Қытай алғаш рет АҚШ ұйымдастырған теңіздегі Тынық мұхит шеңбері» жатығуларына қатысады.
Қытай кемелері алғаш рет АҚШ ұйымдастыратын теңіздегі «Тынық мұхит шеңбері» жатығуларына қатысады. Қытай Халық-Азаттық Армиясының «Цзефанцзюнь бао» газетіне сілтеме жасаған Интерфакс, Қытай жаттығуларға екі кеме, яғни, қамтамасыз ету кемесі мен жүзіп жүретін госпитальді және екі тікұшақты жолдайды, деп хабарлайды.
Жаттығуларды маусымның ортасында Тынық мұхиттағы Гуам аралының жағалауында өткізу жоспарланған. Сондай-ақ жаттығуларға Сингапур мен Бруней де өз кемелерін жолдамақшы.