Бүгінде ұялы телефоны, компьютері немесе банк карточкасы бар кез—келген адам кибер—қылмыскердің құрбанына айналуы мүмкін. Бүгінде күнделікті өмірдегі өте ыңғайлы жаңа жоғары технологиялар өте қомақты қаржыдан айырылып қалуға әкеліп соғатын құралға айналды. Полицияда ондай мысалдар жеткілікті.
Скиммер деп аталатын пысықайларды құрықтау – соның жарқын мысалы. Жұмыстың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, оларды құрықтау ешқашан оңай болған емес. Полицейлердің айтуы бойынша, олар ешқашан азаматтардың карточкалары туралы ақпарат алған елде олардың шотынан ешқашан ақша алмайды, өйткені қылмыс орнында ұсталып қалу қаупі өте зор.
– Біздің елімізде қылмыстың бұл түрі әзірше жаппай сипат алған жоқ. Мұндай оқиғалар жылына екі-үш рет орын алады, – дейді полицейлер. – Әдетте, мұнымен шетелдіктер айналысады. Тек Алматыда Ұлыбританияның, Литваның, Италияның азаматтары құрықталды. Жақында бізге Молдова мен Румынияның скиммерлері келді. Бұл қылмыстың мәні төмендегідей, скиммерлер бір елдің аумағында адамдардың карточкасындағы мәліметтерді арнайы құралмен көшіріп, артынан оны басқа пластикке, яғни, көшірме-карточкаға аударады, ал ақшаны басқа елдің аумағында шешіп алады. Сондықтан құқық қорғау органдарына жәбірленушілердің шағымдары бойынша жедел шаралар қолданып, қаскүнемдерді қылмыстың ізін суытпай құрықтау өте қиын.
Скиммерді (ақпаратты көшіретін құрал) алғаш пайдалану Англияда тіркелген. Содан кейін бұл құралды жасау және пайдалану жөніндегі нұсқаулық дүниежүзіне тарады. Әдетте, скиммер өзіңіз карточкаңызды салып, PIN-кодыңывзды теретін банкомат пернетақтасынажәне картридеріне тікелей жапсырылатын құрал түрінде болады.
Қазақстан тарихында полицейлер қылмыстың осындай түрі үшін біздің елдің бір ғана азаматын құрықтаған. Тергеу барысында оның бұдан бұрын ұзақ уақыт Ұлыбритания мен АҚШ-ты ұзақ уақыт мекендеп, оқығаны анықталды. Кезбелерге, яғни, гастролерлерге, келетін болсақ, полицейлердің сөзіне қарағанда, олар асықпай әрекет етеді. Кейде олардың операцияларын анықтауға жарты жылға дейін уақыт кетеді. Кезекті жорыққа шығу үшін, алаяқтар кәнігі әскерилер іспетті, алдымен барлау жүргізеді. Елге әдетте саяхатшы ретінде келген олар асықпай қала көшелерін аралайды, банкоматтардың техникалық сипаттамасын, адам көп жүретін, ең бастысы, қалталылар мекендейтін аймақты мұқият зерттейді. Маңыздысы, скиммерлер өз қызметі үшін жеке тұрған банкоматтарды пайдаланып, сауда үйлерінде, тікелей банктерде тұрған банкоматтарға жоламайды. Бұл жерлерде олардың «жұмысына» бейнебақылау камералары мен күзетшілер кедергі келтіреді. Көп ретте скиммингтік құрал таңертең ерте қойылады. Алғашында алаяқтар олар адамдардың күдігі туған-тумағанын білу үшін мұқият бақылайды, артынан бірнеше сағатқа қалдырып кетеді. Осы кезде қанша адамның банкоматты пайдаланытын және олардың кейін қаншама ақшадан айырылатынын елестету қиын емес шығар. Айтпақшы, скиммерлердің бұлжымас ережесі бар, олар мәлімет алған елде карточкадан ақша шешпейді. Полицейлер құрықтаған бір топ мәліметтерді Алматыда көшірген, карточкалардың көшірмелерін Еуропада дайындап, ал ақшаны Оңтүстік Америкада шешіп отырған.
– Біз жедел шаралар құпиясын аша алмаймыз, бірақ бізге басқа мемлекеттердегі әріптестеріміз жиі көмектесіп тұрады, – тәртіп сақшылары. – Әдетте, топ мүшелері полицияның тіркеуіде тұрды. Олардың мемлекет шекарасынан өткені анықталысымен, қандай көлік түрімен өткеніне қарамастан, әріптестеріміз бізге хабар беріп, қажетті мәліметтерді жолдайды. Мұнда біз оларды күтіп алып, қылмыс үстінде құрықтағанша аңдимыз. Кейде банкоматтарды пайдалану кезінде банк клиенттері де қитұрқылықты байқап қалады. Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі, өйткені алаяқтықтың мұндай технологиясын барлығы бірдей біле бермейді.
1. Өзіңіздің түйсігіңізге сеніңіз. Мүмкін, сіз өзіңіздің секеміңізді тудырған қандай да бір ерекшелікті байқаған шығарсыз. Ол бұрыштан шығып тұрған сым, карта қабылдағыштағы банкоматқа келіңкіремейтін ерекше пластик, үйреншікті емес жерге орнатылған камера немесе бірнеше камералар, ерекше түймешелер түрінде болуы мүмкін. Ол не болса да, егер секемденсеңіз, басқа банкоматты пайдаланғаныңыз абзал.
2. Банкоматта айна, жарнама орналастыруға арналған оғаш ілгектердің және басқалардың болмауын мұқият қараңыз. Банкоматта артық ешнәрсе болмауы керек. Ешқандай айна, алабөтен көлемдегі пластикалық қаптамаға салынған жарнама,ешқандай пластмасса қораптар және басқалары. Мұндай қосымша заттар қаскүнемдерге камераны жасыру үшін қажет.
3. Пластикалық карточкадан қолма—қол қаржы алу үшін бір ғана банкоматты пайдалануға тырысыңыз.Егер сіз ұзақ уақыт бір банкоматы пайдалансаңыз, онда, мардымсыз өзгерістің өзін бірден байқайсыз. Бұл сіздің алаяқтардың құрған қармағына түспеуіңіздің ықтималдығын апрттырады.
4. Бейнебақылауға алынған банкоматтарды пайдалануға тырысыңыз. Клиенттердің пластик картасындағы мәліметтерді ұрлау мүмкін болу үшін, банкоматқа скиммер орнату қажет. Әрине, оны бейнебақылау камерасымен жабдықталмаған банкоматтарға білдіртпей орнату жеңілдеу. Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін клиенттерді бейнетаспаға жазатын банкоматтарды пайдалануды ұсынамыз. Оны білу қиын емес, ондай банкоматың жоғары жағында камера орнатылған, сондай-ақ, бұл турасында банкоматқа тиісті жарнама орналастырылады.
5. Банкоматқа скиммер немесе камера орнатылғаны туралы күдігіңізді тексеруге ұялмаңыз. Скиммер – тез және оңай алынатын құрал. Егер сіз карточка қабылдайтын құрылғыдан күдіктенсеңіз, оны орнына қозғалтып көріңіз. Мұндай әрекет бірде бір банкоматтың шынайы құрылғысына әсер етпейді, ал скиммердің жұлынып қалуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл кеңес жарнамның және тағы басқа заттың артына тығылған камераға да қатысты. Естеріңізде болсын, ол банкоматтың жоғары жағына орналастырылып, клиентің бетіне қаратылған камера қатысты емес.
Егер сіз күмәндансаңыз, бұл жөнінде банктің ресми өкілдеріне хабарлаған жөн. Әдетте, бір банк жүйесіндегі банкоматтар біркелкі болып, олардың сыртқы пішіні өзгертілмейді. Егер сіз банкомата «жаңа» және күдікті заттар байқасаңыз, жоғарыда айтылған кеңестерді пайдаланыңыз. Сонда сіз өз қаражатыңызды сақтайсыз, ал егер банкоматта көрсетілген телефондар бойынша өзіңіздің күдігіңіз жөнінде банктің тиісті қызметіне хабарласаңыз, сіз басқа клиенттердің алаяқтардың құрбанына айналмауына көмектесесіз. Банкоматтың қай жерде орналасқанын және не нәрсенің сіздің күдігіңізді тудырғанын хабарлаңыз.