Беларусь елінде жатыпішерлер туралы заң қабылдануы мүмкін, деп хабарлады 24.kz арнасы.
Тегін медициналық қызмет көрсету, тегін оқу, қоғамдық көліктердегі жеңілдіктерді салық төлейтіндер де ел қазынасына бір тиын салмайтын жұмыссыз, жатыпішерлер де тұтынады. Бұл әділеті емес дейді мемлекеттік органдағылар. Егер бұл заң қабылданса, жұмыссыз азаматтар отбасылары қолданатын әлеуметтік және басқа да мемлекеттік шығындар үшін жылына 260 АҚШ доллар өтемақы төлейтін болады. Қазір мамандар бұл заң қабылданған жағдайда мемлекет экономикасына түсетін пайданы есептеп жатыр. Себебі жатыпішерлерді іздеп, оларды тіркеу үшін де қаражат керек. Ал халық арасында бұл заңды жақтаушылар да, даттаушылар да бар.