62 000 доллар – бұл шетелден келген гомосексуалистер үшін Қазақстандағы эмбрион бағасы. Испаниядан келген гейлер жұбы «мейірімді адамдар»болып көрініп, нәресте асырап алуға көмек бергендерге осындай сома ұсынған. Олар тіпті, Қазақстан заңдары бойынша дәстүрлі емес бағыттағы жұптарға суррогаттық ана қызметін пайдалануға тыйым салынғанына да қарамаған.
2012 жылы испаниялық гейлер жұбы «Центр ЭКО»ЖШС-іне «бала жасап беру» жөнінде өтініш білдірген. Дәрігерлер келіскен, сөйтіп «әкелерден» материал алып, донордың аналық жасушасын ұрықтандырып, ұрықты өсіріп, суррогаттық ананың жатырына салып берген. Барлығы дұрыс сияқты, бірақ бұл жерде бірнеше заңның талаптары бұзылған. Біріншіден, Қазақстанда гомосексуалдық жұптарға мұндай қызмет көрсетуге тыйым салынған. Екіншіден, суррогаттық ана қызметінің бағасы, ай сайын асырауды қосқанда, 62 000 емес, 14 000-нан 35000 долларға дейін бағаланады.Үшіншіден, дәрігерлік құпия бұзылған, ал бұл Денсаулық Кодексі бұзылған деген сөз. Ең сорақысы, суррогаттық ана келісім шарттарын орындамай, балаларды беруден бас тартқан.
Испанияда суррогаттық аналыққа тыйым салынған. Сондықтан Испанияда тұруға рұқсаты бар Галина Костюкова дегенбіреу гейлерге «толыққанды отбасын» құруға көмек беруді ұсынған.Сөйтіп, ол «қызуқанды» жігіттерге репродукция институтының
басшылығымен кездестіруге уәде беріп, испандықтардан бар-жоғы 40 000 доллар алған. Бұл ақшаның бір бөлігін Галина медициналық орталыққа аударуы тиіс еді.Риза болған жігіттер (оларға Қазақстанда бала туғызып беру жөнінде уәде берген) бәріне дайын болатын. “Бәрі” дегеннің артында тағы 22 000 доллар тұрған еді, оны испандықтар барлық рәсімдер аяқталған соң, яғни, баланы алу кезінде төлеуге тиіс еді.
Бұл келісім әу-бастан-ақ заңсыз болатын. Өйткені «Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің 98-бабының 2-бөліміне сәйкес, мұндай әдісті қолдануға тек ресми некеде тұрған азаматтар пайдалануға құқылы, ал Қазақстанда біржынысты некелер заң жүзінде танылмайды.
Келесі заң бұзушылық — жатырына эмбрион салынған суррогаттық ананы таңдау кезінде орын алған.Суррогаттық ана болу туралы келісім тармақтарының бірінде былай деп көрсетілген: «эмбрион салынған әйел балаға, ата-анаға туыс және биологиялық ата-ана болмауы тиіс». Алайда ЭКО орталығында Әсел (есімі өзгертілген) деген донорға оның өзінің аналық жасушасыненгізген (бұл әйел бұрынырақ орталыққа өзінің материалын өткізген, яғни, арнайы испандықтар үшін емес). Шамасы, дәрігерлер ұрықтың сәтті өсіп, сәбидің дүниеге келетіні жөніндегі100 пайыздық кепілдікке қол жеткізбек болған шығар. Өйткені, ондай жағдайда клиника өзіне тиесілі 22 000 долларды анық алар еді.
Екінші заң бұзушылыққа дәрігерлер эмбрион жатырға салынғаннан кейін 5 айдан соң жол берген – ЭКО орталығы қызметкерлерінің бірі Әселге оның өзінің және шетелдік клиенттердің балаларын көтеріп жүргенін айтып қойған. Сөйтіп, әйелдің бойында аналық сезімоянып, ол балаларды беруден бас тартады. Испандықтар ашуға басты – 40 000 доллар төленді, келісім орындалуға тиіс! Енді олар осы істі ұйымдастырған Костюкованың тарапынан жасалған алаяқтыққа полицияға, прокуратурға шағымданады, бірақ «маңғыт — ауызыңа саңғыт» демекші, ештеңе өндіре алмайды.
Құқық қорғау органдары қылмыс құрамы болмағандықтан испандықтардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды. Қайдан шыққан алаяқтық? Шағымды қабылдаған подполковник Нәбиев тексеру жүргізуге негіз таппаған. Дегенмен, басшылық басқа шешім қабылдайды: іс өндіріске қабылдансын, Нәбиев жауапкершілікке тартылсын. Сөйтіп, іс осымен бітіп, тергеу басталмай жатып аяқталады.
Бір қызығы, суррогаттық ана Әсел де клиникамен соттасуға талпыныс жасайды. Өйткені ол да арбауға ұшыраған. Егер балаларға тапсырыс бергендердің гейлер жұбы екенін әу-баста білгенде, ол қызметтесуден бас тартушы еді, бірақ шағымданудан нәтиже шықпады.
Бұл жерде екі жеп, биге шыққан — ақшаны алған К. Галина мен клиника. Өйткені40 000 доллар мұндай «жоспар»үшін қомақты өтемақы. Арбауға ұрынған гейлер Испанияға ақшадан айырылып, құрқол қайтты, қазақстандықтар да зардап шеккен жоқ.
Бұл оқиғада егіз қыз туған Әсел ғана есесін жіберіп алды. Ол өзін алдаған клиниканы бүлдіршіндерді асырауға жәрдемақы төлеуге міндеттеуге тырысқан еді, бірақ дегеніне қол жеткізе алмады. Дәрігерлер суррогаттық аналық туралы заңды және дәрігерлік құпияны бұзғаны үшін жауапкершіліктен жалтарып кетті. Олай болса, мұндай оқиғаның тағы да қайталануы әбден мүмкін.