Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске енгізілген жаңа талаптар туралы БАҚ-та хабарланған ақпарат Қазақстан халқының наразылығын тудырды. Шын мәнінде, егер журналистерге сенетін болсақ, онда қайтадан өткенге, оның міндетті белгісі – тіркелімге оралды екенбіз. Дегенмен, Құдайға шұкір, полицейлердің болашақ рейдтері, пәтерлерді аралау және басқа да „біздің қалашығымыздың сұмдықтар туралы„ қауесет асыра сілтеушілік болып шықты.
Журналистер шамасы жеткенше бұрмалаған және Қазнетті дүрліктірген „Әкішілік құқық бұзушылықтар туралы„ Кодекстің бабының жаңа редакциясында былай делінген:
492-бап. Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәләндыратын құжаттарсыз тұру
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз он күнтізбелік күннен үш айлық мерзімге дейін тұрғаны үшін – ескерту жасалады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз үш айдан астам мерзім тұрғаны үшін – бес айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынады.
Сонымен, жағдай анықталды, тек қызу талқылау нәтижесінде бұл мәселеге сарапшылар қосылды. Олардың пікірі бойынша, қазақстандықтарға абыржудың қажеті жоқ, бұрынғы редакциямен салыстырғанда заң, керісінше, жұмсара түскен. Атап айтарлығы, заң адамды тіркелген жерге байлап қоймайды.
— Біздің заңнамада ешнәрсе өзгерген жоқ, ешқандай жаңалық енгізілген жоқ. Тіркелім 1991 жылы алынып тасталынды және тіркеу деген ұғыммен алмастырылған. Олар піл мен тышқан сияқты мүлдем бөлек дүниелер. Тіркелу міндетті емес, хабарламалық сипатта. Қаласаңыз тіркелген жеріңізде тұрасыз, қаламасаңыз — еркіңіз біледі. Ол тек сіздің заңнамалық мекен-жайыңыз. Атап айтарлығы, сіз жалға алынған пәтерге, бала-бақшасына, жұмысқа, саяжайға, қораға тіркеле аласыз, ол — сіздің құқығыңыз. Бұл тіркеудің тұрғылықты жерге байлап қоятын тіркеліменен басты айырмашылығы.
„Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы„ жаңа Кодекс 2015 жылғы 1-қаңтардан бастап күшіне енеді.