Бүгін Израильде миллиардер Александр Машкевичтің әкесімен қоштасу және жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Естеріңізге салсақ, Машкевичтің әкесі кеше кешкісін қайтыс болды.
Қолда бар ақпаратқа сай, Александр Антонович соңғы кездері 95 жастағы әкесі Антон Азарьевич Машкевичпен бірге болған. Қазір миллиардер өзінің бұрын жоспарланып қойған барлық іскерлік сапарларын кейінге шегерді. Әкесін жерлеу рәсімі бүгін, 11 маусымда өтеді.
Александр Машкевичтің әкесі 95 жаста болған. Антон Азарьевич 1919 жылғы 3 наурызда Литвада дүниеге келген, мамандығы бойынша дәрігер. Анасы Рахель Иоффе Витебскінің тумасы, Қырғызстанда белгілі адвокат болған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық есеп депозитариінің тізімінде «ЕҚӨК» АҚ-мен жақын байланысы бар адам ретінде (ірі акционердің әкесі ретінде) тіркелген.
ERG Тобының құрамына «Алюминий Қазақстан» АҚ, Қазақстандық электролиз зауыты, «Қазхром» Трансұлттық компаниясы АҚ, «ССГПО» АҚ кәсіпорындары кіреді.