Ақ түсті жеңіл көліктің әйел-жүргізушісі Ақтау қаласындағы ықшамаудандардың бірінде көлік кептелісінің туындауына себеп болды, деп хабарлады lada.kz. Оқиғаның бейнежазбасы Интернетте жарияланып үлгерді. Жазбаға қарағанда, әйел-жүргізуші ұрыс-керіс шығарып, өзіне қарсы келген Toyota Camry автокөлігіне ұзақ уақыт бойы жол бермей қойды.
Жол талғамайтын көлік мінген тағы бір жүргізуші дау-дамайдың аяқталуын күтпей, даукес әйелдің көлігін бордюр арқылы айналып өтті.
Бейнероликті YouTube қызметіне маусымның 18-і күні Джони Актау деген есіммен тіркелген пайдаланушы жариялаған, алайда бұл оқиғаның Ақтаудың қай ықшамауданында болғаны айтылмайды.
Оқиғаны түсіріп тұрған ер адам мен әйел адам өзара әңгімеде «бір әйелдің кесірінен он еркек тұрып қалды», деген пікір білдіреді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақтаудағы 13-ші ықшамауданда Jeep Wrangler мен Toyota Camry автокөліктерінің жүргізушілері өзара сөзге келіп, жол қозғалысына кедергі туғызған болатын. Нәтижесінде Jeep Wrangler көлігінің жүргізушісі темір құбыр кесіндісімен соққыға жығылып, оның қарсыласы тұтқындалған болатын.
http://youtu.be/ViE9o6QgHSQ