Осы жылғы жаздың басында Алматы облысының жол полициясы жарақтандырылған жылжымалы жаңа “Крис П” фоторадарлық кешендерін пайдалану тиімділіктің адам сенгісіз нәтижесін көрсетті. Сөйтіп, бар-жоғы осындай 15 кешен жаздың басынан бері жүргізушілердің жылдамдық тәртібін бұзуының 50 мың фактісін анықтады.
— Осы жүйе орадарлары барлығы 50 мың құқық бұзушылықты тіркеді. Олардың 28122 фактісі бойынша құқық бұзушыларға өкімдер толтырылып, жіберілді, — деп хабарлады Алматы облысының ішкі істер департаментінде.
Полиция қызметкерлері айыппұлдар мемлекеттік бюджетті қандай сомаға толықтыратынын айтуға қиынсынды.
— Кесіп айту қиын. Әкімшілік кодексінің автокөлік жүргізушілерінің жылдамдық тәртібін бұзуына қатысты бабында үш бөлім бар. Олардың әрқайсысы бойынша жауапкершілік деңгейі әртүрлі, тиісінше салынатын айыппұл мөлшері де бөлек. Айыппұлдың ең төменгі шекті мөлшері — 18500 теңге, – дейді полцейлер.
Олай болса, анықталған құқық бұзушылық санын айыппұлдың ең төменгі шекті мөлшерінің сомасына көбейтсек, шыққан сома 925 миллион теңгеге тең болады екен.
Естеріңізге салсақ, “Крис П” фоторадарлық кешендерімен полиция жаздың басында жарақтандырылған болатын. Олар құқық бұзушылықты сол қалпында белгілейді және оны кодталған түрде флеш-картаға жазады. Атап айтарлығы кешенге басқа флеш-карта орнатуға болмайды, онда радар жұмыс істемейді. Күнделікті қолданыстағы компьютер арқылы кешендегі ақпаратқа қосылу мүмкін емес. Ол аз десеңіз, кешеннің жадындағы ақпарат арнайы цифрлық кодпен қорғалған, яғни кешенденгі ақпаратты тек облыс орталығы, Талдықорған қаласындағы ақпаратты өңдеу орталығында оқуға болады.
Енді полиция қызметкері кешен жұмысыныа араласа алмайды, оның басты мақсаты — тек құралды бақылау: олардың жүргізушіні тоқтатуға құқығы жоқ, тәртіп сақшысының міндеті – жүргізушілер арасында «сүйінші» аталып кеткен айыппұл салу туралы хатты жолдау.
Тағы бір артықшылық, аталмыш кешен тәуліктің кез-келген кезінде, яғни, күндіз де, түнде де жұмыс істеуге қабілетті және оның қызметі ауқымды, тек жылдамдықты анықтаумен шектелмейді.
[gallery ids=»30713,30712,30711,30710,30708,30709″]