Азық-түлік бағасының өсуі, азық-түлік тапшылығы, инфляцияның өрлеуі — бұл санкция салдарынан Қазақстан басына түсетін ең көңілсіз болжамдар деп есептейді кейбір сарапшылар.
Даму және экономикалық саясат институтының директоры Павел Коктышевтың айтуынша, Қазақстанға экономикалық әсер ететінтікелей факторлар жоқ. Алайда Ресей эмбарго енгізілген тауарлардың өз аумағымен тасымалдануын қиындатуы ықтимал. Соның салдарынан импортталынатын тауарлар бағасының өсуі мүмкін.
— Мәселен, компания Қазақстанға Ресей арқылы азық-түлік тасымалдайтын болса, ондай жүктерге қасақана тиісіп, мұқият тексеретін болады. Эмбаргоның тікелей тыйым салушылық тудырып, жеткізу көлемін төмендетпеуі мүмкін, бірақ ол кейбір рәсімдерді қиындатады. Нәтижесінде, қазақстандық жеткізушілер жоспардан тыс шығындарға ұшырап, кәсіпкерлер олардың бір бөлігін тұтынушылардың мойнына атруы мүмкін. Оның үстіне, қазақстандық импорттаушылар, шындап келгенде, тауарды неғұрлым ірі ресейлік жеткізушілерден сатып алатынын атап өткен жөн. Қазақстандық нарыққа ресми түрде бағдарланудың тиімділігі бұрынғыдай төмен, – дейді Коктышев.
Павел Коктышев қазақстандық өндірушілердің Ресей нарығында босаған орынды басуы мүмкін екенін атап тті.
Алайда, экономист Меруерт Махмұтова басқа пікірде. Ол Қазақстан санкциялардан зардап шегеді деп есептейді. Өйткені біз Ресеймен одақтаспыз.
— Қырымды аннекциялаған Ресеймен одақ құрған Қазақстан басын бәйгеге тікті. Өйткені Ресейге қарсы бағытталған соққы тайқып барып Қазақстанға тиеді. Біз одақ құру кезінде өте көп келісімдерге қол қойдық: макроэкономикалық, валюталық, сауда, инвестициялық саясат бойынша. Сондықтан қазір Қазақстан өте күрделі жағдайда. Ресейлік компанияларымен және жеке тұлғалармен қызметтесу санкциялардың Қазақстанға да қарсы қолданылуына әкеліп соғады.
Меруерт Махмұтова Кремльдің азық-түліктік эмбаргосы төңірегінде ешқандай артық қиялға берілмейді:
— Бізде кейбір азаматтар осындай есерлік жағдайдан Қазақстан пайда көреді деп ойлап, бос қиялға берілуде. «Ресейді жылқы етіне тойдырамыз», деген депутаттар да көзге түсті. Қазақстан азық-түлікті, картоп пен етке дейін импорттайды. Өндіріс құру? Егер біз оны 24 жылда құра алмасақ, қазіргідей төтенше жағдайда, ол бос қиял. Қазір үкімет пен жер жердегі әкімдер Қазақстанның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойластырып, әрекет етуі керек.
Экономист Батыс Қазақстанға тауар жеткізуді тоқтатпайды деп есептейді. Алайда қазіргі жағдайда ресейлік саясат бұл азық-түліктің Қазақстаннан Ресейге тасымалдануына әкеліп соғады, әсіресе, шекара маңындағы аймақтардан.
— Сондықтан бағаның өсуі, азық-түлік тапшылығы, инфляцияның өрлеуі — бұл санкция салдарынан Қазақстан басына түсетін алғашқы толқындағы ең көңілсіз болжамдар. Болашақта бізді одан да сорақы сценарий, көмірсутектілер бағасының құлдырауы күтіп тұр. Қазақстан үшін ол экспорт пен бюджеттегі ең басты бап. Көмірсутектілер ел экспортының 65 пайызын құрайды, ал оларды сатудан түсетін табыс жиынтығы, шамамен, мемлекет табысының жартысына тең. Сондықтан санкциялардан ешқандай пайда көріп отырған жоқпын, – дейді сөзін қорытындылаған сарапшы.
Естеріңізге саламыз: тамыздың басында Ресей Евроодақ елдерінен, Америка Құрама Штаттарынан, Австралиядан, Канада мен Норвегия Корольдығынан тасымалданылатын сиыр, шошқа етіне, көкөніс өнімдеріне, яғни, көкөніс пен жеміс-жидек, құс етін, балық, ірімшік, сүт және сүт өнімдерін жеткізуге толық тыйым салуды енгізді. Қазақстан мен Беларусь Ресейдің сауда эмбаргосын қолдаудан бас тарты. 12-тамызда Норвегия Еуроодақ пен АҚШ енгізген санкцияларға қосылды.