Астанада болу керек деп есептеймін, яғни, базалық журналистика осы үш қалада ғана болуға тиіс. Мен Қазақ Ұлттық университеті мемлекеттік комиссиясының төрағасымын, сондықтан жақсы теориялық біліммен — ежелгі грек әдебиетінің, қазақ және орыс әдебиеттерімен қатар, тәжірибенің болу қажеттігімен ұшырасамын. Өзім оқыған жылдарда мен міндетті түрде қандай да бір редакцияда жұмыс істедім… Осы жүйені өзгерту үшін үкіметке де жаздым. Көптеген жастар журналистикаға ол беделді мамандық деген оймен барады. Емтиханда „Кім болғыңыз келеді?„ деген сұраққа, түлектер: „Ақпарат министрі немесе Президенттің баспасөз хатшысы, немесе тележүргізуші„ деген жауап айтады, міне, осындай кеудемсоқтық… Бірақ редакциядағы жұмыс тәжірибеден басталады. Менің екі ұлым да журналистика факультетін бітірді. Мен оларға былай деймін: «Кез-келген редакцияға телефон шала аламын, бірақ білгендеріңді көрсете алмасаңдар, бір ай да жұмыс істей алмайсыңдар – қуып шығады».
Атап айтарлығы, Матаев журналист болып жұмыс істеу үшін әр уақытта журналистік білім болудың міндетті емес екенін атап өтті:
— Соңғы жылдардың тәжірибесі редакция қызметкерлерінің барлығында бірдей базалық журналистік немесе филологиялық білімнің болмайтынын көрсетті. Бірақ жұмыс істеуге болады. Қазір бізде (ҚазТАГ-та — ред.) қазақ редакциясын Данабек Бименов басқарады. Ол – физик, бірақ тілі жақсы, жазатын қабілеті бар. Оны ВВС-ге тілшілікке қабылдаған.Одан кейін «Свобода» радиосында жұмыс істеген. Енді бізде қызмет етеді. Кезінде лабораторияда жұмыс істеген. Біліктілігін өзгертіп, физиктен лирик болды.
Аударған Қайрат Матреков.