Астана
Сейчас
-11
Завтра
-3
USD
512
0.00
EUR
541
0.00
RUB
4.73
0.00

Жетісу облысындағы жастар арасында нашақорлыққа қарсы іс-шаралар кешені ұйымдастырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында есірткі қылмысын еліміздегі өзекті мәселелердің бірі ретінде атап өтіп, әсіресе оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізіп, жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Осы мақсатта 2024 жылдың 11-18 қараша күндері аралығында «Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен облыстың 8 аудан 2 қаласында мектептерде оқитын жоғары сынып оқушыларымен ақпараттық кездесулер ұйымдастырылды. Онда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік пен ескірткі қолданудың жастардың денсаулығына тигізер зияны кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.

Айтулы іс-шараларға жалпы 500-ге жуық оқушы қатысты.

Сонымен қатар, ақпараттық рейдтер жүргізілді. Жетісу облысының 8 аудан, 2 қаласында 2000-ға жуық адамның қатысуымен 4000-нан аса брошюра таратылды, волонтерлермен және Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен нашақорлыққа байланысты антиграфити жұмыстары жүргізілді.         70 орталық алаңдарда, 43 саябақтарда, 166 дүкендерде, 20 сауда кешендерінде, 80 кафелерде ақпарат таратылды.

Атқарылып жатқан жоба бірнеше мақсатты аудиторияға, соның ішінде мектеп оқушыларына, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және БАҚ өкілдеріне бағытталған. Бастама шеңберінде есірткінің зияны туралы хабарлауға бағытталған түрлі іс-шараларға кемінде 1000 адам тарту жоспарлануда. Бұл бағдарламаға буклет, брошюраларды, үлестірме материалдарды, бейнероликтерді және әлеуметтік желілердегі жазбаларды тарату арқылы 100 000-нан астам адам қамтылады.

© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (771) 228-04-01
050013, Республика Казахстан г. Алматы, мкр. Керемет, дом 7, корпус 39, оф. 472
Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter