Жол полициясы қызметкерінің әрекеті заңмен белгіленген. Егер жүргізуші оларды білсе, инспектордың өз еркімен кез-келген көлікті тоқтатуы екі тарапқа бірдей елеулі салдар әкелуі мүмкін.
Үстіміздегі жылғы 16-сәуірде күшіне енген автоинспекторлардың жол үстіндегі тәртібінің жаңа ережелері ҚР Ішкі істер министрлігінің Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығында толық жазылған. Бірақ оны жүргізушілердің көпшілігі біле бермейді.
Ал шынтуайтқа келсек, жол үстінде автоинпектор мен жүргізуші арасында туындайтын кикілжіңдер жүргізушінің өз құқықтары мен полиция қызметкерінің міндеттерін білмеуі салдарынан туындайды. 365info порталы осы «олқылықтың» орнын толтыру мақсатында жол полицейі жүргізушімен сөйлескенде сақтауға міндетті «ережелер жиынтығын» жариялап отыр.
Осы Ережелердегі 4-тараудың 17-тармағында былай делінген: «патрульдік көлікті оны көрінуден жауып тұратын тосқауылдардың (ағаштар, ғимараттар мен құрылыстар, жарнама ілінген құрылғылар) артына, сондай-ақ тоқтауға және тұраққа тыйым салынған жерлерге қоюға болмайды, бұл талаптар жаяу нарядтарға да қатысты».
Айтпақшы, 8-тараудың 47-тармағы бойынша көлік құралдарын себепсіз тоқтатуға және кідіртуге тыйым салынған. Дегенмен, құжаттарды тексеру желеуімен көлікті тоқтату олардың қатарына жтпайтын сияқты. Ол турасында 4-тараудың 21-тармағында айтылған: «жол-патруль полициясы тұрақты бекетерінің қызметкелеріне қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында көлік құралдарын, жүктерді, тіркеу және жүргізушілердің құжаттарын, көліктік-ілеспе құжаттаманы тексеру жүктелген».
Жаңа ежелерде былай делінген: «көлік құралдарын тоқтату аз ғана мерзімге және қозғалысқа кедергі келтірмейтін жерлерде жүзеге асырылады. Қозғалыс бағытымен жүріп бара жатқан қалалық қоғамдық көлікті (автобустар, маршруттық таксилер, троллейбустар, трамвайлар) тоқтатуға ЖҚЕ бұзылған жағдайда, тек жүргізушіге оның тарапынан бұзылған ереженің мәнін түсіндіру үшін және артынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру мақсатында бағыттағы соңғы аялдаманың орналасқан жерін білу үшін рұқсат беріледі».
Дегенмен, жүргізушілер үшін ең қызықтысы – «Жол қозғалысы қатысушыларымен әрекеттесу» деп аталатын 11-тарау:
Оған сәйкес, жол-патруль полициясы қызметкерлерінің жол қозғалысы қатысушыларымен әрекеттесуі заңдылықты қатаң сақтауға, өз міндеттерін нақты орындауға негізделіп, құқық бұзушылықтың алдын алуда және олардың жолын кесудегі сенімділігі, батылдығы мен бірбеткейлігі азаматтарға деген сыпайылығы мен құрметімен үйлесуге тиіс.
Жол қозғалысы қатысушысымен қарым-қатынасқа түскенде жол-патруль полициясының қызметкері лауазымын, арнайы атағын және аты-жөнін айтып, өзін таныстырады, содан кейін көлік құралын тоқтатудың себебін хабарлайды. Азаматтар шағымданғанда, осы талаптарды орындап, өз құзыреті шеңберінде көмек көрсету үшін шаралар қолданады, ал қажет болған жағдайда қойылған мәселені шешу үшін қайда бару креректігін түсіндіреді.
Азаматтармен сөйлескенде жол-патруль полициясының қызметкерлеріне сөз таластыруға, шыдамсыздық танытуға, дөрекілікке дөрекілікпен жауап беруге жол беруге болмайды, ол сабырылық сақтап, байсалдылық танытуға тиіс.
Жол-патруль полициясы қызметкерінің әрекеті жол қозғалысына қатысушыларға түсінікті болуға тиіс, ал жүргізушілерге беретін белгілері басқа көлік құралдарына мәжбүрлі кедергі келтірмеуі үшін (көлік шұғыл тежеу қажеттілігі, маневрлер жасау) дер кезінде берілуге тиіс.
Көлік құралын тоқтатқан кезде жол-патруль полициясының қызметкері жүргізушінің қасына кешікпей келіп, тоқтатудың себебін түсіндіреді.
Жүргізуші немесе жолаушы қылмыс жасады деген күдік болған жағдайда көлік құралын тоқтатудың шынайы себебін айтудың қажеті жоқ. Атап айтарлығы, мұндай жағдайда жол-патруль полициясының қызметкері өз әрекетінің шынайы сипатын аңғартпай, жүргізушімен сөйлесуге сылтау табады.
Азаматтар дұрыс түсіну үшін оларға қатысты бұйрықтар қысқа және түсінікті түрде берілу керек.
Құқық бұзушыға оның әрекеттерінің заңсыз екенін сыпайы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің және жол қозғалысы ережесінің тиісті баптарына сілтеме жасай отырып, сенімді түсіндіру керек.
Құқық бұзушыны ЖҚЕ бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде жол-патруль полициясының қызметкері оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 584-бабына сәйкес оларға өздерінің құқықтарын түсіндіреді.
Даулы жағдай немесе наразылық туындаған кезде, полиция қызметкері жол қозғалысына қатысушының талабы бойынша өзінің кеудебелгісінің номерін хабарлайды және қолынан шығармай, қызметтік куәлігін көрсетеді, содан кейін өзінің әрекеттеріне шағым жасау құқығы мен оның тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ азаматқа өз келіспеушілігін жазбаша түрде білдіруді ұсынады. Осының барлығы әкімшілік құқық бұзушылық турала хаттамада жазылады және қосымша материалдар негізгі материалдарға қосылып, тігіледі.
Құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде жол-патруль полициясы қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуді , орын алған құқық бұзушылықтың елеулілігін және орын алуы мүмкін салдарын және өздеріне жүктелген міндеттерді басшылыққа алады.
Егер жүргізуші өзінің кінәлі есмес екеніне берік сенімді болып, куәгерлер және оның кінәлі екенін дәлелдейтін фото- және бейнетүсірілім түріндегі дәлелдемелер болмаса, онда заң жүргізуші жағында болады.
Заң сәйкес, жүргізушіні дәлелденбеген айыптар бойынша жауапкершілікке тартуға болмайды. Жүргізуші құқық бұзушылықпен келіспеген жағдайда, кінәсіздік презумпциясына сәйкес, жазаға тартудан босатылады. Өйткені ол өзінің кінәлі емес екендігін дәлелдеуге міндетті емес, қайта уәкілетті орган оның кінәсін растайтын шынайы дәлелдемелер келтіруге міндетті.
Істі бұрмалауға жол бермеу үшін заңгерлер келесі ұсыныстарды ұстануға кеңес береді:
Хаттамаға қол қойған кезде, міндетті түрде онымен танысқаныңызды, бірақ келіспейтіндігіңізді міндетті түрде көрсетіңіз. Оның қандай тармағымен келіспейтіндігіңізді атап көрсетіңіз.
Құқық бұзушылықты рәсімдеген полиция қызметкері туралы жеке мәліметтерді жазып алыңыз, егер ол заңға қайшы әрекет етсе, сіз кез келген уақытта оның әрекеттеріне негізделген шағым бере аласыз.
Инспектормен болған әңгімені диктофонға жазып алыңыз, заманауи ұялы телефондарда ондай қызмет бар. Әңгімені жазып алатыныңызды айтып; инспекторға «приборды» көрсетіңіз, тіпті, ол жұмыс істемесе де.
Ал ең бастысы, өзіңізді сенімді ұстауға тырысыңыз. Инспектормен «саудаласпаңыз», керісінше әңгімені заңды тұрғыға аударыңыз. Хаттама толтыруды талап етіп, куәгерлерді шақырыңыз.