Осы ғасырдың басынан бері Қазақстан өнеркәсібі өндірісінің көлемі жыл қорытындысы бойынша алғаш рет төмендеуі мүмкін. «The Economist Intelligence Unit» (EIU) зерттеу орталығының сарапшылары осындай жағымсыз болжам жасауда.
Орталық Ұлыбританияда өзімен аттас әлемде жоғары беделге ие экономикалық журнал шығаратын «The Economist Group-тың» құрамына кіреді. «EIU» сарапшылары жарық көретіні туралы Twitter әлеуметтік желісінде хабарланған мақалаға «Why Nazarbayev is worrying: Kazakh industrial output set to contract in 2014 for first time this millennium», аударылғанда «Назарбаев неге абыржиды: 2014 жылы мыңжылдықтың басынан бері Қазақстан өнеркәсібі өндірісінің көлемі алғаш рет қысқарады деп күтілуде» деген айқайлаған тақырып қойыпты. Айтқандары дәлелді болу үшін британдық сарапшылар өздерінің жарияланымдарына қосымша соңғы 15 жылдағы біздің еліміздегі мұнай өндіру мен өнеркәсіп қарқыны төмендеуі арасындағы байланысты көрсететін кестені беріпті.
Кеңес кезеңінде, өзімізге белгілі, мұндай жағымсыз болжамдарға «Өтірікті соқпасын!», деп қолды бір сітейтін. Алайда заманауи Қазақстанда ресми статистика көптен әу-бастан халықаралық стандарттарға негізделген, сондықтан шенеуніктер орын алған қиындықтарға өздерінің де, басшылықтың да, қоғам мен БАҚ-тың да көзін жаппайды. «EIU» болжамының әділ екеніне көз жеткізу үшін Ұлттық экономика министрлігі Статистика жөніндегі комитеттің сайтына кіру жеткілікті, онда отандық индустрияның ахуалы туралы ащы шындық кестелер мен графиктерде толық бейнелеген. Отандық статистердің мәліметтері көрсетіп отырғандай, жыл соңына дейінгі екі айдағы өнеркәсіп өндірісінің динамикасы шын мәнінде көңіл көншітерлік емес. Егер оны жылдық формуламен есептейтін болсақ, яғни, қазан айындағы мәліметтерді өткен жылғы осы айдың көрсеткіштерімен салыстырсақ, өнеркәсіп өнімін шығару 1,6 пайызға азайған. Ал егер орташа жылдық формуламен есептеп, қаңтар-қазан арасындағы мәліметтерді өткен жылдың осы мерзімімен салыстырсақ, онда төмендеу 0,3 пайызға тең болады.
Осы мәліметтерден индустриалдық жағымсыздықтың ең негізгі бастауы — өндіру саласындағы өндіріс көлемінің тиісінше, 5,8 және 0,8 пайызға қысқарғаны жақсы көрінеді. Ал одан оқырмандар мәселенің түп-тамыры мұнай саласында екенін айқын көреді. Статистиктердің есептеулеріне сәйкес, жылдық формула бойынша мұнай өндіру 8,3 пайызға құлдыраса, орташа жылдық формуламен 1,6 пайызға төмендеген.
Енді тек мұнайшылар қараша мен желтоқсанда мұнай өндірудің құлдырауын ауыздықтап, оны және онымен қоса, жалпы өндірісті плюстік көрсеткішке шығарып, құлдыраудан суырып алу үшін уыстан шығарылғанның орнын толтыра ала ма екен деп болжау қалды. Негізі, мұндай мүмкіндік қазан айында мұнай өндіру қыркүйекпен салыстырғанда күрт өсіп, 10,8 пайызға артқанда пайда болды. Сатистиктердің мәліметтері көрсетіп отырғандай, есептеудің мұндай әдісі күздің екінші айында біздің индустрия нағыз ренессансты басынан өткерген: қыркүйекке қарай өндірістің жалпы көлемі 9,1 пайызға артса, өндіру саласында – 11,9 пайызға, өңдеу саласында – 8,1 пайызға, электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жеткізу және ауаны кондициялау – 21,1 пайызға, сумен қамтамасыз ету, канализация жүйесінде, қалдықтарды жинау мен бөлуге бақылау жасауда – 18,6 пайызға артқан.
Өнеркәсіп өнімі көлемінің индексі қызмет түрлері бойынша, пайызбен
Дереккөз: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитеті
Ал орташа жылдық формула бойынша еліміздің өңірлеріндегі индустриалдық динамиканының қандай жағдайда екенін осы тақырыптағы статистикалық жарияланымдарда берілген графика жақсы бейнелейді. Өздеріңіз көріп отырғандай, аутсайдерлер тобына үш мұнай өндіретін облыс кіреді – Атырау облысы, өнім өндіру 2,2 пайызға төмендеген, Қызылорда (3,0 пайызға) және Ақтөбе (4,7 пайыз). Алайда ең қызығы, сткатистиканың ең үлкен құлдырауы – 11,7 пайыз, Астанада тіркелген! Сондықтан осындай айқын индустриалдық жағымсыздық асчтаналық әкімнің ауысуымен байланысты деп жорамал жасауға болатын сыңайлы. Дегенмен, ол өз алдына бөлек әңгіме.
Өңірлер бойынша өнеркәсіп өнімі көлемінің өзгеруі (алдымыздағы жылдың тиісті мерзіміне пайыздық өлшеммен)
Дереккөз: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитеті