Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі британиялық бөлімнің мәліметтеріне сәйкес, Compass Group компаниясы тобының еншілес фирмасы қазақстандық шенеуніктерге аса ірі көлемде пара берген.
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі айыптаулар негізсіз жұмыстан шығару туралы еңбек дауын сотта қарастыру кезінде пайда болған. Қазақстанда жұмыс істейтін Compass Group еншілес фирманың бұрынғы қаржы директоры фирма басшылығының үстінен сотқа шағымданған.
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі құқық бұзушылық туралы арызданушы ұсынған құжаттар бірнеше эпизодтардан тұрады: қазақстандық шенеуніктің отбасы Дубайда Compass Group-тың Kaz Munay Gaz Services Compass (KMGSC) деп аталатын еншілес кәсіпорнының есебінен 19 мың долларға демалған. Басқа шенеунікке ұлының АҚШ-тағы оқуының ақысын төлеген. Сондай-ақ компанияға «ҚазМұнайГаз-ға» өкілеттілік сыныбындағы автомобильдерді сатып алу кезінде мемлекет тарапынан белгілеген процедураларды аяқ асты қылды деген айып тағылуда.
ESS Support Services ЖШС-і деп аталатын екінші еншілес кәсіпорынның қаржы директоры болып табылатын Карим Пабани 2011 – 2013 жылдары Kaz Munay Gaz Services Compass-тың кірісі жасанды көтерілді, ал оның өзін «бухгалтерлік есептерді бұрмалауға» мәжбүрледі, деп нандыруда. Ол өзінің қауіптерін бірнеше рет айтып, «ірі тәуекелдерді бағалау туралы есептерде» 5,4 миллион фунт стерлинг көлеміндегі әлеуетті қаржылай тәуекел туралы хабарлап, оны 2013 жылы Compass Group-тың бас заңгері Марк Вайттың офисіне жібергеннен кейін өзін лауазымнан алып тастағанын мәлімдеді.
Сондай-ақ құжаттар төмендегілерді растайды: «Бұдан біраз бұрын KMGSC жоғарылатылған бағамен адамдар тұтынуға жарамайтын азық-түлік тағамдарын жеткізген. Пабанидің куәләндіруі елеулі қаржылық мәселелерді қамтып отыр, атап айтқанда, KMGSC жеткізушілерге артық төлеген 500 000 АҚШ долларын кері қайтару. Ол жеткізушілер өз кезегінде Қазақстан үкіметіндегі жоғары лауазымды шенеуніктермен байланыста болған KMGSC-ның басқарушы директоры Тимур Күренбековтың серіктестері екен».
Compass Groupтың өкілі былай деп мәлімдеді: «Пабани мырзаның еңбек дауларын қарайтын органға жіберіп, енді оны жан-тәнімен қорғап жатқан шағымда көрсетілген айыптауларын жақсы білеміз».
Алайда Compass Group өкілі жоғарыда тағылған айыптаулар бойынша нақты жауап бере алмады. Аса ірі көлемдегі алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі британдық бөлімшеден де жауап жоқ.
Compass Group – Лондон қор биржасының тізіміндегі ірі компаниялардың бірі, ол шамамен 17 миллиард фунтқа бағаланады. 2006 жылы компанияға қарсы қылмыстық іс қозғалған, ол кезде компания 40 миллион фунт төлеуге келісіп, істі тоқтатқан болатын. Ол кезде компания БҰҰ бітімгерлік күштеріне қажетті тауарлар жеткізу жөніндегі ірі келісімшартқа қол жеткізу үшін БҰҰ-ның лауазымды тұлғасына пара берген болатын. Бірақ Compass Group өзіне тағылған айыптарды мойындамай кеткен.
Дереккөзі: The Guardian.