Алматыдағы қауіпті инфекциялар зертханасы бірнеше жылдан бері өткір пікірталастардың тақырыбына айналды. 1947 жылы салынған зертхана 2004 жылдан бері Америкадан келген мамандардың бақылауымен АҚШ тарапынан бөлінген қаржыға қайта құрылымдануда. Зертхана қызметкерлері мен ғалымдар оның пайдалы екені туралы айтса, алматылықтар бұл жобаға наразылық танытып, «зертхана неге Алматыда орналасуы тиіс?» деген мәселені көтеріп отыр. Неліктен американдықтар бұл жобаға соншама қаржы жұмсайды? Біз бұл сұрақты АҚШ елшілігіне жолдаған едік, оған жауап беруді АҚШ-тың Алматыдағы Бас Консулдығының кеңесшісі Чарльз Мартин өз мойнына алыпты.
— Мен сізді студия шақырған себебім – Интернетте таратылған петиция. Қала тұрғындары Алматыдағы аса қауіпті вирусты инфекциялар зертханасын пайдалануды тоқтатуды талап етуде. Ресми түрде ол «Қазақ карантиндік және жануарлар тасымалдайтын инфекциялар ғылыми орталығы жанындағы реферанс-зертхана» деп аталады. Баспасөзде осы зертхана, оның жұмысы туралы қарама-қайшы пікірлер жариялануда. Бірулер бұл зертханада қауіпті биологиялық патогендер сақталады десе, басқалары онда оба, тырысқақ, топалаң және аусыл сияқты қауіпті дерттердің бактериологиялылығын тексереді дейді. Шын мәнінде, ол жерде не болып жатыр? Бұл зертхана не үшін салынған?
– Бұл зертхана Қазақстан аумағындағы қауіпті инфекцияларды сақтау үшін құрылған. Қауіпті патогендер мұнда 70 жылдан бері сақталуда. Қазір оның аумағына еш нәрсе әкелініп жатқан жоқ. Біз тек ғимараттарды салуға көмектесіп жатырмыз. Бүгінде бактериялар мен инфекциялар Алматы облысының басқа зертханаларында сақталуда. Біз қазақстандық серіктестерімізбен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Зертханаға қазақстандық мамандар жетекшілік етеді, біз тек оны салуға көмектесіп жатырмыз.
— Америкада мұндай зерттеулер жүргізіле ме?
– Иә. Сондықтан біз Қазақстанмен қызметтесіп жатқанымызға қуаныштымыз. Өйткені мұнда үлкен тәжірибе бар. Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау саласының көшбасшы болып табылады.
— Ал Алматыдағы осы жобаның бастамашысы кім?
– Жаппай қырып-қою қаруының қауіпін төмендету үшін біз 25 жылдан бері қазақстандық серіктестермен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Біздің президенттеріміздің де мақсаты бір – Қазақстан мен Америкадағы және бүкіл әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз ету.
— Неліктен Қазақстан тарапы жағынан құрылыс туралы шешімді, АҚШ-тағыдай Қорғаныс министрлігі емес, Энергетика министрлігі қабылдаған?
– Біз білім берумен, денсаулық сақтаумен және ғылыммен айналысатын министрліктермен қызметтесеміз. Сондықтан зертхананың алдында әскери мақсаттар емес, Қазақстан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты тұр.
— Қала басшысы Есімов зерхананы салу туралы шешім 2004 жылы қабылданған дейді. Сондықтан қазіргі қала әкімшілігі бұл турасында ешнәрсе білмейді екен. Ал АҚШ-та қала басшысының өзі басқаратын қалада не болып жатқанын және алдындағы басшыдан қандай мұра қалғанын білмеуі мүмкін бе?
– Кез келген мемлекетте жұмыс барлық деңгейдегі шенеуніктермен жүргізіледі. Мұнда да біз әкімдіктермен, үкіметпен, осы мәселемен айналысатын органдармен жұмыс істейміз. Биологиялық қару мен қауіпті штаммдар сияқты қатысты қауіпсіздікті қаматамасыз етуге қатысты мәселелерде әрекеттерді үйлестіру өте маңызды.
— Есімовты толғандырған алғашқы мәселе: неге халық көп тұратын және зілзалаға қауіпті Алматы таңдалған?
– Ол патогендер Алматыда бұрыннан бар. Біз тек ғимарат салып жатырмыз. Ол биологиялық қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарына жауап береді және 9 баллға дейінгі зілзалаға төтеп беруге қабілетті.
— Петицияда құрылыс туралы ғана емес, сондай-ақ елде мекенде мұндай нысанның болмау керектігі туралы да айтылған. Оларды елді мекеннен қауіпсіз қашықтықта орналастыру керек. Неліктен ол ескерілмеген?
– Орынды қазақстандық шенеуніктер белгіледі. Барлығы осында, облыста болғандықтан, патогендерді басқа облысқа көшірмеу туралы шешім қабылданды.
— Ал 31-арнаның ақпараты бойынша жыл соңына қарай мұнда оба, тырысқақ, топалаң сияқты қауіпті дерттердің штаммдары әкелінетін көрінеді. Сонда бұл ақпараттың рас болмағаны ма? Әлде олар облыстан қалаға әкелінетін штаммдар туралы айтып отыр ма?
– Иә. Басқа облыстарға апармайтынымыз жақсы болды.
— Ал тасымалдау және сақтау қауіпсіздігі қалай жүзеге асырылмақшы?
– Сіздердің мамандарыңыз бұл материалдармен көптеген жылдардан бері жұмыс істеуде, сондықтан олар тасымалдауға және сақтауға қатысты ережелердің бәрін жақсы біледі.
— Мен американдық мамандардың қауіпсіз сақтауға қажетті жабдықтармен қамтамасыз ететініне еш күмәнданбаймын. Бірақ бізде кеңестер одағы күйрегеннен кейін бір қиындық пайда болды – ғылым және медицина салаларының мамандары неғұрлым жауапсыз бола бастады. Сатылғыштықты айтпағанда, халық олардың кәсіби біліктілігі деңгейінің төмендеп кеткеніне назар аударуда. Сондықтан көпшілік олардың аса қауіпті материалдармен ұқыпсыз жұмыс істенуінен қорқады. Жабдықтардың ақаумен жұмыс істеуі жағдайында қауіпсіздікке кім кепіл болады?
– Сіздердің мамандар ол материалдармен кеңестер одағы кезінде де, ол күйрегеннен кейін де жұмыс істеген. АҚШ-пен тәжірибе алмасу да жүріп жатыр. АҚШ үкіметі құрылысқа 70 млн доллар бөлды және қауіпсіздіктің сақталуын жіті бақылап отыр. Сіздің еліңіздің үлкен тәжірибесі бар.
— Ол жерде жауапкершілік сезімі жоғары, сенімді адамдар жұмыс істейді деп сенеміз. Кейбір сарапшылар зертхананы тек биологиялық зерттеулер жүргізу үшін ғана емес, сондай-ақ әскери мақсатта пайдаланады деген қобалжушылық білдіруде. Солай болуы мүмкін бе?
– Бұл әскери зертхана емес. Біз тек денсаулық сақтаумен және ғылыммен айналысатын шенеуніктермен жұмыс істейміз.
— Түрлі бағалаулар бойынша, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі өте жоғары. Оның ішінде, Батыс баспасөзінің бағалауы бойынша. Осы фактіні ескере отырып, материалдың жылыстауына және бактериологиялық қару ретінде пайдаланылуына қалай жол бермеуге болады?
– Біздің мақсатымыз бір. Екі елдің президенттері бірлесіп, осы жоба бойынша жұмыс істеуде. Биологиялық қауіпті осы материалдардың қатерін барлығы түсінеді. Біз Қазақстан үкіметіндегі серіктестеріміз қауіпсіздікті қаматамасыз ету жолында аянбай еңбек етеді деп үміттенеміз.
— Химиялық және бактериологиялық қаруды пайдалану фактілері және сол пайдаланудың салдары әлемге жақсы белгілі. Бірінші дүниежүзілік соғыста одан ондаған мың адам зардап шекті. Оның ішінде, бейбіт халық та. Осыдан біраз бұрын улы заттар Токио метросында пайдаланылған болатын. Ал 2001 жылғы күзде АҚШ халқы биологиялық заттардың шабуылына ұшырады. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, осындай қарудың қауіпі неге артып барады?
– Өкінішке қарай, көптеген елдерде мұндай қауіпті штаммдар сенімді күзетпен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан біз сіздердің елмен бірлесіп, бүкіл әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз мақсатында жұмыс істеп жатырмыз.
— Бір жағынан, сіздің сөзіңіз көңілімізді орнықтырғандай. Екінші жағынан, тақырып пен оған деген көзқарас өте ауыр әсер қалдырады. Мен әңгімемізді отимистік көңіл-күйде аяқтау үшін сізге жеке басыңызға қатысты сұрақтар қойғым келіп отыр. Менің білуімше, сіз осында отбасын құрдыңыз. Осы туралы айтсаңыз…
– Осыдан он жыл бұрын мен Оралда Бейбітшілік корпусының волонтері ретінде жұмыс істедім. Өзімнің әйеліммен сол Оралда таныстым. Соған өте қуаныштымын. Мен мұнда сабақ беруге келгенімде осының барлығы менің өмірімнің ажырамас бөлігі болады деп ойламаған едім.
— Сіз қай пәннен сабақ бердіңіз ?
– Ағылшын тілі және театр. Мен өз шәкірттеріммен араласып тұрамын. Олардың көпшілігі шетелде, оның ішінде, Америкада да оқығандар. Мен қазақ мектебінде жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Қазақ мұғалімдері мені көп нәрсеге үйретті. Мен қазақ мәдениеті туралы көп нәрсе білдім.
— Балаларыңыз бар ма?
– Әрине, Асқар немесе, американша айтқанда,Оскар деген ұлымыз бар.
— Сіз осы жерде отбасын құрып, тамырыңызды тереңге жібергендіктен, қауіпсіздік біздің ортақ мүддеміз. Міне, осы бағдарламамызды аяқтаудың оптимистік нотасы болсын.
Бейне нұсқаны осы жерден көруге болады.