Ақтау қалалық соты сеніп тапсырылған 1 млрд теңгені ысырап еткен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ–сы Маңғыстау облыстық филиалының бұрынғы банк басшысына және қызметкерлеріне (барлығы 7 адам) қатысты қылмыстық үкім жарияланды.
«Іс материалдарына сәйкес, олар Маңғыстау облыстық Халық банкі филиалының қызметкерлері бола тұра, алдын ала өзара сөз байласып, өздеріне сеніп тапсырылған 992 407 406 теңгені пайдақорлық ниетпен ысырап етіп, аса ірікөлемде залал келтірген», — делінген Ақтау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ақтау қалалық сотының судьясы Галина Айжарықованың үкімімен операциялар басқармасы басшысының орынбасары Мендалиева ҚР ҚК-нің 176 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса 3р3 к-лемде иеленiп алу немесе ысырап ету) кінәлі деп танылып, оған осы баб бойынша 9 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленіп, банк жүйесіндегі қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге дейін айырылды.Сот үкіміне сәйке жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.
Осыған ұқсас үкім қайта сесептеу кассасы бөлімінің бұрынғысы басшысы Айдарова қатысты шығарылды. Ж.Айдароваға қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол сот залынан қамауға алынды.
Банктің бұрынғы жетекші кассирі Гуренович ҚР қылмыстық кодексінің 28- және 176-баптары бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол ол 3 жылға дейін банк жүйесінде жұмыс істеу құқығынан айырылды.Сондай-ақ Гуреновичке қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол да сот залында қамауға алынды.
Қайта есептеу кассасының бұрынғы кассирі Р. Ахметова 5 жылға, ал банктің бұрынғы кассирлері Р. Ембергенова мен Ж. Күшбаева әр қайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Атап айтарлығы, оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63 бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп саналып, үш жылға сынақ мерзімі белгіленген.
Қазақстан Халық Банкі» АҚ–сы Маңғыстау облыстық филиалының экс-директоры Кутепов Сергей Васильевич Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 232 бабымен кінәлі деп танылып, оған өзінің міндеттеріне немқұрайды қарағаны үшін бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 852 000 (бір миллион сегіз жүз елу екі мың) теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сотталғандар банк филиалына 992 407 406 теңгғңе көлемінде залал келтірген. Тергеу барысында 156 млн теңге қайтарылып, шамамен 120 млн теңге сомасында тұратын 8 пәтер мен 4 автомашинаның пайдаланылуына шектеу қойылды.
1 АЕК = Т1852.