Алматы қаласының қаржы полициясы «2011 жылғы 7 Азиядалық ойындарын Ұйымдастыру комитетінің Атқару дирекциясы АҚ» телерадиотаратылым және медиатехнология басқармасының бұрынғы басшысы Айдар Мусинге қатысты қылмыстық істердің тергеуін аяқтады, — деп хабалады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қаржы полициясының ақпараты бойынша, Айдар Мусинге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алды немесе ысырап етті, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, аса ірі көлемдегі аляқтық жасады және жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру ниетінсіз мәміле жасасады деген айыптар тағылуда.
Тергеу барысында тергеушілер анықтағандай, Мусин 2009-2010 жылдар аралығында «Q-Service» ЖШС-де кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысып, аталған серіктестікке қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындауға бағытталған келісім шарттар жасасуға қолдау мен жеңілдіктер көрсетіп, жалған кәсіпорындардың есеп-шоттары арқылы мемлекеттің 800 млн. теңгесін жымқырған. Бұл ақшаның бір бөлігіне ол Алматы қаласында жылжымалы мүлік және қымбат автокөліктер сатып алған.
Сондай-ақ тергеу барысында мемлекетке келген шығынды өндіріп алу мақсатында айыпталушы Мусиннің 70 млн. теңгені құрайтын мүлкі тұтқындалды.
Қазіргі таңда А. Мусинге қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.