Бірдей қылмыс жасаған шенеунік пен қарапайым адам екі түрлі жазаға тартылды.Алғашқысы 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылса, екінші жағдайда сотталшылар 14 жылға түрмеге тоғытылып, олкардың мүлігі тәркіленді.Осы орайда, шешендіке мәселе туындайды: осы үкімдер бір біріне қаншалықты пара пар?
Ьұл оқиғалардың «кейіпкерлері» ауыр қылмыс жасауға – бала ұрлауға қатысқан. Бірақ олар әр түрлі жазаға тартылып отыр…
Жаздың басында Таразда 6-жасар баланы ұрлаған Сарысу аудандық әкімдігінің бұрынғы қызметкері сотталды. Шенеуніктің аты аталмады.
Іс материалдарынан:
«Айыпталушы Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің экономикажәне статистики бөлімінде жұмыс істеген… Баланы ұрлаған ол оны әкімдік ғимаратындағы экономика және статистики бөлімінің кабинетіне жасырған… Сотталушы өзінің банк несиесі бойынша қарызын өтеу үшін баланың ата-анасынан 200 мың теңге бопсалаған».
Біздің әділ және гуманизмге негізделген сот бопсалаушы-шенеунікті «Кәмелетке толмаған баланы пайдакүнемдік ниетпен ұрлау» бабы бойынша кінәлі деп, тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ… шартты түрде.
Сот үкімінен:
«ҚР ҚК 63-бабының негізінде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты деп есептелінді және оған екі жылдық сынақ мерзімі тағайындалды».
Сот «сотталушының жас болуын (22 жас – ред.), оның бұрын сотты болмағанын, жұмыс орнынан алынған жағымды мінездемені» ескеріпті.
Виталий Мұхамеджанов, Таир Махмұтов, Әзиз Құдайбердиев, Евгений Цой, ағымдағы жылғы ақпанда кеәмелетке толмаған 14-жасар мектеп оқушысын ұрлады деген күдікпен құрықталған.
Іс материалдарынан:
«2014 жылғы қаңтарда тұрақты табыстары жоқ Махмұтов пен Мұхамеджанов ақша бопсалау үшін адам ұрламақ болып келіседі. Сөйтіп, олардың назарына қаладағы ірі сауда үйлерінің бірінде қыдырып жүрген, әдемі киінген 14-жасар мектеғп оқушысы түседі. Жасөспірімнің ата-анасы дәулетті адамдар екеніне сенімді Мұхамеджанов пен Махмұтов оны ұрлап, артынан оның ата-анасынан баланы босату үшін 150 мың доллар талап ету жөнінде шешім қабылдайды… Артынан қылмысқа Құдайбердиев пен Цой тартылған. Цойға баланы күзету тапсырылыпты».
– Егер сіз ол бозбалаларды көрсеңіз ғой – түрлі боевиктер көріп, солардың сценарийі бойынша әрекет етпекші болған қарапайым аңқау есерсоқтар, – дейді айыпталушылардың бірінің адвокаты.
Алайда сот айыпталушылардың «қарапайымдылығын», жас шамасын және бұрын сотты болмағанын назарға алған жоқ. Жазалау қатал болып шықты.
Сот үкімінен:
«Барлық төрт сотталушы алдын ала келісім бойынша топтасып, кәмелетке толмаған баланы пайдакүнемдік ниетпен ұрлағаны, сондай-ақ алдын ала келісім бойынша аса ірі көлемде мүлік иелену мақсатында бопсалау жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Жазаны ішінара қосу жолымен Виталий Мұхамеджанов жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеумен 15 жылға, Таир Махмұтову, Әзиз Құдайбердиев, Евгений Цой 14 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Барлық сотталушыларға мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жаза қолданылды. Сондай-ақ сот сотталушылардан ортақ тәртіппен жәбірленушінің пайдасына 525 мың теңге көлеміндегі материалдық залалды және моральдық зиянды өтеу түріндегі 3 млн. теңгені өндіруді белгіледі».
Заң – өзін өркениетті санайтын кез келген қоғамның іргетасы. Ежелде Аристотель заң кез келген моральдан жоғары тұрады, деген екен. Ал Рим құқығында, тіпті, ең нашар заңның болғаны, оның болмағанынан ЖАҚСЫ… бірақ ол сол заңды таңдап пайдаланудан НАШАР деген қағида бекітілген.