Маусымның басында Алматыда атышулы сот үдерісі аяқталды: «Алматы» баскетбол клубының директоры Александр Шестернев пен осы команданың бапкері Игорь Тихоненко 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал осы аптаның басында Азиада штабы қызметкерлерінің бірі Айдар Мусиннің ісі сотқа берілгені белгілі болды. Оған алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысты деген айыптар тағылуда.Мұның сыртында, Қостанайда лауазымды тұлғаға пара беруге тырысқан осы қаланың дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұрынғы басшысы Ғалымжан Ержанов құрықталды.
Елді айтарлықтай дүрліктірген осы оқиғаларды басшылыққа ала отырып, 365info.kz порталы қазақстандық спортта соңғы үш жылда орын алған ең атышулы қылмыстық істердің рейтингісін дайындады.
Спорт түрі: баскетбол
Клуб: «Алматы» БК
Фигуранттар: клуб директоры Александр Шестернев, бапкерлер Игорь Тихоненко мен Оксана Антипова
Алматы баскетбол клубындағы түйіткілдер осыдан бір жарым жыл бұрын басталған-ды. Дәл сол кезде ерлер және әйелдер командаларын қаржыландыруда іркілістер пайда болды. 2013-жылғы мамырда бір қатар ойыншылар өздеріне еңбекақы төлеуді талап етіп, сотқа жүгінді. Үдеріс барысында баскетболшылардың бірі 4 млн теңгеден астам қаржыны өндіріп алды. Прокуратора өкілі клубта тексеру жүргізу туралы анықтама шығарды. Оның соңы әйгілі сот үдерісіне ұласты.
«Алматы» баскетбол клубының директоры Александра Шестерневқа және бапкерлері Игорь Тихоненко мен Оксана Антиповаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өткен жылғы желтоқсанда Игорь Алексеевичке іздеу жарияланып, үстіміздегі жылғы қаңтарда ол құрықталып, қамауға алынды.
Сот барысында айыпталушыларға қомақты қаржыны иемденгені жөнінде айыптар тағылды. №2 Бостандық аудандық сотының үкімінде мемлекетке келтірілген залалдың сомасы 15 млн теңгеден асып түскені біреше рет айтылған.
Сот үкімі көпшілікті төбеден жай түскендей, есінен тандырды: Александр Шестернев пен Игорь Тихоненко 8 жылға сотталып, мүліктері тәркіленсе, Оксана Антипованың жазасы жұмсақтау болды – ол 5 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылды.
Атап айтарлығы, бұл «Алматы» баскетбол клубы басшылығының бірінші рет сотқа тартылуы емес. Мәселен, 2011-2012 жылдарындағы сот үдерісінен кейін сол кездегі клуб директоры Сергей Шмаков шартты түрде , 6 жылға бас ботандығынан айырылған болатын.
Спорта түрі: волейбол
Клуб: «Атырау» ВК
Фигуранттар: Атырау облысы спорт және туризм басқармасының басшысы Берік Жанкеев, «Атырау» волейбол клубының директоры Жеңісбек Мұқанбетжанов, бас бапкері Александр Запевалов, бухгалтері Светлана Харькина.
2013 жылдың басында Атырау облысы қаржы полициясының департаменті осы өңірдің дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Берік Жанкеевке, «Атырау» облыстық волейбол командасы» мемлекеттік қазыналық коммунаплдық кәсіпорнының директоры Жеңісбека Мұқанбетжановқа, «Атырау» командасының бас бапкері Александр Запеваловқа, сондай-ақ бухгалтер Харькинаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл адамдар «оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін шетелге іссапарға шығу жөніндегі жалған құжаттарды рәсімдеген». Нәтижесінде жалпы сомасы 28 млн теңге қаржы қымқырылған. Сәл кейінірек, қаржы құжаттары зерттелгеннен кейін, осы адамдарға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бюджетке келтірілген залал 52 млн теңге сомасына бағаланды.
Ұзамай қаржы полициясының қызметкерлері қылмыстық істің қайта қаралып, «бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау, чсондай-ақ оған қатысу» деген айыпқа өзгертілгенін хабарлады. Сөйтіп, 5 жыл ішінде 239 млн теңгенің қолды болғаны анықталды.
Сот үкімі де жұмсақ болған жоқ: істің барлық фигуранттары, Берік Жанкеевтен басқасы, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы ірі спорт шенеунігі біраз уақыттан бері мемлекетаралық іздеуді.
Спорт түрі: допты хоккей және басқалары
Клуб: «Ақжайық»
Фигуранттар: Батыс-Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, БҚО спорт және туризм басқармасының экс-бастығы Мүслім Ұндағанов, жоғары спорттық шеберелік мектебінің директоры Меңдіқан Жәкенов
Ең әйгілі сот үдерісі Орал қаласында болды. «Салтанаттың бас кейіпкері» Мүслім Ұндағанов атанды, кезінде оның лауазымын санауға қолдағы он саусақ та жетпейтін еді. Ол әкім орынбасары, спорт және туризм басқармасының басшысы қызметтерін атқарды, жарыстарды оны «облыстық федерация басшыларының бірі» деп таныстыратын.
Былтыр түрлі дәйектер бойынша оған қатысты 20-дан астам қылмыстық істер қозғалды. Ол қылмыстық құрды және 200 млн теңгеден астам ақшаны қымқырды, деп айыпталды. Бұл жолы да бюджет қаржысын қолды ету қарапайым жолмен жүзеге асырылған: ақша болмаған оқу-жаттығу жиындарына жұмсалды, деп есептен шығарылған.
Үстіміздегі жылғы 17-ақпандағы сот үкімімен Мүслім Ұндағанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жоғары спорттық шеберелік мектебінің директоры Меңдіқан Жәкенов 11 жыл өмірін түрмеде өткізетін болды, ал Қоныс Жетпісов и Тұрарбек Бекарыстанов 8 жылға сотталды.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Ұндағанов мырзаны 2009 жылы марапатталған «Құрмет» құрметті белгісінен айыруға әрекет етуде.
Қазақстан спортында қылмыстық істердің көп болғаны соншалық, оларды бақылауға үлгермейсің. Төменде біздің рейтингке кіргендерін беріп отырмыз:
Қайда? Астана
Қатысушылар: «Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиялық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп–интернат-колледжі» республикалық мемлекетік мекемесінің лауазымды тұлғалары мен жеке басы анықталмаған адамдар.
Тергеу материалдары бойынша, олар екі жылға жуық уақыт «алдау және сенімге қиянат ете отырып,жеке кәсіпкер «Б-мен» жалған келісім жасау арқылы» жаттығулар өткізуге спорт залын жалға алдық, деп көрсетіп,мемлекетке 7,6 млн теңге көлемінде залал келтірген».
Қайда? Бейнеу, Маңғыстау облысы
Қатысушы: Маңғыстау облысы Бейнеу қаласы спорт мектебінің директоры.
Қаржы полициясының сайтында «2008–2011 жылдары жұмыс істемейтін М. Және М. Деген азаматтардың есебіне ақша аудару арқылы мемлекетке 1 млн теңге көлемінде залал келтірген».
Қайда? Шымкент
Қатысушы: «Шымкент қаласы әкімі аппараты дене шынықтыру және спорт бөлімі № 6 спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры
Тергеу органдары мекеме басшысы нақты жұмыс істемеген С. деген азаматты жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрықты бекіткен. Бұл қызметтік алдауға және 481 870 теңге сомасындағы қаржыны қымқыруға әкеліп соққан.
Қатысушы: «Шымкент қаласы әкімі аппаратының дене шынықтырук және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің директоры.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол «іс жүзінде орнатылмаған 9 дана бокстік рингтің орнатылғаны туралы жалған қабылдау актісін бекіткен», содан кейін бір жеке кәсіпкердің сесбіне 10 млн теңгеден астам қаржы аударған.