Солтүстік Қазақстан облысында 9 маусым күні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы Стабаев Ербұлан Торсанұлы із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы өңірдің ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«2014 жылдың 9 маусымы кешкі уақытта Қызылжар ауданының Ивановка ауылының маңындағы «Мирас» лагерінен белгісіз бағытта 1976 жылы туған Стабаев Ербұлан Торсанұлы кетіп қалып, осы кезге дейін оның қайда екені белгісіз», — деп көрсетілген хабарламада.
Сонымен бірге, 11 маусымнан бері Есіл өзенінде облыстың ТЖД суда құтқару қызметі іздеу жұмыстары жүргізіп жатыр. Мәйіт табылған жоқ, деп хабарлады аймақ құтқарушыларының баспасөз қызметінен.