Көп әйел алу – сумаңдай беретін сұрақ, қазіргі заманның шындығына айналды. Біреулер оны қажет дейді. Бұл әйел үшін қатаң бәсеке жағдайында өмір сүру (қазір еркектің саны онсыз да аз болып отырғанын былай қойғанда, олардың 40 пайызға жуығының ғана дені сау, жақсы күйеу болуға жарайды), болашақ балаларына жақсы әке табу және отбасында қамқоршысыз қалмау мүмкіндігі. А ер-азаматтар үшін – нәпсіқорлыққа салынбай, тегін, ұрпағын жалғастыру мүмкіндігі. Кейбір еркектер осылай ойлайды екен.
Екінші әйел алмақ болып жүрген бір жігітпен кездейсоқ танысып, пікірін сұрадым. Ол 45 жаста, 30 жасында өзі сүйіп таңдаған бойжеткенге үйленген. Сонда да қоймай, тоқал алуды ойлап жүр. Сөйтсек, оның екінші қатын алу ниеті әйелімен арада сүйіспеншілік болмағандықтан немесе төсек жаңғырту үшін емес, ұрпағын жалғастыру қажеттілігінен туындап отыр екен.
– Мен қыз-келіншектерді тек әріптес, әйел немесе ана ретінде көремін, — дейді өзінің ұстанымын түсіндірген Асхат. У. Ол тек өзінің аты-жөні жарияланбаған жағдайда ғана сұқбаттасуға келісті. – Ашынамен қарым-қатынас — басымнан өткен дүние. Бұл өзі басты қатыратын бәле екен, маған оның қажеті жоқ. Егер енді басқа әйелмен қатынасқа түсетін болсам, ол тек тоқал болады. Барлығы әділ болу керек — мен күйеумін, ол менің екінші әйелім, яғни, тоқалым.
— Ал сіз әйелдер жұмыс істеп, өздерін ары қарай дамытқысы келмегендіктен, яғни, тек жайлы күнкөріс қамымен ғана тоқал, ашына болуға келіседі деп ойламайсыз ба?
– Онда ол тоқал емес, ешнәрсені ойламайтын, ешнәрсеге қызықпайтын жабысқақ біреу. Біреуден бала тауып алаып, содан кейін сол ер-жігіттен, қан сорған кенедей, өмір бойы ақша соруға тырысатын бойжеткендер бар. Мен ондайды қаламаймын. Тоқал ол әйелің болу керек.
— Біріншіге қарағанда, екінші әйелге мұндай шартқа келісу жеңілдеу ме?
– Мен бұл жөнінде бір келіншекпен сөйлестім, ол тұрмыс құрмаған, жасы 30-да, оның өмірлік ұстанымы төмендегідей; «Менді енді тұрмыс құрмайтын шығармын, маған үйге келіп шаруашылықпен айналысатын, бір-екі бала тауып беретін, дені сау еркек керек. Ал мен өзімді өзім қамтамасыз ете аламын». Мұндай ұсыныс, әрине, қызықтырады, бірақ мен бұл мәселені әлі өз отбасыммен шешкен жоқпын. Сондықтан ол әйелдің басын қатырғым келмейді.
— Ал отбасыңызбен қандай мәселені талқыламақсыз? Сіз өзіңіздің әйеліңізге екінші қатын алғыңыз келетінін айттыңыз ба?
– Дәл олай айтқан жоқпын. Дегенмен ондай әңгіме болған. Мен өз тұқымымыздағы соңғы ер-азаматпын, егер ұлым болмаса, біздің тұқымымыз менімен үзіледі. Әйелім енді бала тапқысы келмейді, ол 35 жаста, біздің екі қызымыз бар. Ал маған мұрагер қажет. Егер ол тағы бір рет ұл табуға талпынбаса, онда мен өзіме ұл тауып беретін әйел аламын. Бірақ мен өз балаларымды аптасына бір-екі рет емес, күнде көргім келеді. Кешкілік балаларды бір-екі сағат еркелетіп, одан кейін бәрбір отбасыңа оралуың керек. Бұл дұрыс емес, тұрақтылық қажет. Егер әйелім келіспесе, мен, әрине, оның алдында тағы бір әйелім бар екенін көрсетпеймін. Мен оның шындықты білуге талпынбауға ақылы жетеді деп ойлаймын.
— Ал қаржылық тұрғыдан екі әйелді асырау қиын тимей ме?
– Тәжірибе көрсетіп отырғандай, тоқал болуға батылдық танытқан қыз-келіншектер, әдетте, өзін-өзі асырай алатын жандар.
Мұндай көзқарасты көпәйелділікті қолдайтындарға тән деуге болады. Ең қызығы, ислам діндаралары көпәйелділік ең алдымен әйелдердің құқығын қорғауға қажет дейді. Атап айтарлығы, осы орайда, ешкім ерлер мен әйелдердің тең құқықтылығын сақтау үшін тек көпәйелділікті ғана емес, сонымен қатар көпкүйеулілікті де заң тұрғысынан ресмилендіру қажеттілігі туралы айтпайды. Бүгінде, қалай десек те, көп әйел алу Қазақстанның қоғамдық өмірінде нақты орныққан жайт. Алайда ешкім оны заңды тұрғыдан мойындағысы келмейді.