Желтоқсанның ең елеусіз, ешкім байқамайтын мерекесі – Еңбек мигранттары күні. Бұл мереке 2000-жылы белгіленді, сол кезде бүкіл әлемде еңбек мигранттары санының жылдан жылға артып келе жатқанын ескерген БҰҰ 18-желтоқсанды олардың күні ретінде белгіледі. Жақын уақыттан бері Еңбек мигранты күнін Орталық Азия республикаларында атап өтетін болды. Алайда мерекелеу ұлттық музыкалық аспаптармен сүйемелденетін дабыра салтанаттарсыз өтіп, мемлекеттік телеарналарда мақтауға толы құттықтаулар да айтылмайды. Оны түсінуге болады: мақтан тұтатын ешнәрсе жоқ.
Осы орайда, дүние жүзіндегі еңбек мигранттары санының өскені соншалық, егер олардың өз елдерінің ІЖӨ-сіне жіберетін ақшасының мөлшерін есепке алсақ, мигранттар, шын мәнінде, экономиканың бір саласына айналғанын еріксіз байқайсың. Біздің санамызда еңбек мигранты ешқандай құқықтары және тұрмыстық жағдайлары жоқ, кім болса сол қоқан-лоққы көрсететін бейшара ретінде қалыптасқан. Көп ретте олардың ахуалы сондай. Алайда гастарбайтерлер арасында дәулетті адамдар да бар, олар өздері еңбек ететін елдердің мемлекеттік органдарымен, тіпті, криминалдық құрылымдарымен байланыстар тиісті байланыстар орнатқан. Өйткені еңбек мигранттары жұмыс істей бастаған жылдарда олардың өзіндік иерархиялық құрылымы ұйымдасып, жергілікті ресми және бейресми билікпен қызметтесетін өз «басшылары», «қараушылары», «негрлері» пайда болды.
Біздің сұқбаттасымыз – мамандағы журналист Дододжон Туроев, ол кейбір себептерге байланысты мамандығын тастап, шетелде саудамен айналысуға мәжбүр. Оның өз елінде еңбек мигранттары сияқты таптың пайда болу және қалыптасу тарихы туралы әңгімесін оқырман назарына ұсынамыз.
— Біздің еліміздегі мигранттар шежіресі Қорған-Төбе облысы тумаларының елден жаппай кете бастаған кезінен басталады. Тоқсаныншы жылдардың басында Тәжікстанда басталған азамат соғысы, шын мәнінде, қорғантөбеліктер мен кулябтықтардың текетіресі болатын. Соғыстан кейін билікке келген ел президенті Эмомали Рахмонның Куляб тумасы екенін ескерсек, кімнің жеңіске жеткені айпаса да түсінікті болар. Негізінен қорғантөбеліктерден тұратын қарулы оппозициялық құрылымдардың тірі қалған мүшелері Ауғанстанға қашуға мәжбүр болды. Ол жақта олардың көпшілігі Талибан отрядтарына және басқа радикалды исламдық әскери құрылымдардың отрядтарына қосылды, сөйтіп жеңіліс үшін сол жақтан кек қайтаруды қолға алды.Ал соғыстан қажыған, қолына қайтадан қару алғысы келмегендер Ресей мен Қазақстанға жол тартты.
Әртүрлі деректер бойынша, Тәжікстан халқы еркек кіндіктілерінің жартысынан астамы Тәжікстаннан шалғайда жүріп жатыр. Бір Мәскеудің өзінде ғана жүздеген мың тәжіктер бар. Олар Қазақстанда да аз емес. Басым бөлігі құрылыс және басқа жұмыстарға жалданатын өзбектерден айырмашылығы, тәжіктер негізінен базарларда саудамен айналысады.
— Алайда біздің базарларда өзбектерде аз емес қой…
— Базардағы өзбектер кезінде Кеңестер одағын кезіп, саудамен айналысқан саудагерлер әулетінен шыққандардың ұрпағы. Егер Кеңес үкіметі күйремесе, олар әлі күнге дейін, басқа халықтай, елінде отырмай, базардан шықпаушы еді. Яғни, өзбек саудагерлері – ғасырлар бойы саяси ахуалға қарамастан, саудамен айналысқан адамдардың ұрпағы. Қалған өзбектер құрылысқа және басқа жұмыстарға жалдануға мәжбүр болды. Өйткені оларға базарларда орын қалмады. Бір жағынан өздерінің жерлестері, екінші жағынан тәжіктер жол бермеді. Тәжікстан халқы Өзбекстан халқынан бірнеше есе аз. Бірақ шалғайда жүрген тәжіктер саны өзбектерден көп, Олардың басым көпшілігі саудамен айналысады немесе ауған героинін тасымалдайды.
Атап айтарлығы олар бұған шекесі қызғаннан барған жоқ. Есірткі тасымалдаумен айналысатын тәжіктер нар тәуекелге барады. Олар бәйгеге бас бостандығы мен денсаулығын ғана емес, сондай-ақ өмірін де тігеді. Өздеріңізге белгілі, көптеген курьерлер героинді өз ағзасында алып жүреді. Олар оннан жиырмаға дейін капсула жұтып, оларды асқазанында алып жүреді. Атап айтарлығы, ондай курьерге жол бойы не тамақ, не су ішуге болмайды, ал кейде сапар бірнеше тәулікке созылуы мүмкін. Егер асқазан жұмыс істей бастаса, капсуланың қаптамасы қорытылып, оның ішіндегі есірткі адам ағзасына тарайды, ал бұл оны өлімге жетелейді. Оның үстіне, кейде сапалы жабылмаған капсулалар ашылып кететін жағдайлар да болады. Бұл кезде де ешкім ажалға араша бола алмайды. Мұның сыртында, көптеген есірткі тасымалдаушылары құқық қорғау органдарының құрығына ілініп жатады. Соның салдарынан, бүгін ресейлік түрмелерде отырғандардың 30 пайызы тәжіктер. Бір қызығы, есірткі тасымалының табысын оның тәуекелімен салыстыруға келмейді. Мұндай жұмыстың бір сапарына оларға небәрі 300 доллар көлемінде ақы төлейді.
Әр тәжік саудагері өз табысынан ортақ қазанға жарна салып отырады, бұл қаржы жергілікті рэкетирлерге төленетін «салыққа», құқық қорғаушылармен «тіл табысуға» және т.б. жұмсалады.
Ал заң шеңберінде жұмыс істейтіндерге келетін болсақ, оларға оңай тиіп отырған жоқ. Гастарбайтерлер қауымы пайда болғаннан бергі жиырма жылда ол қоғаммен бірге дамып, өзін-өзі ұйымдастыра білді. Яғни, олардың арасынан өздерінің «пахандары», «смотрящийлері», «разводящийлері», «торпедалары» және т.б. пайда болды. Олар жергілікті қылмыстық топтармен байланысқа шығып, «салық» төлеумен реттелетін қарым-қатынас орнатқан. Егер саудагер қандай да бір түсініспеушілікке ұрынса, ол өзінің «смотрящиіне» телефон шалады, ол оқиға орнына келіп, мәселені реттейді, қажет болса, жергілікті «бандиттердің» көмегіне жүгінеді. Олардың өздерінің жазылмаған қатаң заңдары бар, оны осымен айналысатындардың барлығы сақтауға міндетті. Бұл жерде мойынұсынбаушылық немесе «лақтырып кету» дегенн атымен болмайды. Өйткені тіл алмаушыға әсер етудің бірнеше жолдары бар. Оны гастарбайтерлердің өздері жазалауы мүмкін, немесе жергілікті криминалға немесе құқық қорғаушыларға «жем» қылады. Егер ол әсер етпесе, Тәжістандағы отбасына, жақын туыстарына қастық жасайды. Сондықтан олар жазылмаған заң талаптарын мүлтіксіз орындайды.
— Бізде жұмыс істейтін тәжіктер Тәжікстанның қай өңірінен кеелгендер?
— Олар негізінен, мен сияқты, азамат соғысынан кейін бас сауғалаған қорғантөбеліктер. Бүгін мұнда олардың екінші ұрпағы өмір сүруде. Тәжікстанда анкета толтырғанда өзіңнің Қорған-Төбе облысынан екеніңді көрсетсең, жарыған қызметке қол жеткізуің екіталай. Соғыстан кейін бізбен кулябтықтыр арасында үнсіз өшпенділік өріштеді. Ал біздің елімізде өзімізге тән билікті ұйымдастырудың кландық-рулық құрылымы орын алып отырғандықтан, елдегі барлық облыстарды Кулябтың тумалары басқарып отыр. Өз кезегінде, егер Кулябтан келген тәжік осы жақта сауда жасағысы келсе, оны мұнда ешкім жібермейді (кулябтықтардың барлығы бірдей молшылыққа кенеліп отырған жоқ қой).
— Бірақ олардың Кулябтан емес екенін айту шарт емес қой, мәселен, Душанбелікпін десе де болады емес пе…
– Ол бекершілік. Оны әр тәжік өңіріне тән диалектісінен бірден танып қояды.