Жол апаты 22-шілдеде, шамамен сағат 12-50-де Шымкент қаласының Мартөбе ауылындағы жанармай құю бекетінің маңында орын алды, — деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
25-жастағы Ақсукент ауылының тұрғыны өзінің «Мерседес-Бенц» автокөлігіне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, «Ауди-80» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Ауди-80» автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі таңда жәбірленушілердің жеке тұлғалары анықталуда. Анығы, қаза болғандардың төртеуі де 25-35 жас шамасы аралығындаға азиат нәсілді азаматтар, екеуі әйел адамдар. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.