Еуропада саяси арпалыс орын алып отырған шақта әлемнің басқа бір шетінде алпауыт мемлекеттердің текетіресін тағы бір алып — Қытай сырттай бақылауда. Атап айтарлығы, тек бақылап отырған жоқ, өзінің бүкіл дипломатиялық әлеуетін шебер пайдаланған Қытай алға қойған мақсаттарына қарай жүйелі қозғалуын жалғастыруда.
Пекин өзінің саяси және экономикалық мүдделерінің, шын мәнінде, өте ауқымды екенін айқын көрсетуде. Тек соңғы екі айда Қытайдың ең жоғарғы дәрежедегі атқамінерлері мемлекетаралық қызметтестікті және халықаралық саясат мәселелерін
Мұның сыртында, 2-ақпанға Пекинде Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавровтың, Қытай Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ван И-дің және Үндістанның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сушма Сварадждың үш жақты кездесуі жоспарланған.
Келіссөздер мен кездесулер жөніндегі ресми есептер әдеттегідей салқын, әдепті, достық пен табысты серіктестік туралы уәделерге толы.
Әлемнің ақпараттық агенттіктері Қытайдың тағы бір жаңалығына бекер аз көңіл бөліп отыр. 29-қаңтарда Синьцзяннан Грузияға алғашқы жүк пойызы жөнелтілді. Ол Тбилисиге 1200 тонна құрылыс материалдарын, азық-түлік, тұрмыстық заттар мен түрлі құрал-жабдықтар жеткізеді, — деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Бұл Қытайдан Кавказға апаратын алғашқы құрлық бағдары. Оның басталатын орны — Синьцзын ұйғыр автономиялық ауданындағы Куйтунь қаласы. Ары қарай вагондар құрамасы Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан аумағы арқылы өтеді. 25 күнде пойыз барлығы 5 жарым мың шақырымға жуық жолды жүріп өтеді. Теңізбен жеткізу 5 күн артық уақытты алушы еді деп атап өтті агенттік. Синьцзянмен теміржол қатынасын кеңейту „Ұлы Жібек жолы экономикалық белбеуі„ жобасын дамыту шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Мәселен, өткен жылғы наурызда дәл осындай халықаралық магистраль автономиялық аудан мен Орталық Азияны жалғастырған болатын. Болашақта темір жол Синьцзян – Иран, Синьцзян – Түркия және Синьцзян – Ресей бағыттарына тартылмақ.
„Ұлы Жібек жолының экономикалық белбеуін„ қазірдің өзінде Аспанасты елінің ең орасан жаһандық жобасы деп атауда. Ол Қытайдан Еуропаға дейін Орталық Азия, Ресей және „Жібек жолы„ бойында орналасқан басқа елдер арқылы экономикалық дәлізді құруды белгілеп отыр.
«Әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында көлік жобалары ерекше маңызға ие болуда: әлемдік нарыққа шығуға инфрақұрылымдық негізі жоқ елдер экономикалық өсім орталығы мәртебесіне үміткер болуды былай қойғанда, халықтың тұрақты дамуға қажетті әл-ауқатының деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Осындай жағдайда трансконтинентальдық магистральдар салу жөнінде бастама көтерген және оған демеушілік жасаған мемлекет жобаға „қатысушы-елдердің„ өндірістік мүмкіндіктеріне „сыртқы бақылау„ белгілейді. Егер ҚХР-дің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыратын жерлерге өзінің жұмыс күшін экспорттау тактикасын ескеретін болсақ, көлік жобалары Пекинге тек тауарлардың, қызметтердің, капиталдың, адамдардың қозғалысына бақылау орнатуды емес, сонымен қатар оның ана немесе мына елде жағрафиялық, яғни, геосаяси орналасуын кеңейтеді», — деп жазады Regnum ақпараттық порталы.
ҚХР Қаржы министрлігінің өткен жылғы мәліметтерінің жариялануы үлкен назар аудартты. Мәселен, 2014 жылы Қытай бюджетінің табысы 8,6 пайызға өсіп, $2,24 трлн-ға жеткен, деп хабарлайды ТАСС. “2014 жылы Қытайдағы және әлемдік экономикадағы ахуал оңай болған жоқ, дегенмен ҚХР қаржы министрлігінің барлық деңгейдегі қызметкерлері әлеуметтік қамтамасыз ету негіздерін нығайту, халық тұрмысының деңгейін көтеру, сондай-ақ бюджеттің табысы мен шығысының қатынасын оңтайландыру мақсатында бюджет табысының тұрақталуы үшін барлық күш-жігерін жұмсады”, – деп хабарланған баяндамада. Экономиканың өсу қарқыны 2013 жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға баяулаған. “Ел экономикасы „жаңа нормалар„ жағдайында тұрақты қызмет етуде, тұрақты өсудің, құрылымды оңтайландырудың, өсім сапасы жақсаруының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің жағымды беталысы байқалады”, – деп мәлімдейді осыған орай Мемлекеттік статистика басқармасының директоры Ма Цзяньтан. Қытай басшылығы өсу қарқынының біршама төмендеуі – жоспарлы дүние деп сендіреді, өйткені өткен жылдардағы орасан өсімді ұстап тұру мүмкін емес. ҚХР үкіметінің басшысы Ли Кэцянның айтуынша, “қазіргі таңда орын алып жатқан процесстер – өсудің негізгі қозғаушысы инвестициялар мен экспорт болған модельдің ескіруінің салдары. Оны тұтынуға бағдарланған экономика алмастыратын болады”.