Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің (ҚТҚЖБ) жұмысын кезеңмен негізсіз сынға алуды тек ребрединг өткізу арқылы тоқтатуға болады, деп есептейді сарапшылар.Өз атауынан «құрылыс» деген құрама сөзді алып тастаған қаржы мекемесі тек өз жұмысының бағыттары үшін жауапты болып, әкімдіктер жұмысындағы кемшіліктер үшін есеп беруден құтылады.
«Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасының тиісті деңгейде орындалмай жатқандығы туралы көпшілік тарапынан және жоғары мінберлерден айтылған қатаң сын көп ретте нысанаға дөп тимейді. Оның себебі мынада, қарапайым адамдар бағдарламаны жүзеге асыру бойынша үкімет атынан әрекет ететін аймақтық министрлігі, жергілікті атқару органдары мен Тұрғынүйқұрылысжинақбанкініңарасында міндеттердің қалай бөлінетінін білмейді.
— «Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында біздің банк тек қаржы операторының міндетін атқарады, – дейді банк басқармасы төрағасының орынбасары Ербол Қарашөкеев. – Бағдарлама бойынша үй салу үшін алдымен әкімдік жобалау-сметалық құжаттаманы дайындайды. Одан кейін үкіметке бюджеттік тапсырыс жібереді. Үкімет оны қолдайды және бюджеттік несие бөледі.Одан кейін жергілікті атқару органдары тендер өткізеді, байқау талаптарына сәйкес құрылыс жүргізушіні анықтайды және құрылысты қаржыландырады.Сондай-ақ олар, яғни, жергілікті атқару органдары құрылыс сапасын және мерзімін бақылайды.Құрылыс мерзімінің бұзылуына банктің еш қатысы жоқ.Банк мақсаты — барлық санаттағы сатып алушылардың тізімін қалыптастыру. Жас отбасылары бойынша бізге тізім жібереді, біз олардың төлем қабілеттігін тексереміз. Егер басқа саннаттағы азаматтарға арналған баспанаға келетін болсақ, біз тұрғын үй сатып алушылардың тізімін қалыптастырамыз, тиісінше олардың баллдарын, төлем қабілеттігін, яғни, жинақтау кестесін қараймыз.Одан кейін әкімдікке сатып алушылардың аты-жөні көрсетілген тізім жолдап, олардың төлемақыны өтеуге қабілетті екеніне және бас пананы сатып алатынына кепілдік береміз.Әкімдік құжаттарды рәсімдейді. Сөйтіп, жергілікті атқару органы, яғни, әкімдік әр адаммен сатып алу-сату кеелісімін рәсімдеп, банкке жібереді. Ал біздің мақсатымыз баспананың сатып алынуын қамтамасыз ету.
Бұдан ары шатастырулар болмауы және Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің жауапкершілігі аумағын нақты белгілеу үшін қаржы сарапшылары банк атауынан «құрылыс» деген құрама сөзді алып тастаса болды дейді. Бұл банктің құрылысқа ешқандай қатысы жоқ екенін айқындап, оның тек салушылардың қорланымының сақталуына және жоба әкімшісі, яғни аймақтық даму министрлігінің барлық ережелері бойынша «Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасының несилендіруіне жауапты екенін белгілейді. Сонда құрылыс мерзімі мен сапасына айтылатын сын оған жауап беретіндерге бағытталатын болады дейді сарапшылар.