Қазақстан полициясы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің жұбайларымен және балаларымен кездесу ұйымдастырылды, — деп хабарлайды ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында әкелері қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан 16 жас шамасындағы 16 жасөспірім тұрып жатыр. Осы балалардың барлығына сыйлықтар — планшеттер, ноутбуктер, цифрлық фотоаппараттар, бейнекамерлары, велосипедтер, сауықтыру лагеріне жолдамалар тапсырылды.
— Бұл сыйлықтар балаларға қуаныш сыйлады және біздің оларға деген қамқорлығымыздың бір бөлігі іспетті. Қызметтік міндеттерді орындау барысында қаза болғандардың есімі бүгін тыныштық күзетінде тұрған тәртіп сақшыларының жадында мәңгілік сақталады, олардың ерлігі полицияның жас қызметкерлері үшін ерлік пен қызметтік міндеттерді адал орындаудың үлгісі, – деді ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майор Рашид Жақыпов.
Жалпы, тәуелсіздік жылдарында Шығыс Қазақстанда қызметтік міндеттерді орындау барысында ішкі істер органдарының 36 қызметкерлері мерт болды.
— Әрине, біз олардың әкелерінің орнын баса алмаймыз, бірақ қаза болған әріптестеріміздің балалары еш нәрседен мұқтаж көрмей, еліміздің лайықты азаматтары болып өсуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін істейміз, – деп қорытындылады Рашид Жақыпов.