Продюсер Ринат Абдулхаликов өзінің татар тегін және Қазақстан азаматтығын мақтан тұтады. Және оны қалай, не үшін мақтан тұтатыны туралы әңгімелейді.
— Мен сізді әрқашан музыкалық продюсер, ән жазатын ақын және Қазақстанда танымал хитқа айналған «Мой татарский мальчик» әнінің авторы ретінде білетінмін. Одан кейін сіз президенттің телерадиокешенінде журналист болып қызмет ете бастадыңыз, ал қазір сіз Қазақстандағы татар және башқұрт ұлттық-мәдени орталықтары Ассоциациясы атқару комитетінің төрағасысыз. Яғни, сіз қоғамдық қызметпен айналыса бастадыңыз, сонда журналистика мен мансап жайына қалды ма?
– Жоқ. Мұның барлығын қатар алып жүруге болады. Мен музыкамен бала кезімнен шұғылданғанмын. Ал телевизияға алғаш қадам басқаным мұң екен, керемет әсерге ұшырадым. Содан бері мен телевидениемен шұғылданамын. Сөйтіп, өмір өтіп жатыр, татарлық істер де пайда болуда.
— Неге «татарлық істер» ғана? Басқа адамдар сізді толғандырмай ма?
– Ол адамның қоғамға қаншалықты қажет екеніне байланысты. Сондай-ақ адамға қоғамның қаншалықты қажет екеніне тәуелді. Қоғам өмірінен, оның мәдениетінен тыс өмір сүру мүмкін емес. Бұл жерде өз тағдырыңды шешудің жолдарын іздей бастайсың: мен қайдамын, мен кіммін, менің балаларым кім болады? Менің телевизиядағы достарымның арасында өз халқының мәдениетімен айналысатындар көп. Олег Червинский поляктардың ісімен айналысса, Александр Губерт немістердің істерін реттейді. Ал Элла Цой корейлердің істерін шешеді.
— Ал сонда метистер не істемек?
– Біздің көрсететініміз де басқалардан көретініміз де жеткілілікті. Адамдар арасындағы өзара түсінушілік жоғары болса, сенім де көбірек болады. Соның арқасында, бірлесіп мемлекет игілігіне жұмыс істеу мүмкіндігі де күшейе түседі. Метистер – махаббат перзенттері. Олар қоғамдағы толқулар мен өзгерістерге төзімді болып келеді. Егер олар өз қанын бағалайтын болса, болашағы мықты адамдар болып шығады.
— Сіздің сұқбаттарыңыздан интернационализмге деген талпыныс сезіледі, бірақ сіздің қызметіңіз ұлттық-мәдени шеңбермен шектелген. Осы жерде пародокс жоқ емес пе?
– Жоқ деп ойлаймын. Біз татар-башқұрт тарихы мен мәдениеттеріндегі барлық жақсыны жинап, оны қоғамға ұсынғымыз келеді. 1994 жылдан бастап, татардың ұлттық мерекесі «Сабантойды» жандандыра бастадық. Қазір барлығы реттеліп, бұл мереке Татарстанның мемлекеттік мерекесі деңгейінде атап өтілуде. Мәдениет министрлігі мен Татарлардың дүниежүзілік конгрессі де ретті жұмыс істеп жатыр. Бағдарламаны ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде қабылдады. Барлығы реттелген, мерекеге адамдар келіп, тойлайды.
— Атап айтарлығы, түрлі ұлт өкілдері келеді ғой.
– Мен Facebookтегі өз парағыма Ақтауда өткен “Сабантой – 2014″ суреттерін орналастырдым. Мерекеге ұлттық костюмдерін киген украин орталығының украин хоры келді. Олар өте тамаша әндер шырқады.
— Яғни, түрлі болуымыз біздің бірігуімізге кедергі келтірмейді ғой?
– Бұл Қазақстан деп аталатын бір гүл шоғының түрлі қырлары.
— Ал сіз төлқұжаттан «ұлты» деген тармақты алып тастау жөніндегі ұсынысқа қалай қарайсыз?
– Қарсымын. Мен – татармын. Менің, менің тегімнің, халқымның тарихы бар. Мен – Қазақстан азаматымын. Өз Отанымды сүйемін, оны жәбірлеуге жол бермеймін. Өз балаларымды да осындай рухта тәрбиелеймін.
— «Ұлты» деген тармақ түрлі бөлінушілікке бастайды деген пікір бар. Мүмкін, Америкадағыдай – ұлты «американдық» деп жазу керек шығар.
– Мен Америкада бірнеше рет болдым. Ол ел — иммигранттар құрған мемлекет. Ал Монғолияда елдің құраушы бөлігі жергілікті халықтан тұрады.
— Мен өзіміз туралы айтып отырмын.
– Қазақстан – көпұлтты, жас мемлекет. Егер біз өзіміз бір нәрсені бүлдірмесек, бізді жарқын болашақ күтіп тұр. Қазақстанның татарлар мен башқұрттар қауымдастығы екі жылдан бері бюджеттік негізде Татарстанның ЖОО-ларына оқуға түсуді тәжірибеге енгізіп келеді. Олар — кезінде Ульянов жолдас білім алған Қазан федералдық университеті мен біздегі сұранымға ие мамандықтарға оқытатын Қазан технологиялық университеті.
— Ал оған оқуға кім түседі?
– Қазақстандықтар. Алдымен біз тек татарлар мен башқұрттарды жібереміз деп ойлаған едік, кейіннен артықшылық жасауға құқығымыз жоқ деп шештік. Біздің мақсатымыз — жастарды сұранымға ие мамандықтарға оқытып, олардың елге маман болып оралуына қол жеткізу.
— Жақында сіздің қауымдастығыңыз 33 тілде хабар тарататын республикалық телеарна құру туралы ұсыныс жасады. Неліктен 54 емес, 33?
– Бізде «Акбарс», «Фикер» деген газеттер, «Қазақ радиосында» апталық бағдарламамыз бар. Бірнеше өңірлік басылымдарымыз да бар. Ал аудиторияның сұранымы әлдеқайда жоғары. Бір кездері біз Қазақстан аумағында «ТНВ» телеарнасын ілгерілетумен айналысқан едік. Бізден: “Бұл сендерге не үшін керек?”, деп сұрайтын. Бізде өз этносымыз бар. Соңғы мәліметтерге сәйкес, мұнда 216 мың татар, 20 мың башқұрт тұрады. Мәдениетті, тілді, салт-дәстүрлерді сақтау үшін ақпараттық кеңістік қажет. «ТНВ» арнасын ілгерілету коммерциялық тұрғыдан жүргізілді. Біз оны кабельдік жүйеге қостық. Басқа ұлттық арналар – белорус, түркімен, түрік – арасынан тек «ТНВ» қалды.
— Неліктен 33 тіл?
– Біздің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен келісіміміз бар. Біз Алматыда «Достық үйінде» «Бірлік» ұлтаралық келісім телеарнасын ашу туралы дөңгелек үстел өткізу жөнінде шешім қабылдаған ендік. Міне, сол жерде Алматыда Қазақстандағы ірі этностардың 33 этномәдени орталықтары бар деген ақпарат жария етілді. Сол кезде: “Барлық 33 тілде хабар таратыла ма?”деген сұрақ туындады. Бұл мәселе әлі шешілген жоқ.
— Ендеше, хабардың 33 тілде таратылуы әлі шешілмеген мәселе ғой?
– Біз қазір тілдердің саны туралы айта алмаймыз. Қазақстанда 130-дан астам ұлттар бар.
— Сонда сіз арна 130 тілде хабар таратады демексіз бе?
– Бірінші кезекте, хабарлар ірі этностардың тілдерінде таратылады. Орыс, украин, корей, ұйғыр, татар, өзбек тілдерінде. Біз тарихи отандардың көмегіне, олардың өз контентін беретініне үміт артып отырмыз. Ондай тәжірибе болған. Оңтүстік Корея корей редакциялары арқылы өз сериалдарын ұсынған еді. Атап айтарлығы, олардың рейтингі де жоғары болатын.
— Euronews арнасы бірнеше тілде жаңалықтар таратады. Ендеше, «Бірлік» телеарнасы да бір бағдарламаны 33 тілде тарата ма? Әлде бұл көрерменмен өз тілінде сөйлесетін түрлі бағдарламалар бола ма?
– Егер Қазастандағы телевизияның техникалық жағы туралы айтсақ, ол айтарлықтай әсер қалдырады. Көп адамдар ол туралы біле бермейді. Астанада «ҚазМедиа Орталығы» бар. Мен онда болғанда керемет әсер алдым. Кейін мен осы орталықта «Мир» телеарнасы шеңберінде қызмет еттім. Жаңа арна туралы әңгіме қозғағанда, біз істің техникалық жағы туралы ойладық. «ҚазМедиаОрталығы» негізінде «Бірлік» телеарнасын ашу үшін қажетті нәрсенің барлығы бар. Тіл жағына келетін болсақ: үш – қазақ, орыс, ағылшын — тілдің бірлігін сақтау қажет және оған этнос тілін қосыңыз.
— Сіз өзіңіз бағдарламаны қай тілде көресіз?
– Барлық тілде көремін деген үміттемін, дегенмен, ең алдымен, әрине, өзім түсінетін тілде көремін. Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиафорумында этномәдени орталықтары басылымдарының өкілдері өздерінің аудиториясының аясы тар екенін және еш жерде пайдалана алмайтын материалдардың үлкен мұрағаты жинақталғаны туралы айтқан еді. Міне, соларды тарату үшін медиа алаң қажет. Сол кезде алғаш рет жаңа арна ашу идеясы айтылған болатын. Ол біздің мемлекеттің идеологиясына толық жауап береді. Келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Кейбіреулер бұл қажеті жоқ қоғамдық институт деп жүр. Мен бұл өте маңызды институт деп есептеймін. Ассамблея президент әкімшілігінің құрылымына кіреді. Ұлтаралық алауыздық мәселесіне назар аудармау өте қауіпті.
— Яғни, сіз бұл арна этнос арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға әсер етеді деп ойлайсыз ба?
– Әлбетте. Біз маңымыздағы мемлекеттерде не болып жатқанын көріп отырмыз. Егер ол елдердің басшылары шыдамды, сабырлы болып, даналық танытса, ондай олқылықтар орын алмаушы еді. Сол ақшаны соғысқа жұмсағанша, мәдениетті дамытуға жұмсаған жөн.
— Сізбен толық келісемін. Менің достарым осы бағдарламаларды қалаған тілінде көре ала ма?
– Әрине. Егер осымен айналысуға дайын болса.
— Ал жобаны кім қаржыландырады?
– Бұл ең басты мәселе. Біз арна президентіміздің саясатын ілгерілетудің құралы болады, сондықтан ол мемлекеттік болуға тиіс деп есептейміз.
— Маңызды медиаресурс ретінде ме?
– Иә. Арна Хабардың» немесе «Казахстанның» сателлиті боолса дейміз. Өйткені олардың жұмыс тәжірибесі бар: «Балапан», Kazsport, 24kz, «Білім және Мәдениет». Идеологиялық тұрғыдан арна Қазақстан халқы Ассамблеясы назары аумағындағы ықпалда боолуға тиіс. Және оның жанында құрамына этномәдени орталықтардың басшылары, қоғам қайраткерлері және шенеуніктер кіретін қоғамдық кеңес болу керек.
— Осы жобаны іске қосу үшін қанша ақша қажет?
– Ол үшін редакцияның құнын, тілдердің санын, барлық негізгі шығындарды есептеу қажет. Содан кейін сателлиті болатын жүйе құрастырушы арнаның бюджетіне түзетулер енгізу қажет.
— Сізді көпшілік Facebookтегі парақшаңыз арқылы алты баланың әкесі ретінде таниды. Жетінші рет перзентті болу жоспарыңызда бар ма?
– Ең бастысы, сіздер оның біздің қолымыздан келетініне сенсеңіздер болды.
— Біз сенеміз. Вавилон мұнарасы туралы аңыз былай дейді, бір кездерде адамдар топтасып өмір сүріп, бір бірімен бір тілде сөйлесіп бірге жүрген. Содан бір халықтан бірнеше халық шықты. Сөйтіп, адамдар әлемге тарап, жердің түкпір-түкпірінде өз қалаларын салды. Ал мұнара бұзыла бастады. Бірақ Вавилон мұнарасының сынықтары әр қалада бар. Өйткені әркім сол қаладан кеткенде, әлемде бейбітшілік болып, адамдар бір бірін түсінген кезең туралы естелік ретінде мұнараның бір тасын әкетіп отырған. Мен сіз бейбітшілікке ұмтылу үшін мына сынықты тарту етемін. Сіздің арнаға табыс тілей отырып, тіл тосқауылдарын сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін!
– Рахмет!