Ақылға қонбайтын жағдайлар бойынша тамыз елімізде ерекше орын алып отыр: ай қалай болса да ірі салдарларға әкеліп соғатын оқиғаларға толы.Мәселен, тамыздың басында шенеуніктер аппаратының қысқаратыны туралы елімізді дүр сілкіндірген ақпарат салдары әлі күнге дейін басылар емес. Ортаң қолды шолақ етектілер арасында, жақын уақытта өздерінің ведомстволарын қысқартудың жаңа толқыны басатыны туралы сыбыс толастар емес. Олардың айтуынша, минстрліктердің саны 8-ге дейін қысқарып, осындай мега-жобалар комитеттерге, департаменнттер мен агенттіктерге де қатысты болмақ-мыс.
Дегенмен мұндай ақпараттың тарауы, сырт көзге ақылға қонымсыз көрінетінін мойындаған жөн. Өйткені осы айдың басында ғана үкіметің кеңейтілген мәжілісінде оның оның қайта құрылымданатыны туралы мәлімденген еді. Нәтижесінде, бұрынғы 17 министрліктің, 9 агенттік пен 54 комитеттің, сондай-ақ 272 департаменттің жұмысы 12 министрлік пен 30 шамасындағы комитеттің иығына артылды. Ел билігі мұны «мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыру» қажеттілігімен түсіндіруде. Ал тәуелсіз сарапшылар, өз кезегінде, елімізде тым көбейіп кеткен шенеушіктер штатын асырауға елімізде ақша жетпей жатыр деп есептейді. Алайда осы мәселе бойынша саналуан пікір бар.
Осы орайда, «Север – Юг» саясаттану орталығының атқарушы директоры Юлия Якушева 365.info.kz порталына берген сұқбатында әлемдік саясат пен әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағдайда маңызды шешімдер қабылдауға қатысатын буындар санын қысқартудың аса маңызды екенін атап өтті.
— Бұл турасында Қазақстан Президенті кеңейтілген мәжілісте өте толық айтып өтті. Міне, сол кезде құрылымдық реформа өткізу туралы жарияланған еді. Егер президент пен үкіметтің жарлықтары мен өкімдерін орындауда ведомстволар арасында бірінің қызметін бірі қайталау болса, бұл қазіргі таңда жол беруге болмайтын астамшылдық. Шенеуніктер аппаратын оңтайландыру – қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей ғана емес, сондай-ақ ЕО елдері де барып отырған мәжбүрлі шара. Бұл жерде, менің ойымша, елдер арасындағы ұқсастықты іздегеннен гөрі, мұны жеке ірі компаниялардағы басқару аппаратын қысқартуға немесе басқару персоналының оңтайландырылуына ұқсатқан жөн, – дейді Юлия Якушева.
— Егер қателеспесем, Ресейде де осыған ұқсас жағдай орын алып отырғандай.Өйткені премьер Дмитрий Медведев сонау мамыр айында қаржы министрлігіне елдегі мемлекеттік қызметшілер санын 10 пайызға қысқарту жөнінде ұсыныс дайындау туралы тапсырма берген еді. Бұл, менің ойымша, мемлекеттік қызметшілерді азайту бойынша Ресей билігінің алғашқы талпынысы емес сияқты?
— Мұндай қысқартулар бес-алты жылда бір рет орын алып отырады. Ресейде ме, Түркияда ма, Литвада ма әлде Португалияда ма – ол маңызды емес. Барлығы өте қарапайым – бюрократия кез келген елде өзінен өзі арта беруге бейім. Жаңа жобаларды іске қосу, жаңа бағдарламаларды негіздеу нәтижесінде, үш жылдан кейін қысқартылған құрылмдардың орнына жаңалары пайда болады. Содан кеейін ол орындарды қайтадан тазалау қажеттігі туындайды. Бұл турасында жақында Мәскеудегі семинарда брюссельдік шенеунік әңгімеледі.Бюрократия заңы – баршаға ортақ. Өкінішке орай, бұл өмір шындығы.
— Дегенмен мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан шығару – оңай шаруа емес. Ел билігі кезекті қысқарту өткізу туралы акқпаратты жариялаған кезден бастап, өз мекемесінің елдегі ең қажетті екенін дәлелдеу үшін сол мекеме басшылары ел басшылғына кезекке тұратыны белгілі нәрсе.Басқасын айтпағанда, Қазақстанда солай болатынына сенімдімін. Ал ресейлік билік бұл мәселені қалай шешеді?
— Бұл, әлбетте, күрделі мәселе. Бірақ қою тұрғысынан емес, өйткені қайта құрылымдау әртүрлі болуы мүмкін. Олардың мақсат- мүдделері де түрлі болады. Мәселен, ірілендіру өте күрделі үдеріс. Шынында, «суперведомствоны» құру бірнеше кезеңмен жүзеге асады. Әйтпесе, біздің елдегі бүкіл жұмыс тоқтап қалады. Әлбетте, оңтайландыруға ұшыраған ведомство басшысының беделі де елеулі рөл атқарады. Оның апараттық ықпалы неғұрлым жоғары болса, ол «бірегей мамандарды сақтап қалу қажеттігін» соғұрлым тезірек дәлелдейді. Жалпы, мынан атап өткім келеді, ресейлік бюрократиялық құрылымнан білікті мамандарға әр қашан орын табылады, тіпті, олардың ведомствосы қысқартуға ұшыраса да.
— Осы орайда, Қазақстанның мемлекеттік аппаратында жүргізіліп жатқан реформалар түрлі қорларға, даму институттарына, ұлттық компаниялар мен еншілес кәсіпорындарға да қатысты болмақ. Сіздің ойыңызша, бұл неге орын алды? Өйткені, мемлекеттік аппарат өз алдына болса, жартылай мемлекеттік құрылымдардың жөні мүлдем бөлек емес пе.
— Әдетте, ешқандай кіріс әкелмейтін, өзінің болашағын дәлелдей алмаған жобаларда жұмыс істейтін мамандарды қысқартады. Мемлекеттік басқару органдарында да тиімділік белгілері енгізілген, солар бойынша белгілі бөлімшенің, тіпті, нақты шенеуніктің қаншалықты қажетті екуені анықталады. Сондықтан жаңа талаптарға жауап беретін тиімді механизмдер құру – бюджетті қысқартумен салыстырғанда, анағұрлым маңызды. Ол жаһандық мәселе. Назар аударсаңыздар, Еуропа елдерінде осындай жағдай орын алған. Сонымен қатар, мемлекеттік сектордағы және жеке немесе жартылай мемлекеттік компаниялардағы оңтайландыру принциптері өте ұқсас. Егер Ресейді алатын болсақ, ұлттық компаниялардағы жағдай мемлекеттік аппараттағыдан да қатал. Ал Қазақстандағы жағдай мүлдем бөлек.
— Жекелеген қазақстандық сарапшылар бұл жерде Кремльдің араласуын байқап отыр, олардың ойынша, қысқарту ресейлік билікке тиімді. Өйткені, көптеген өкілеттіліктер одақтық қатынастарды реттеу мақсатында құрылған ведомстволардың құзыретіне берілуде-мыс. Ал бұл жерде барлығы Ресейдің уысында.
— Тіпті, не айтарымды білмеймін, сонымен қатар, Школьникті немесе Исекешевтің ведомстволарын Ресейдің қалай «уысында ұстауы» мүмкін екенін түсінбеймін. Менің ойымша, министрлік реформалар шеңберіндегі барлық кадрлық шешімдер мен құрылымдық өзгерістер Қазақстанның өзіндегі ішкі элиталық қисынға сәйкес орын алды. Ол — ҚР президентінің ортасындағы ықпалды топтар ымырасының нәтижесі.
— Сіздің ойыңызша, қатал қысқартулар қандай зардаптар тудыруы мүмкін, қолынан «басқарудан» басқа еш нәрсе келмейтін адамдар не істейді, олар қайда барады?
— Қазақстанда Ресейдегідей, тәжірибелі басқарушы-мамандар жерде қалмайды, деп ойлаймын. Бізде, мәселен, салалық сарапшылар (аймақтар немесе алалар бойынша) міндетті түрде аймақтық коммерциялық құрылымдар мен ведомстволардан орын табады. Қазақстандағы жағдай, әрине, сізге жақсы таныс, бірақ мұнда да қысқартылған мамандар орын табады. Өмірзақ Шөкеев өткізген «тазартуды» еске алыңызшы… Енді Нұрсұлтан Әбішұлы «Самұрықтағы» кадр мәселесіне қайта оралып отыр
— Әңгімеңізге рахмет.
Көшіріп басуға тыйым салынады/