Қазақстанның Қылмыстық кодексіндегі жаңалықтарды тек жалқау ғана сынамаған болар. Алайда мұқият саралаған жағдайда заңдылықты күшейтуден тек асқынып бара жатқан экстремизмге қарсы тұруға талпынысты ғана емес, сондай-ақ келе жатқан президент сайлауын террористік актілерден қорғау ниетін байқауға болады.
Осыдан біраз бұрын ғана интернет кеңістігінде Human Rights Watch-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша бөлімшесінің атқарушы директоры Хью Уильямсонның ҚР Бас прокурорына жолдаған хаты пайда болды, онда халықаралық ұйымның өкілі ҚР Қылмыстық кодексінің кейбір қағидаларына қатысты өзінің қауіптерімен және ұсыныстарымен бөліседі. Мәселенің мәні келесіде, жаңа Қылмыстық кодекс (ҚК) 70-тен астам баптармен толықтырылған, онда ізгілендіру мақсатында кейбір қылмыстар үшін жаза жұмсартылса, ал кейбіреулері бойынша, керісінше, неғұрлым қатая түскен. Осы тұрғыда БАҚ терроризм актiсi туралы көпе-көрiнеу жалған хабарлау үшін жаза қарастыратын баптарды сын тезіне алды. Алайда назарды біршама басқа аспектіге, атап айтқанда, ҚК терроризм және экстремизм туралы баптарының жаңа редакциясына аударғым келеді (ҚК 9 тарауы «Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар»
233-258 баптар).
Енді террористік актілерге бірқатар баптар арналған – 161-баптан 239-бапқа дейін. Атап айтарлығы, қылмыстық жауапкершілікке осы қоғамға жат құбылыстарды насихаттайтын немесе террористік актіні жүзеге асыруға шақыратын, материалдар мен басқа заттарды тарататын, терроризм актісін дайындауға қатысқан, бірақ дер кезінде мемлекеттік органдарды ескерткен, немесе басқа әдіспен терактыны жүзеге асыруға жол бермеуге шара қолданған адамдарды қоспағанда, кез-келген тұлға тартылады.
Жаңа баптар не үшін енгізіліп жатыр деген ойға шомасың. Өйткені, тіпті, ҚК ескі редакциясының өзі осы тұрғыдағы қылмыстарға қатаң көзқарасты реттеп отыр емес пе. Алайда бүгінгі жаңа енгізілімдер, оның ішінде, қылмыстық зхаңдылықтағылары, ұлттық қауіпсіздіктің нашарлауына байланысты екенін түсіну керек.
Саясаттанушы Талғат Мамырайымовтың көзқарасы бойынша, аталмыш жаңалықтар бірінші кезекте 2014 жылдың соңында басталатын халықаралық коалицияның әскерлерін Ауғанстаннан шығаруға тікелей байланысты.
— Ауғанстанның жаңа үкіметі қыркүйек айында Вашингтонмен қол қойған келісімге сәйкес, келесі жылы Ауғанстанда тек шағын американдық әскери контингент қалады, – деп атап өтті сарапшы 365.info-мен болған әңгімеде.
Жаңа құжатқа сәйкес, шетелдік әскери бөлімшелер Ауғаныстанда терроризмге қарсы операциялар жүргізуге қатысу және жаңа ауған үкіметіне басқа шараларда көмек көрсету үшін қалады. Сөйтіп, келесі жылдан бастап Ауғанстанда 12 500 жуық шетелдік әскери қалса, олардың 9 800 жуығы – американдықтар. Алайда 2015 соңына қарай бұл контингент тағы да екі есеге азаяды, 2016 жылы шетелдік әскери бөлімшелер Ауғанстаннан толық шығарылады.
Сонымен, НАТО елдегі қауіпсіздікті бақылауды жергілікті үкімет әскерлеріне тапсырып, өзінің Ауғанстандағы миссиясының санын қысқартуды жалғастыруда. Бірақ бұл саясат көршілес жатқан елдерге қалай әсер етуі мүмкін? Ауғанстандағы әскер шығарылғаннан кейін бұл елдегі ахуал шиелініседі деп болжауға болады. “Талибан” қозғалысы шындап келгенде қазірдің өзінде Ауғанстанның үлкен аумағындағы қоғамдық-саяси ахуалды бақылауға алып отыр. Сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға мүдделі басқа әлемдік ойыншылардың бар екенін де ұмытпаған жөн. Түптеп келгенде, бұл бүкіл Орталық Азия аймағындағы жағдайдың тұрақсыздануына әкеліп соғуы мүмкін. «Геосаяси мақсатта Ауғанстан-Пәкістан шекарасы маңындағы Вазиристан ауданында дайындықтан өтіп жатқан “Талибан” қозғалысы және басқа лаңкестік ұйымдар пайдаланылуы мүмкін», – деп есептейді Талғат Мамырайымов.
«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының «Өзбекстанның ислам қозғалысы» (ӨИҚ) қосылғысы келетіні туралы мәлімдемесін орын алып жатқан қозғалыстарға өзіндік жауап ретінде қабылдауға болады. Осыған байланысты, саясаттанушы экстремистік идеологияны біздің аумаққа экспорттау тәуекелінің орын алу мүмкіндігін, сондай-ақ лаңкестік экстремистік бастауыш ұйымдардың пайда болуын да жоққа шығармайды. Идеологиялық негіз дайын деуге болады, мәселен, джихадтық мәндегі радикалдық салафиттік қозғалыстың кең құлаш жаюына. Осыдан қауіптенген Қазақстан билігі, тиісінше, заңдылықты күшейтуде.
Екінші жағынан, мұндай қадамдардың болжанбайтын салдарға әкеліп соғуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Осы орайда, Хью Уильямсонның (Human Rights Watch) тарапынан қауіптің негізді екенін мойындау керек. Әйтпесе, олардың барлығы заңдылықтың бір шыбығымен айдалып кету қауіпі бар. Өйткені, шынтуайтқа келгенде, қылмыстық заңдылықтың құрығына тағдыр тәлкегімен бармайтын жерге кездейсоқ барып қалған қарапайым азаматтардың ілінбесіне кім кепіл береді.
— Қазіргі ахуал 30-жылдардағы сталиндік репрессияны біршама еске түсіреді. Абырой болғанда, бұл заңдылықта судьяның іске араласу мүмкіндігі бар. Алайда бұл тәртіпті халықаралық құқық және біздің Конституция шеңберінде қарастыратын болсақ, бұл, менің ойымша, Конституцияға қайшы келетін шешім. Адам құқығын бұзатын көптеген сәттер бар. Адамға қылмыстық айып тағуды озбырлық орын алуы мүмкін. Осы қылмыстық заңдылық енгізілгеннен кейін адамды тек ұнамағаны үшін соттап жібенруге болады, – дейді саясаттанушы.
Сонымен қатар, орын алған ахуалды саралай отырып, ҚР қылмыстық заңдылығын қатайтудың басқа себептерін де жоққа шығаруға болмайды. Атап айтқанда, осы әрекеттер үкіметтің қайта құрылымдануына да байланысты болуы мүмкін. Былайша айтқанда, басқаруға жеңіл, президенттік билік тармағының және басқа қоғамдық ойыншылардың бақылауында болатын үкіметтің жеңілдетілген нұсқасы іспетті.
Келесі кезеңнің нәтижесінде министрлер кабинеті басшысы өкілеттерінің қысқаруы мүмкін. Өйткені, енді жаңалықтардың енгізілуімен әр министрлік өз құзыретіндегі мәселелерді үкімет басшысына қарайламай дербес шешетін болады.
— Саяси жүйеде жетекші рөлді премьер-министр атқарады. Ал мұның қайда әкеліп соғатынын түсінесіз бе? Менің ойымша, бұл өзгерістердің мақсаты күтіліп отырған транзитке байланысты. Баршағы белгілі, 2016 жылы Назарбаевтың өкілеттілігігінің мерзімі аяқталады, сондықтан ол келесі жылы сайлауға иә қатысатынын, иә қатыспайтынын мәлімдеуі керек, – дейді саясаттанушы.
Осы орайда, электралдық үдеріс тәжірибесіне сәйкес, мынаны естеріңізге салғым келеді, барлық мүдделі ойыншылар оған кем дегенде бір жыл дайындалуы керек. Яғни, келесі 2015 жылы 2016 жылғы президент сайлауына дайындық басталады. Мемлекет басшысының конституциялық тәртіпке сәйкес, қалай болса да, мұрагер тағайындайтынын ескерсек, барлық жаңа енгізулер осы үдерістің қалыпты өтуін қамтамасыз етуге бағытталған деп болжауға болады. Әлбетте, бәсекелестерді бейтараптандыру нұсқасы да қарастырылған, ол үшін теориялық тұрғыдан алған сырт, оның ішінде, экстремистік күштердің пайдаланылуы мүмкін.
Алайда, түптеп келгенде, қылмыстық заңдылыққа қазір енгізіліп отырған өзгертулер көлеңкеден қорыққандық екенін мойындамау мүмкін емес. Өйткені, Қазақстанның ішкі саяси алаңында президенттің саяси бәсекелестері қалған жоқ десе де болады. Ал олар пайда болса, тек президент әкімшілігінің ишаратымен пайда болуы мүмкін.
Аталған жағдайларды ескере отырып, Қылмыстық кодекстегі жаңа енгізілімдердің тек геосаяси тәуекелдердің болуы салдарынан орын алып отырғанын мойындаған жөн.