Бүгін, маусымның 24-і күні Мейрам Смағұлов Қарағандының әкімі қызметінен кетті. Ол өз еркімен жұмыстан шығару туралы өтініш жазды.
Осыған орай өңір активінің қатысуымен отырыс өтті. Қала басшысының отставкаға кетуінің себебі айтылмады, деп хабарлады nv.kz.
Босаған орынға әзірге ешкім тағайындалған жоқ. Мейрам Смағұлов Қарағандыны бір жарым жылдам астам уақыт басқарды. Оған дейін ол облыстық құрылыс басқармасының басшысы болған.