Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер жайына ақпарат берген төрт адамға жалпы сомасы 484.6 мың теңгені құрайтын қомақты сыйақы берілді, деп хабарлайды Атырау облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың алдын алу бойынша қолға алынған шаралардың аясында жыл басынан бері 57 хабар келіп түсті. 30 қылмыстық іс қозғалды. 4 азаматқа жалпы сомасы 484.6 мың теңгені құрайтын сыйақы берілді. Қалған істер қазір тергелуде», — деп хабарлады Атырау облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.