Шет елге шығуға тыйым салынған «қара тізімге» 108 мыңнан астам отандастарымыз енгізіліпті. Дегенмен айлакер борышкерлер бұл жерде де сытылып шығудың заңды жолдарын тапқан көрінеді, сөйтіп, тіпті, 2 млн доллар қарызбен сүйікті елінің шекарасынан қымысынбай, еркін шығып жүр.
Оның бірнеше жолдары бар екен. Атап айтарлығы, олардың барлығы ресми жолдар.
– Әдетте, ең ауқымды қарыздар кампанияның бірінші басшысы жауап беретін заңды тұлғаларда болады, – дейді осы саладағы жағдайды түсіндіре бастаған жеке сот орындаушысы Мұхтаржан Қадыров. – Олар не істейді? Директорлар кеңесін шақырып, кампания жетекшісін формалды түрде қайта сайлап, бұл лауазымға күзетшіні немесе жургізушіні тағайындайды. Мұндай жағдайда қарызды тек сот аудара алады, деп есептеймін.
Миллиондаған қарыздарға қарамастан шекарадан сытылудың тағы бір жолын кәнігі борышкерлердің өзі айтты. Оны жүзеге асыру үшін автомобильмен Ресейге сапар шегуге болады, ол Кедендік одақ бойынша біздің серіктесіміз, сондықтан шекарадан асу кезінде шекара қызметімен ісіңіз болмайды. Ал ол жақтан ешқандай кедергісіз әлемнің кез келген еліне кете аласыз. Әрине, жол біраз уақытыңызды алады, бірақ қарыз қомақты болса, ол ешкімді тоқтата алмайды.
Үшінші әдіс – сот приставтарынан шектеуді шегеруді өтіну. Мәселен, егер іссапар табыс табумен байланысты болса, өз приставаңызға жазған өтінішіңізде бұл іскерлік сапардың қарызыңызды өтеуге көмектесетінін көрсетіңіз: сот орындаушының оны қабыл алуы ғажап емес..
– Өз басым шет елге шығуға шектеуді екі жағдайда шегере аламын – жақын адамның сырқат немесе қайтыс болуы, – дейді Мұхтаржан Қадыров. – Қалған жағдайларда мен ешкімге сенбеймін. Қарызды өтемеу үшін адамдардың қандай қулыққа баратыны сіздің ойыңызға да кіріп-шықпайды.
Борышкерлердің шет елге шығуын уақытша шектеу бірнеше жылдан бері қолданылып келеді. Десек те, борышкерлердің көпшілігін шекарашылар тура шекарадан кері қайтаруда. Сөйтіп, салы суға кеткен борышкер чемоданын арқалап, шекарадан кері қайтуға мәжбүр.
«Қайдағы бір қарыз үшін жаңа ғана поездан түсіріп тастады, айыппұл салынғаны жөнінде ешқандай хабарламалар алған жоқпын, ешкімге қарызым ад жоқ сияқты. Шекарашылар да ештеңе айта алмайды, түсініктемелер алу үшін Ақтөбеге бару керек… – деп жазады өзінің Facebook-тегі парақшасында дмейірімді айти маманы Руслан Ыдырысов. – Түсініксіз бір нәрсе.. Біреудің басынан қатты затпен қойып қалғым келеді.… Үйге келген соң жағдайды анықтаймын, ал қазір Ақсайға қалай жетуді ойластыруым керек…»
Адвокаттарға сенсек, «күйіп кеткен» билеттердің құнын, жүзеге аспаған іссапар немесе «сәні» кеткен демалыс үшін өтемақы өндіру мүмкін емес. Шекарашылар әрекеті толығымен заңды.
– Борышкерден, мәселен, 1 млн теңгені қалай өндіруге болады? Оның пәтерін сатасыз ба? Алайда пәтердің құны аталмыш сомаға пара пар емес, – дейді Алматы қаласы адвокаттар алқасының двокаты Владимир Турамшев. – Сондықтан сот орындаушылары олардың шетелге шығуын шектейді. Көп ретте ол адамдарды борышын өтеуге итермелейтін жалғыз пәрменді шара.
Қазір шет елге шығар алдында өзіңіздің шетке шығуға тыйым салынғандардың тізімінде жоқ екеніңді тексерген жөн екенін барлығы біледі.
– Мен өзімнің шетке шығуға тыйым салғандар тізіміне енгізілгенімде кездейсоқ білдім, – дейді «Andasanda production» қызметкері Дмитрий Багрофф. – Досым өзін ұшаққа кіргізбегенде мені тізімнен көріп қалыпты. Сөйтсем, бір жылға көлік салығын төлемеппін. Соттан ешқандай хабарлама алған жоқпын, сондықтан білмедім. Қарызымды жылдам төлеп, квитанцияны сот орындаушыларына апарып бердім. Олар мені тізімнен алып тастады.
5 АЕК көлеміндегі қарыз мезгілсіз кезде шет елге шығармауы мүмкін.
– 10 мың теңге қарыздың өзі қырсығын тигізуі мүмкін, атап айтарлығы, оның қайдан шыққанының ешқандай маңызы жоқ, – дейді Мұхтаржан Қадыров. – Олар төленбеген салықтар, алименттер, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдар, банк несиесі, коммуналдық қызмет қарыздары немесе көршіге қарызың, яғни, кез келген қарыз болуы мүмкін – қалай болған жағдайда да борышкерді елден шығармайды.
Айтпақшы, сот шешім шығарып, сот приставы іске кіріскеннен кейін, қарыз сомасы автоматты түрде өседі:
– Іс сот орындаушыларына түскеннен кейін қарызды өз еркімен төлемеген адамдарға санкциялар қолданыла басталады, – дейді жағдайды түсіндірген Владимир Турамшев. – Іс приставтарға берілгеннен кейін ұқыпсыз борышкер тек өзінің қарызын ғана емес, сонымен қатар қарыз сомасына үстеме төлей бастайды, ал ол 3 пайыздан 25 пайызға дейін болуы мүмкін.
Осы орайда, Қазақстанда қарызыңыздың бар не жоқ екендігі туралы ақпаратты тексеретін қызет бар : http://www.adilet.gov.kz/ru/reestr-dolzhnikov. Ниет білдірген әр адам іздеуге өзінің жеке мәліметтерін енгізіп, қарызының бар-жоғын тексере алады. Алайды адамдардың барлығы бірдей бұл қызметке жүгінбейді. Көп ретте сот орындаушылары борышкерлердің қыр соңына түсіп, ал борышкерлер олардан тығылып жүреді.
Қазақстанның кейбір қалаларында ар-ұяты оянар деген үмітпен борышкерлердің аты-жөнін көшелердегі билбордтарға жазып қояды, бірақ оған қарағанда, шет елге шығармау пәрмендірек әсер етуде.
– 2000-жылдардың басында сот приставтары қызметі қарыздарды өндірудің тиімділігін қамтамасыз етуге қауқарсыз болған еді. Небәрі 15пайыз жинайтын, – дейді Мұхтаржан Қадыров. – Бүгінде борышкерлермен жұмыс тиімдірек бола түсті. Қазір бізде қарызын өтеуге қаражаты жоқ, ал шет елге саяхат жасауға ақшасы табылатын борышкерлер өте көп. Ең соңғы сәтте шетке шығу мүмкін емес екеніне көзі жеткенде, көпшілігі тура әуежайда қарызын өтей бастайды. Қазір біз 50-60 пайыз жинаймыз.