Еліміздің басты партияларының өкілдері өткізген баспасөз мәслихатында Қазақстанда парламент сайлауы да мерзімінен бұрын өткізілуі мүмкін екені айтылып қалды. Саясаттанушылар бұл мемлекет басшысы ұстанған жаңа бағдардың қисынды жалғасы және Қазақстанның жаңа конституциялық құрылымы — парламенттік республикаға қарай жасалған алғашқы қадам деп есептеуде.
Парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу бастамасын оппозиция құлшыныспен қабылдап, қол соғуда. Мұндай шешім Қазақстанның саяси жүйесінің толық қайта құрылымдануына жасалған алғашқы қадам болушы еді деп есептейді ЖСДП-дағылар. Оның үстіне, саясаттанушы Петр Своик мұндай шешімдер тектен тек қабылданбайды, деген сенімде, партия көшбасшыларының әр сөзінің ар жағында қазіргі әрекет етуші президент әкімшілігі тұр.
Петр Своик, саясаттанушы, ЖСДП төрағасының орынбасары:
— Мұндай мәлімдемелер, шын мәнінде, президент әкімшілігінің мәлімдемесі болып табылады. Бізде бірнеше партия болғанымен, олардың барлығы бірыңғай басқарылатын және пайдаланылатын ұйым болып табылады. Мәселен, қазіргі президент сайлауына ҚХКП, сыпайылап айтқанда, өте-мөте әпенділеу үміткерді ұсынса, қалған партиялар қызықты түрде «Нұр Отан» сайлау штабына кірді және басқа партияның көшбасшысын насихаттауда. Қазақстанның партия алуандығы, ЖСДП-ны қоспағанда, қосалқы қызмет атқарады және дербес емес, өздеріне айтқан шешімдерді қабылдайды. Дегенмен бұл дұрыс, әрі дер кезінде жасалған бастама. Ең алдымен, Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің сайлау бағдарламасына сілтеме жасайық, ол 5 институционалдық реформа ұсынды, олардың біреуі — билікті кезең-кезеңмен парламентке беретін конституциялық реформа.
Атап айтайын дегенім, бұл мүлдем жаңа, бұрын ешкім айтпаған, бірегей сөздер. Егер басқа институционалдық реформалар туралы мемлекет басшысы бұрын да айтса, конституциялық реформа туралы алғаш рет айтылып отыр.
Осы уақытқа дейін президенттік жеке билік жүйесіне өзгеріс енгізу, жалпы, 2050 жылға дейін қазіргі билік құрылымына қандай да бір өзгерістер енгізу болжаланбаған еді. Сондықтан бұл сөздердің бағасы қымбат, президентің өзі тектен тек айтқан жоқ, ол шынымен осындай қадамға баруға оқталып отыр.
Бірақ парламентке бір нәрсе беру үшін, ол
парламент осы жауапкершілікті қабылдауға қабілетті және осы жауапкершлікті қабылдауға пара-пар болу үшін тұрақты болуы керек. Қазіргі парламентте ол жоқ.
Қазір онда нағыз жүйе құрушы партиялар жоқ! Естеріңізге салайын, заманауи әлемдегі барлық дамыған елдер парламенттік тұрпатта. Президенттік жүйеде қалғандар соншалықты көп емес.
Америка, Франция да басқарудың парламенттік тұрпатына және партиялық дұрыс құрылымдануға иек артуда. Дәл осы партиялар арқылы үкімет қана жасақталмайды, сондай-ақ президенттер де сайланады.
Америка тәжірибесі, Франция тәжірибесі: онда ағаштан түсіп, ОСК-ға кіріп тіркелетін ешқандай Амантай қажы жоқ, болуы да мүмкін емес.
Онда президенттікке үміткерлер тек байыпты партиялардан ұсынылады.
— Дұрыс партиялық құрылымдау өзінен өзі қалыптасады деп ойлау — шамамен, ешкім егін екпеген, өңдемеген жерде аяқ астынан астықтың тамаша өнімі өседі деп үміттенумен пар-пар, – дейді әңгімесін сабақтаған Петр Своик. – Партиялық алаң құрылып, онда дұрыс партиялық құрылымдау жасалуы керек. Мен сізге ашық айтайын: Қазақстанда 3 партия болу керек, олар қазір бар. Тек оларды құруды аяқтау қажет. Бірінші партия — центристік, негізгі — “Нұр Отан”. Қазір оның құрамында шенеуніктер мен мемлекет басшысының өзі бар. Иә, дәл солай, партия көшбасшысы емес, нақ Елбасы — Ұлт көшбасшысы. Бұл қызметтер біріктіруге келмейді, Елбасы партия шаруашылығын біреуге тапсыруы керек, мәселен, Дариғаға (Назарбаева. – ред.). Барлық шенеуніктер, мәселен, әкімдер де бұл партиядан шығу керек. Олар партияның облыстық бөлімшелеріне жетекшілік етпеуге тиіс, яғни, “Нұр Отан” дербес әрекет етуі керек.
Әрине, кәсіпкерлер партиясы ретінде „Ақ жол„ қажет.
Бірақ ол барлық кәсіпкерлерді қорғауға үміткер партия емес, ол шикізатты экспорттайтын олигархтар партиясы. Біз оларды соншалықты жақсы көрмейміз, бірақ олар Қазақстан экономикасының негізін құрайды, көп нәрсе солардың мойнына артылған. Жолдары болсын!
Үшінші партия — ЖСДП, үш бұрыш іспетті, ал ол ең орнықты фигура. Оның құрамына шағын және орта бизнес те, студенттер де, зейнеткерлер де кіреді.
Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғи монополиялардың тарифтерін дұрыс реттеу… және бұдан басқа да көптеген заттар осы партияның құзырында болуға тиіс.
Ал қалған партияларға не „Ақ жолмен„, не „Нұр Отанмен„ бірігу мүмкіндігі берілуі керек. Ал
патриоттар және ауыл сияқты ұсақ-түйек партиялар басты қатырмасын, өйткені партиялық құрылымдау дұрыс болған жағдайда олардың қажеті жоқ.
Ондай ұсақ-түйек, ала-құла партиялар оңтайлы ұйымдастырылған партиялық кеңістіктің бір бөлігі болуға тиіс.
Әрине, ЖСДП сайлауға қатысады. Егер осы сайлауда екі-үш адамнан тұратын партиямен жарысатын болсақ, ол далдың-дұлдың дүние болады, ал бұл, ең алдымен, мемелекет үшін ұят нәрсе. Біз биліктің өзіне шағымданамыз. Дүниеде адамның ұйымдастыруынсыз еш нәрсе жүзеге аспайды, біздің жағдайда — мемлект басшысының қатысуынсыз. Ол партиялық дұрыс құрылымдау және сайлау кампаниясын партиялық дұрыс құрылымдарда ұйымдастыру туралы жауапты саяси шешімдер қабылдауға тиіс. Тек осыдан кейін қазіргідей шымылдық емес, биліктің нағыз тармағы болу үшін парламентті кезең-кензеңмен жүктеу туралы әңгіме қозғауға болады.
— Үкіметтің, Ұлттық банктің және бәрін қосқанда, мен билік деп атайтын дүние өз саясатын толығымен тауысты, бұл тұйыққа тірелетін бағдар, – дейді сөзін жалғастырған Петр Своик. – Бралығының девальвация бола ма жоқ па деп, қадалып қалуы көп нәрсені аңғартады.
Шын мәнінде, үкімет қазір ештеңе жасай алмайды. Ол қазір қоқиланып, дедолларизация, индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы туралы әңгіме қозғауда. Шынтуайтқа келгенде, бір орнында тұралап тұрғанымыз. ешқандай прогресстің жоқ екендігі көзге ұрып тұр.
Билік жүйесін жаңарту қажет. Мәселенің мәнісі келесіде, қазір бүгінгі шикізатты экспорттау және сыртқы несиелік инвестиция парадигмасы аяқталуда. Еуразиялық интеграция кезеңінің басталуы бұдан да үлкен роль атқара бастады. Ол енді ғана басталып келеді, сондықтан әлі қалыптаспаған, қиқы-жиқы, оның не үшін жүзеге асырылып жатқандығының басты принциптері қалыптаспаған. Алайда одан бас тартуға болмайды және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі болашағын айқындайтын дүние. Қазақстанның осы жаңа жүйедегі орны қазіргі ұлттық мемлекеттіліктің парламенттік элементтерге қол жеткізуіне тәуелді, өйткені ол оны нығайтуға мүмкіндік береді және оны нығайтып, еуразиялық интеграцияға өзі үшін тиімді және пайдалы тұрғыдан қатысуға мүмкіндік береді.
Немесе Мәскеудің қол астына кіріп, 2050 жылға дейін барлық қалған дүниемізбен бірге Ресейдің қанауында боламыз, бірақ ол парламентаризмге салқын қарайды, өйткені бүйрегі авторитаризмге бұра береді. Себебі жергілікті бір бастықты басқару парламенттік жүйені уыста ұстауға қарағанда әлдеқайда жеңілдеу.
Парламент сайлауының да мерзімінен бұрын болуы бойынша белгілі саясаттанушы Айдос Сарым түсініктеме берді:
— Қазіргі президент сайлауы тарихта алғаш рет, егер 90-жылды санамасақ, ешқандай, сыртқы және ішкі, қысымның болмауы жағдайында өтуде. Егер сайлау жылдың соңында болса, ол кезде жағдайдың қандай болатыны белгісіз, қайтадан теңгенің қолданыстағы бағамын қолдау қажет болады. Біз көп ретте не жұмсақ, не қатаң девальвация болады дейміз
мүмкін сондықтан алдымен парламент сайлауын өткізіп алып, содан кейін теңгемен айналысайын деп жатқан шығар.
Саясат – жеткілікті мөлшердегі арсыз, қатал дүние. Әрине, партиялар өз әлеуетін және мүмкіндігін ескереді. Қазір сайлау өткізу үшін өте ыңғайлы кезең: жаз, сондай бір шиеленіс жоқ, неғұрлым анық геосаяси жағдай және т.б.
Әлбетте, нақты демократияландыру, жаңа саяси күштердің пайда болуы, парламенттегі нақты пікірталас қажет. Бұл мемлекеттік органдардың жақсы жұмыс істеуін және қабылданатын шешімдердің сапасын көтереді, сондай-ақ қоғамымызда орын алып отырған өмірден түңілушілік пен жабығушылықты төмендетеді. Яғни, шындап келгенде, жағымды әсері молырақ.
Алайда егер әңгіме партиялардың өздерінің қолданыстағы мәртебесін сақтап қалғысы келу туралы болса, яғни, 3 партия парламенттегі орнын сақтап, бұрынғы ісімен айналыса бергісі келсе, онда мұның барлығының ешқандай мәні жоқ. Егер осымен біздің сайлау заңнамамызды бірге ырықтандыру, саяси партияларды тіркеу жөніндегі жұмыс атқарылса, билік жаңа оппозициялық партияларға тіркелуге мүмкіндік береді, сонда сайлау бәсекеге толы болады. Ал сайлау қоғамның талаптары мен күтіліміне, саяси плюрализмнің артуына сәйкес болады.