Қазақстан Физика олимпиадасында үздік 20 елдің қатарына енуді жоспарлауда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiпов мәліметті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«IPhO-2014 физика пәні бойынша 45-ші халықаралық оқушылар олимпиадасы Қазақстанда өткелi отыр. Биыл оған қатысатын елдердің саны рекордтық көрсеткішке жетті. Әлемнің 85 елiнен 700-ден астам оқушы келдi. Олимпиада Назарбаев Университетiнде өтедi. Қазақстаннан 5 оқушы қатысады», – деп атап өттi ол.
Олимпиадаға ұлттық физика олимпиадалары жеңімпаздары арасынан мектеп түлектері мен мектеп бітіру алдындағы сыныптардың оқушылары қатысады.
Қазақстан намысын халықаралық олимпиадада мектеп оқушыларының Жәутіков халықаралық олимпиадасының алтын медаль иегері, физикадан Азия олимпиадасының күміс жүлдегері, физикадан халықаралық олимпиада күміс медалі мен республикалық пәндік олимпиададағы алтын медаль иегері Әмір Бірәлин, халықаралық Жәутіков олимпиадасы күміс медалінің, республикалық пән олимпиадасының алтын медалінің иегері Иса Данат, республикалық пән олимпиадасы алтын медалінің және физикадан халықаралық олимпиаданың қола медалінің иегері Нұрбек Дінмұхаммед, «Туймаада» мектеп оқушылары халықаралық олимпиадасы қола медалінің, халықаралық Жәутіков олимпиадасы күміс медалінің, физикадан Азия олимпиадасы құрмет грамотасының және Республикалық пән олимпиадасы алтын медалінің иегері Тұрсынбек Нұрислам, жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану ғылымдары олимпиадасы мен халықаралық Жәутіков олимпиадасы күміс медалінің, республикалық пән олимпиадасы алтын медалінің иегері Дәулет Құрмантаев қорғайды.
«Қазақстан аталмыш халықаралық олимпиадада өзiнiң көрсеткiштерiн жыл өткен сайын арттыруда. Биыл бiзде үмiт көп, себебi өз жерiмiзде өтiп жатқандықтан, оқушылар өздеріне сенiмдi болары сөзсiз. Жалпы олимпиадаға қатысқан жылдар iшiнде Қазақстанның қоржынына 45 медаль түскен. Оның 8-і — алтын, 20-сы — күмiс,17-сі — қола. Бiздiң басты бәсекелестерiмiз — Жапония, Америка, Қытай. Соңғы кездерi бiрқатар Азия елдерi де өз деңгейлерiн арттырып келедi. Осы жылы бiз ондыққа енбесек те, үздiк жиырма елдiң қатарында боламыз деген болжам бар», — дедi министр.